"Қазақстан туған ел"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қазақстан туған ел"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды туған өлкеге отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып,отанды сүюге ,қорғауға ,қазақстан республикасын рәміздерін қастерлеуге ,балалардың сөздік қорын тақпақ ,мақал мәтел айту арқылы ой-өрісін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстан туған ел »

Мақсаты :Балаларды туған өлкеге отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып,отанды сүюге ,қорғауға ,қазақстан республикасын рәміздерін қастерлеуге ,балалардың сөздік қорын тақпақ ,мақал мәтел айту арқылы ой-өрісін кеңейту.
Әдіс тәсіл :Түсіндіру ,сұрақ- жауап .
Көрнекілік :Қазақстан ресбупликасының рәміздері суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі.

Музыкамен :Балалар ту және шар алып кіреді.

Ән ұран айтылады.

Тәрбиеші: Балалар бүгін көңіл-күйіміз қалай ? Балалар өте тамаша.

Тәрбиеші :Ауа райы қандай ?

Балалар : Өте жақсы .

Тәрбиеші: Осындай тамаша көңіл күйменен бүгінгі күнімізді бастайық .Қазір қандай мезгіл?

Бала :Күз мезгілі .

Тәрбиеші:Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер болады .?

Бала :Күн суытады ,жаңбыр жауады,ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі,құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Тәрбиеші:Осы айтқандарымызды қимылмен көрсетейікші .

Музыкамен:

Балалар бүгін қандай мереке?

Балалар : Республика күні.

Тәрбиеші:Балалар бүгін республика күні .

Жарқырап жанған күндей азаттығы

Көрінер ұлттымның да ғажаптығы

Республика күні құтты болсын.

Өйткені ол-ұлт кұні ,қазақ күні.

Балалар бүгін біз «Қазақстан туған ел » тақырыбында әңгіме жүргіземіз ,тақпақ ,мақал мәтелдер айтамыз. Қане бәріміз бірге отанға ,жерімізге, елімізге деген жылы лебізімізді білдірейік

Балалар :

Отан деген атамекен

Отан деген туған жер

Отан ана отан өлкем

Қазақстан туған ел.

Тәрбиеші:Балалар тақтаға қарайықшы рәміздеріміз ,біздің тұңғыш призидентіміз.

Ал енді мына тақтада нені көріп тұрмыз балалар . Балалар:күнді

Тәрбиеші: Күннің несі жеткіліксіз

Балалар. Шуағы.

Тәрбиеші: Күніміз көңілді болу үшін мен сендерге бірнеше сұрақтар қоямын сендер жауап берсеңдер күннің шуағы шашылады екен балалар.

Біз қай елде тұрамыз.?

Балалар : Қазақстанда

Тәрбиеші:Біз қандай ұлт өкіліміз?

Балалар. Қазақпыз.

Тәрбиеші:Балабақша атауы

Балалар : « Баязит ата» бала бақшасы

Тәрбиеші:Бүгін қандай мереке?

Балалар. Республика күні.

Тәрбиеші:Біздің тұңғыш призидентіміз кім?

Балалар :Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Тәрбиеші. Қазіргі призидент кім?

Балалар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Тәрбиеші. Біздің рәміздеріміз?.

Балалар: Ту ,елтаңба, ән ұран.

Тәрбиеші :Отан дегенді қалай түсінеміз?

Балалар. Біздің туып өскен жеріміз.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар міне күніміз жылуын ,шуағын шашып бізге рахметін айтып жатыр. Бізде күнге ризашылығымызды білдірейікші

Балалар :

Күннен жылуды аламын

Жүрегіме саламын .

Досыма мен сыйлаймын

Жақсылықты тілеймін.

Тәрбиеші :Балалар енді отанға ,жерге ,елімізге деген жыр шумақтарымызды аитайық.

Гүлсезім

Құтты болсын қазағым

Республика күні бұл

Мерейлі де тәуелсіз

Қазағымның үні бұл .

Алинұр

Қуат алған өзіңнен

Туған елдің ұлымын

Бақытты етіп өсірген

Отанымның ұлымын .

Раяна

Бақытты болып жүргенім

Сенің арқаң қазақстан

Елім менің жүрегім

Құшағыңда гүл ашам.

Ислам

Отан туған үйіміз .

Отан туған жеріміз.

Отан ортақ үйіміз

Көңілді әнмен жырымыз.

Медина

Көк аспанда алтын күн

Көк аспанда жас қыран

Естілгендеи біздің үн

Сол ғарыштың астында.

Димаш

Арқасында күнді алып

Қыранымыз самғап жүр

Көк туымыз желбіреп

Жермен көкті жалғап тұр.

Гүлбану.

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындаи көңілдің

Отада аспан әлемі

Асылым

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояауы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қяды.

Балауса

Барша халық таныған

Біздің үміт тілекті

Шырқалғанда ән ұран

Шаттық кернеп жүректі

Тәрбиеші. Ал балалар ержүрек ұлдарымыздың биін тамашалайық

Балым

Мен бақытты баламын

Шырқап әнге сала мын

Тәуелсіздік таңында

Жұлдыздай боп жанамын.

Аяжан

Көк аспанда көкпенбек

Қазақстан жалауы

Көк емес тектен тек

Елдің ашық қабағы .

Дамир

Отан сенің ата анаң

Отан досың бауырың.

Отан өлкең астанаң

Отан аудан ауылың

Әзірет

Жоғары қарап күн көрдім төмен қарап жер көрдім

Оңға солға бұрылып

Егенді ел көрдім

Мардан

Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл даланы

Ардақты атамекенім

Отаным қазақстаным.

Мақал мәтел

Дидар

Туған жердей жер болмас ,туған елдей ел , болмас.

Ибрахим

Азат елдің аспаны ашық.

Нурислам

Егемен елдің еңсесі биік

Аизере

Отансыз адам ормансыз бұл бұл.

Нурила

Өз елің алтын бесігің.

Сезім

Отан отбасынан басталады

Тәрбиеші.

Байтақ дала жерім менің

Арта берсін даңқың сенің

Көк баирағың желбіресін .

Егеменді елім менің дей отырып қыздарымыздың біз бақытты баламыз атты биін тамашалайық.

Құрметті тәрбиешілер балалар осымен республика күніне арналған , «Қазақстан туған ел»,тақырыбындағы тәрбие сағатымыз аяқталды еліміз аман жұртымыз тыныш болсын деп,

Бүлдіршіндеріміз бақытты болсын деи отырып қыздарымыздың «біз бақытты баламыз» атты биін тамашалаиық.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2025
93
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі