400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
• тас дәуіріндегі археологиялық ескерткіштерді картадан анықтайды, еңбек құралдарын атап береді Оқушылардың басым бөлігі: • археологиялық ескерткіштерді кескін картаға түсіреді, еңбек құралдарын қолданылуын сипаттайды Кейбір оқушылар: • палеолит кезеңінің ескерткіштері негізінде Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдардың өмірін сипаттайды
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰМЖ: 5.1 А Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Мектеп: «№27 ЖОББМ»КММ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Болыскенова Роза Болыскенкызы

Сынып: 5

Қазақстан тарихы

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы

Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары

Зерттеу сұрағы: Археологтар Қазақстан жерінен тас дәуіріне жататын қандай олжаларды тапты?

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

5.4.2.1 еңбек құралдары мен қару-жарақ түрлерін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • тас дәуіріндегі археологиялық ескерткіштерді картадан анықтайды, еңбек құралдарын атап береді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • археологиялық ескерткіштерді кескін картаға түсіреді, еңбек құралдарын қолданылуын сипаттайды

Кейбір оқушылар:

  • палеолит кезеңінің ескерткіштері негізінде Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдардың өмірін сипаттайды

Бағалау критерийі

Тас дәуірінің еңбек құралдары мен қару-жарақ түрлерін сипаттайды


Тілдік мақсат

Оқушылар: Археологтар Қазақстан жерінен табылған тас дәуіріне жататын олжаларды сипаттайды.

  • Мәтіннен Қазақстандағы алғашқы палеолиттік ескерткіштер ашылуы (оқылым дағдысы)

  • Артефакт, тұрақ ұғымдарын ажырату (жазылым дағдысы)

  • Тас дәуірінің тіршілігі, кәсібі, еңбек құралдары туралы суреттер арқылы әңгіме (тыңдалым дағдысы)


Негізгі сөздер мен тіркестер

Үшкір тас, шапқы, қырғыш

Талқылауға арналған тармақтар

Алғашқы адамдардың өмірі туралы қайдан білеміз?

Қаратау жотасын мекендеген ежелгі адамдардың өмірі қандай болған?

Архиологтар тапқан олжалар туралы не айта аламыз?

Неліктен бұл құралдарды адамдар жасады?

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Бұл еңбек құралдарын адамдар тастан жасады, себебі....

Нуклеус,шапқы, қырғыш, тескіштер,бұрғылар, сүйектен жасалған еңбек құралдары барлығы, ........ жасалды, себебі ...........

Құндылыққа баулу

МЕ «Жалпыға бірдей еңбек» құндылығына баулу

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек, дүние жүзі тарихы

Алдыңғы оқу

Қазақстан жерін мекендеген ежелгі адамдардың тас ғасырындағы өмірі қандай болғаныны туралы түсінік қалыптасқан. Алғашқы еңбек құралдарды атай алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

( 15 минут)


2 - минут






7- минут








4- минут








2 минут






Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды

түгендеу,сабаққа дайындығын қадағалау)

Оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында шаттық шеңберін өткіземін. 1 минут

Топтастыру

Оқушыларды ІІ топқа топтастыру үшін алдыңғы сабата өткенді еске түсіру мақсатында теріс тұрған карточкаларды кезекпен аударып шыққан сөздер бойнша топтасады 1-топ: «терімшілк» 2-топ: «аңшылық» топтасты

Тапсырма 1 Әр топта пайда болған сөздердің мағынасын жазады, қорғайды.


Тапсырма 2.

(Суреттегі еңбек құралдарының табылған аймақтарын анықтап, археолог-ғалымдардың атын ата)


(ҚБ) Бағдаршам.


Жаңа тақырыпты, мақсатымен таныстырып өтемін.

Сұрақ қою арқылы тақырыпты ашамын.

1. «Археолог» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2. Тас дәуірінде адамдарға тамақ табу үшін не қажет болған?









Қиылған әріп, буындар









Карта

Ортасы

(20 минут)


10 минут










2 минут



2 минут

















6 минут

Тапсырма 3.Тарихи концепт: «Маңыздылық»(Ж, Т)

1—әрекет. «STOP-кадр» әдісін қолдана отырып, Оқушыларға 3минуттық шағын бейне фильм көрсетіліп, талданады (жекелей).

Талдау сұрақтары:

1-топ: А.Медоев пен Х.Алпысбаевтың жүргізген археологиялық зерттеулері

2-топ: археологиялық зерттеулерін салыстыру.

«Т» кестесі (Тарихи концепті. «Ұқсастық пен айырмашылық»)

ҚБ «Пікір алмасу» (Showdown) арқылы бағалау. (әлеуметтік психо-моторлық аспект)


Тапсырма 5.

«Эйфель мұнарасы» Фундаменті берілген ( тас дәурінің тұрақтары) оқушы ары қарай маңыздылығына, өзгешелігіне қарай Эйфель мұнарасын толықтыра түседі. ( 4-5 саты Кейбіреуіне 6-7 саты құру тапсырылады) ( тапсырма арқылы саралау)



.ҚБ


Тапсырма 4.

(Т) Тарихи концепт "Дәлел"

Оқулықтағы суретпен жұмыс. Суретті сипаттаңдар.

Барлық оқушыларға:

Оқушылардың көбіне:

Адамдар өміріндегі өзгерістерді анықтаңыздар.








К ейбір оқушыларға: Еңбек құралдарға сипаттама беріңіздер. алғашқы адамдардың еңбек құралын жетілдіруінің қандай тәрбиелік мәні бар? ( МЕ жалпыға бірдей еңбек қоғамы" құндылығы )


ҚБ Бағдаршам.

Оқушылар таңдаған түске қолдарындағы стикерлерін жабыстырады.

Қ ызыл түс-мен тығырыққа тірелдім, ештеңе түсінбей қалдым.

Сары түс-мен түсінемін,бірақ барлығы емес.

Жасыл түс- мен жақсы түсіндім және басқаға да түсіндіре аламын.


















Қазақстан тарихы 5-сынып.

19-бет.

Аяқталуы






5 минут














3 минут








2 минут






2 минут

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларымен жұмыс жасау.

Тапсырма 1.Кестедегі еңбек құралдарды сипаттаңыз.Берілген суреттерді ұғымдармен сәйкестендіріңіз.


Дескриптор.

-Тас дәуірінің еңбек құралдарын сипаттайды;

-кестедегі еңбек құралдарының атауын атайды;

-суреттер бойынша еңбек құралдарды сәйкестендіреді,

-Үшкір тас, шапқы, қырғыш еңбек құралдарының қолдану қызметін атайды;


Үйге тапсырма:

Мәтінді оқу. Термин сөздерді қолдана отырып, тас дәуіріндегі тіршілік жайлы әңгіме жазу.


Қосымша 1.

ҚБ тапсырманың жинағы .

Жоба.

8 бет

Қосымша ақпарат

Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

  • Топтағы жұмыс барысында «диалог және қолдау көрсету», Визуал,аудиал оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру видеофильм көрсетемін.. Барлық оқушылардың қатысуын қадағалау


  • «екі жұлдыз, бір тілек», «смайлик», «бас бармақ», «рефлексия пирамидасы»

  • Денсаулық сақтау педагогикасын, СЭС талаптарын сақтау

Рефлексия



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?









































Өзіндік талдау


5 сыныпта қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өтті.

Сабақ тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірінің тұрақтары. Онда барлық оқушыларды қамтыған мақсатпен қатар сыныптың басым бөлігі мен кейбір оқушыларға арналған мақсаттар қойылды.


Барлық оқушылар:

  • тас дәуіріндегі археологиялық ескерткіштерді картадан анықтайды, еңбек құралдарын атап береді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • археологиялық ескерткіштерді кескін картаға түсіреді, еңбек құралдарын қолданылуын сипаттайды

Кейбір оқушылар:

  • палеолит кезеңінің ескерткіштері негізінде Қазақстан территориясындағы ежелгі адамдардың өмірін сипаттайды


Мақсаттар анықталғаннан кейін сыныпта сабақ барысында жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында шаттық шеңберін ұйымдастырып, сабақ барысында балалардың белсене жұмыс істеуіне қолайлы жағдай үшін сыныпты екі топқа бөліп алдым. Әр топта пайда болған сөздердің мағынасын жазады, қорғайды. Келесі тапсырма бойынша оқулықта берілген суреттер арқылы еңбек құралдарының табылған аймақтарын анықтап, археолог-ғалымдардың атын ата) және бағдаршам әдісі арқылы бағаланады. Үй тапсырмасын орындай отырып оқушылардың өздері қорытынды шығарды.

Жоспар бойынша Жаңа тақырыпты, мақсатымен таныстырып өтемін. Онда

Сұрақ қою арқылы тақырыпты ашамын.Мысалы:

  1. «Археолог» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  2. Тас дәуірінде адамдарға тамақ табу үшін не қажет болған

Сабақ барысында оқушыларға келесі Тапсырма беріледі. Тапсырма Тарихи концепт арқылы беріледі. Мысалы: әрекет. «STOP-кадр» әдісін қолдана отырып, Оқушыларға 3минуттық шағын бейне фильм көрсетіліп, жекелей талданды

Талдау сұрақтары:

1-топ: А.Медоев пен Х.Алпысбаевтың жүргізген археологиялық зерттеулері

2-топ: археологиялық зерттеулерін салыстыру.




ҚБ «Пікір алмасу» арқылы бағалау жүргізілді. Топтағы жұмыс барысында «диалог және қолдау көрсету», Визуал,аудиал оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру видеофильм көрсеттім. Барлық оқушылардың қатысуын қадағаладым Тапсырмалардың қиындық дәрежесіне қарай әр оқушы өз деңгейін таңдады. Яғни, талантты және дарынды балаларды оқыту модулі жүзеге асты. Бұл тапсырмаларды орындаған соң , әр оқушы тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау парағына бағалады.

Сабақтың аяқталуына Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларымен жұмыс жасау. Онда -Тас дәуірінің еңбек құралдарын сипаттайды;

-кестедегі еңбек құралдарының атауын атайды;

-суреттер бойынша еңбек құралдарды сәйкестендіреді,

-Үшкір тас, шапқы, қырғыш еңбек құралдарының қолдану қызметін атайды;

Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс орнатып оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Қайық әдісі» қолданды. Кері байланыс арқылы өз ойымен өзгелердің ойын талдап,тұжырым жасауға бағыттайды.

Сәттілік:

Сыныпта психалогиялық ахуал туындату үшін шаттық шеңберінде ойлап табуда дарынды оқушым өзге балалардан дараланып шығып, өз есімінің екрешелігін бір ғана сөзбен жеткізе білген балалар болды.

Қиындық :

Оқушылардың ҚБ тапсырмаларды тандау да аздаған қиындықтар болды, себебі қиындығы табылған тастардың атын тауып сәйкестендіріп жауап беруі қиын болды .

Шығу жолы:

Оқушыларға тапсырмаларды тез орындап, ұпай жинауға болатыны жайында айтылып, сынып оқушыларынан мысал келтірілді.

Бұдан шығатын қорытынды, осылай сабақ жүргізудің тиімділігі – оқушылардың тарих сабағында ойын жүйелеуге, топпен жұмыс жасауға,ойын анық жеткізуге, ойлау өрісінің кеңейуіне жол ашатыны маған жағымды әсер қалдырды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
23 ақпан
1488
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі