жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.(9 сынып)
Қазақстан тарихы. 9 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру негізінде 1929-1931 жылдары жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін түсінуге жағдай жасау;
Дамытушылық: Оқушылырды мәтінді өз бетімен меңгеруге, өтілетін тақырыпқа сай материалдарды іздестіріп, іріктеп сабақ үрдісінде қолдана білуге дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу;
Тәрбиелілік: Ұлт қайраткерлері мен үкіметтің солақай саясатына қарсы шыққан кісілердің іс-әрекеті негізінде оқушыны ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу. Өткенін біліп, келешегін болжай алатын ұрпақ тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Шаталов тірек-сызбасы, тірек сөздер стратегиясы, тақырып таңдау стратегиясы, салыстыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі, қазіргі өмір.
Көрнекі құралдар: 1. карта: «1929-1940жж. Қазақстандағы ұжымдастыру»
2. Тірек-сызбалар, кестелер.
3. слайдтар.
Сабақ барысы:
-
Оқушылардың қатысуы туралы ақпарат.
-
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
І. Қызығушылығын ояту.
«Даталарды білу» жарысы.
-
1925-1933жж – Ф.И. Голощекин Қазақстанды басқарды.
-
1928-1932жж. – КСРО-да 1-ші бесжылдық жоспар жылдары.
-
1927ж – Түрксіб қозғалысы басталды.
-
1925ж. – КСРО-да индустрияландыру бағыты жарияланды.
-
1930ж. – Екпінділер саны 10 мыңға жетті.
-
1935ж. – Түсті металлургия озаттарының съезі.
-
1939ж. – Қалаларда 375мың қазақ тұрды.
-
1931ж. – Түрксіб тұрақты пайдалануға берілді.
-
1930ж. 28 сәуір – Түрксіб құрылысы бітті.
Мотивация (ой қозғау). Тірек сөздер стратегиясы бойынша оқушылар оқиды, ойланады, айтады.

ІІ. Мағынаны тану.
Тақырып таңдау стратегиясы бойынша оқушылар тақырыпты таңдайды, оқиды, айтады.
Жоспары:
-
Ұжымдастыруға дейінгі қазақ ауылы.
-
Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.
-
Отырықшыландыру.
-
Байларды тәркілеу.
-
«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын».
-
1931-1933жылдардағы ашаршылық.
-
Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы.
-
Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы сталиндік үлгінің зардаптарына қарсы күрес.
Жаңа сабақтың жоспары бойынша тірек-сызба арқылы оқушылар дайындаған деректерінен ақпарат береді.
Оқушы: Ұжымдастыру алдындағы қазақ ауылының жағдайы туралы айтады.
Оқушы: Қазақтарды күштеп ұжымдастырудың зардабы туралы айтады.

Оқушы: Отырықшыландыру саясатының зардаптарына тоқталады.
(құрастырған кластерді пайдаланады).

Оқушы: Кәмпескелеудің қалай жүргізілгендігі туралы айтады.
(тірек-сызба бойынша).

Оқушы: Ет-мал салығының қазақтың қолындағы барынан айырғаны туралы карта бойынша айтады.

Мұғалім: Осындай себептер мен саясаттағы қателіктер, Голощекин сияқты басшылар мен белсенділердің асыра сілтеуінен 1931-1933жылдары Қазақстанды түгелдей аштық жайлады.
Оқушы: 1931-1933жылдардағы аштық туралы айтады. (тірек-сызба бойынша)

Татьяна Невадовскаяның «Қазақстан қасіреті» өлеңін оқиды.
Кім жіберді аштық деген пәлені?
Кім жауапты? Білгім келер соны мен...
Түйе мініп, атпен шапқан жан еді,
Малын айдап көшіп жүрген жөнімен.
Түгін қоймай сыпырды ғой қастықпен,
Болады екен осындай да сұм айла.
Бүкіл жұртты қырып-жою аштықпен,
Керек пе еді аллаға, әлде құдайға?
.... Аштық жайын еске алудың өзі мұң,
Шаншу-сұрақ мазалайды: Неліктен?
Бұл қорлыққа жетер қайтіп төзімің,
Жер бетінде жүре алмайсың өліктен...»
Мұғалім: Бұл сұмдықты Сталин, Голощекин сияқты ел басшылары біле отырып, жағдайды түзету үшін еш шара қолданбады. Елдің бас көтерер азаматтары бастарын қатерге тіге отырып, халықтың мұң-зарын, жағдайын басшыларға жеткізді. Ол азаматтар кімдер еді?
Оқушы: «Бесеудің хатымен» таныстырады.
Оқушы: Тұрар Рысқұловтың «Сізден аштыққа душар болған халқымның өмірін сақтап қалу үшін көмектесуіңізді сұраймын» деп Сталинге жазған хатының мазмұнымен таныстырады. Тұрар 1933жылы наурызда Сталиннің жеке қабылдауында да болған. Шерхан Мұртаза «Жанпида» мақаласында: «... осы ерлігі үшін Тұрарды құрметтеуге де, үлгі етуге де болады» деген пікір айтқан.
Оқушы: Бейбіт уақытта жарты халқы аштықтан қырылып қалу қасіреті ешбір халықтың басында болған емес, тек Қазақстанда ғана болғандығын, 1933жылы Голощекин орнынан алынып мемлекет басына Мирзоян келеді. Ашаршылық азайып, жағдай түзеле бастайды.
Оқушы: Шарулардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы туралы картаны пайдалана отырып айтып өтеді.
Оқушы: Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы сталиндік үлгінің зардаптарына қарсы күрес туралы айтады.
ІІІ. Ой толғаныс.
1 тапсырма:

2 тапсырма:

«Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті»
Мұғалім: мына сөздерге назар аударып, көңіл қойыңдаршы, нені меңзеп тұр?
Оқушылар:
-
Бұл сөзде бізге тарихымыз қандай қасіретті болса да ұмытуға болмайтындығын ескертеді.
-
Өткен тарихымыздан сабақ алып, қателіктерімізді қайталамауды меңзейді.
-
Құрбандарды ұмытпай, еске алып отыру керектігін білдіреді.
Шынында да біздің еліміз 1992жылдан бастап, 31мамырды «Ұлы нәубет құрбандарын еске алу күні» деп атап өтуде.
Үйге тапсырма: § 10 Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру тақырыбы бойынша «Ұмыту өткен тарихты, болашақ үшін қауіпті» атты эссе жазып келу.
Бағалау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
К.Аманжолов. Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы. ІІ бөлім.
-
Т. Көлбаев. Р.Әйтиева. «Ә.Әйтиев – ерлік пен қасіретке толы өмір» Алматы., 2006.
-
Ө.Озғанбай. Халық комиссары. Алматы., 2006.
-
Қазақ тарихы 2004ж. №4. 88бет.
-
Қазақстан тарихы әдістемелік журнал. 2010ж. №5. 20бет. №8. 35бет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген