400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан темір дәуірінде. Ежелгі Қазақстан жазба деректерде.

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы пәнінен


Сабақтың жоспары:

Сабақтың №8

Тобы











Күні












Cабақтың тақырыбы: Қазақстан темір дәуірінде. Ежелгі Қазақстан жазба деректерде.

Сабақтың мақсаттары.Білім беру: студенттерге темір дәуірінің негізгі сипатын , 
ерекшелігін,археологияық зерттелу жайын,оның нәтижелерін ашып көрсету.

Тәрбие беру: студенттерге адамгершілік тәрбиесін,еңбек тәрбиесін,патриоттық тәрбие беру.Білімді болуға,ата тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу, тарихи құндылықтарға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.

Дамытушылық: студенттердің ой-өрісін,жеке қабілеттерін дамыту.Ізденуге,зерттеу жұмыстарын өздігінен жүргізе алуға баулу.Тақырыпты қамтуға , тарихи кезеңдерге өзіндік баға беруге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың оқыту әдістері: талдау,топтау,жинақтау,жүйелеу.Құжаттар мен тарихи деректерді сөйлету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар, тірек-сызбалар.суреттер.

Сабақтың барысы мен мазмұны.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Сабақтың мақсаттары мен жоспарын хабарлау.

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІV.Жаңа сабақты түсіндіру.

V.Жаңа сабақты бекіту.

VІ. Қорытынды бағалау.

VІІ.Үйге тапсырма.

Үй тапсырмасын тексеру.

 Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? ( б.з.б. 2 мыңж.)

2)      Андрондықтардың сырт бет – бейнесін сипаттаған академик? ( В.Алексеев)

3)      Беғазы – Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? ( Орталық Қазақстан)

4)      Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? ( 1946 жылы)

5)      Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы ( Ә.Марғұлан)

6)      Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? ( 3)

7)      Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? ( Орталық және Батыс Қазақстан)

8)      Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? ( өзендердің жағасында)

9)      Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай – қандай? ( 2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер)

10)  Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды?( Шығыс Қазақастан Мало – Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу)

11)  Қола шалғы табылған жер? ( Көкшетау жеріндегі Шағалалы)

12)  Өлген адамдарды қалай жерледі? ( мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)

Жаңа сабақты түсіндіру.

1 Көне парсы деректері

2 Көне грек авторларының шығармалары

3 Скиф данасы — Анахарсис

4 Қытай жазба деректері

5 Дереккөздер

Көне парсы деректері

Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, оң алдымен, деректер жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмыстышындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт береді. Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан саналуан.

Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі "Авеста"1 деген ісітап атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайынаарналған "Авеста" жырларының авторы Заратуштра ("Кәрі түйеші" деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан.

Басында Айға, Күнге, отқа, суға табынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді. Заратуштра уағыздарының Қазақстанныңежелгі тұрғындарының тарихын, мәдениетін танып білуде маңызы зор. Онда шығыс ирандық көшпелі тайпалар "турлар" деген жинақ атаумен беріледі. Сонымен қатар "Авестада" "сайримдер", "дахтар" деген тайпалар туралы да айтылады.

Tурлар мен арийлер арасындағы шым-шытырық оқиғалар Әмудария мен Сырдария, Каспий мен Арал, Еділ мен Кама өңірлерінде өрбиді. Бұл "әнұрандағы" кейіпкерлер доңғалақты арбаларға мінген. Олардың қарулары — садақ пен жебе, найза, айбалта, кәсібі — мал өсіру (өгіз, жылқы және түйе), тамағы — ет пен сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға жылқы, сиыр, қой әкелетіндігі баяндалған.

Көне грек авторларының шығармалары

Геродот

Келесі кезекте — Ежелгі Қазақстан жөнінде ең көп хабар жинақтаған антик (көне грек) авторларының шығармалары. Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі деректердің ішінен Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі грек тарихшысы Геродотты (біздің заманымызға дейін 490 және 484—425 жылдардың арасы) ерекше атауға болады. Геродот грек авторларының көпшілігі сияқты сақтарды "азиялық скифтер" деген терминменатайды. Скиф атауы Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі тайпаларына қатысты қолданылады. Грек деректемелерінде басқа да тайпа атаулары кездеседі. Мысалы, массагеттер, сарматтар (савроматтар), аргиппейлер, аримаспылар, исседондар және т.б. Геродот массагеттерді Каспий теңізінен шығыска қарай, Сырдарияның (Аракстің) арғы жағына орналастырады. Сақтар мен массагеттер еліне жасалған Дарийдің, Кирдің жорықтарын егжей-тегжейлі әңгімелейді.

Бұл тайпалар жайлы Страбон еңбектерінен де табуға болады. Ертедегі грек географы әрі тарихшысы "География" еңбегінің авторы Страбонның (біздіңзаманымызға дейін 64 — біздің заманымызда 23 жылдары) мәлімдеуіне қарағанда, Каспий теңізінің шығысына қарай тұратындар массагеттер мен сақтарделінеді. Ал қалғандарын Страбон жалпылама скифтер деген атаумен береді. "Бірақ әрбір тайпаның дербес атауы бар. Олардың арасындағы барынша белгілілер: асиилер, пассиактар, тохарлар, сакаравилер. Массагеттер тек Күнді ғана Құдай деп санайды және оған құрбандыққа жылқы шалады... аттылы-жаяу жақсы жауынгерлер. Ұрысқа алтын белдік тағып шығады. Аттарына алтын жүген салады. Оларда күміс жоқ, темір аз, бірақ қола мен алтын өте көп.Егіншілікпен айналыспайды, қайта номадтар (көшпенділер), скифтер сияқты мал бағып, барлық аулап тіршілік етеді", — деп жазды.

Скиф данасы — Анахарсис

Анахарсис

Анахарсис өз Отанында тамаша тәрбие алып, ана тілін жетік меңгергендігімен қатар грек тілін де жақсы білген. Ол өзінің скиф және эллин халықтарының өмір-тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпы, кәсібі туралы 800-ден астам еңбектері бар. Анахарсис Солон арқылы афинылықтардың салт-дәстүрімен, заңымен, мемлекет құрылысымен тереңірек танысады. Скиф данасы көне грек ойшылдарын, грек мәдениеті мен өнерін біліп қана қоймай, оларға сын көзбен қараған. Оныңкөзқарастарынан далалықтардың дәстүрлі дүниетанымы байқалады. Анахарсистің даналық сөздерінің болмыс бітімі қазақтың белгілі шешен-билерінің сөздерімен қабысып жатыр. Эллин жерінде жүрсе де, тұрмыста скифтерше өмір сүреді.

Қытай жазба деректері

император У-ди

Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (біздің заманымызға дейін 140—87жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы "Батыс өңір" деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды.

Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.Чжан Цянь бастаған елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақжасау міндеті жүктелді. Ол елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін пазар аударып, жазып алып отырды.

Әулеттердің тарихын жазушылардың ішінде У-ди императордың басты жылнамашысы "Қытай тарихының атасы" Сыма Цянды (біздің заманымызға дейін 145—86 жылдары) бөліп көрсетуге болады. Оның "Тарихи жазбалар" ("Шицзи")деген еңбегінің "Сюнну туралы хикая" және "Давань туралы хикая" деген екі тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Мазмұны жағынан Геродоттың Қара теңіздің жағалауындағы скифтер туралы баяндауларына ұқсас.

Жаңа сабақты бекіту.

1.Төменде аталғандардың қайсысы жазба деректерге жатады?

А) заңдар Б) эпос С)жұмбақтар Д) киім –кешек

2. Гомердің «Илиада» поэмасы бойынша қай қаланың орны табылды?

А) Баласағұн Б) Троя С) Афины Д) Александрия

3. Халықтардың тұрмыс-тіршілігін, рухани мәдениетін, шежіресін зерттейтін ғылым саласы?

А) археология Б) этнография С) анторпология Д) топономика

4. Тарихи деректер нешеге бөлінеді?

А) 5 Б) 4 С) 3

5. Тиындардың, ақша айналымы тарихын зерттейтін тарихи пән?

А) геральдика Б) нумизматика С) анторпология

6. Адамзаттардың өткен өміріне қатысты әр түрлі мәліметтерді не деп атаймыз-?

А) Шежіре Б) Жылнама С) Тарихи дерек


Қорытынды бағалау.

Үйге тапсырма.§ 6. Тақырыпты оқу. Ізденіс жұмысы.


Сабақтың жоспарын дайындаған оқытушы: Оңланбекова Жанар Мұратқызы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
996
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі