400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістері
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары №6


Сабақ тақырыбы

11.3.4.6 - Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістері

Модуль /пән атауы

Информатика

Дайындаған педагог

Шыңғысова Айнұр Қуанышқызы

Күні


Курс, топ

1 курс

Сабақтың түрі

аралас

Міндеттер

2) электрондық үкімет порталының әлеуметтік -технологиялық саласында көрсетілетін қызмет түрлерін пайдаланады

3) ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау қажеттілігін негіздейді (Қазақстан Республикасының заңдары).

Мақсаты

2) әлеуметтік-технологиялық салада көрсетілетін қызметтерді пайдалану.

Күтілетін нәтижелер

Электронды үкімет порталында функцияларды пайдалану және ақпаратты және зияткерлік меншікті қорғау қажеттілігін негіздеу

Қажетті ресурстар және АКТ

www.BLIM.kz, интернет-ресурстары, оқу әдістемелік құралдар

«Информатика» жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сынып. В.Г. Архипова, Р.Г.Амдамова, Н.К.Беристемова, К.Б.Кадыракунов

Сабақтың барысы


Кезеңі / Уақыты

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурсы


  1. Ұйымдастырушылық және уәждемелік



1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.





Психологиялық ахуал

(7 минут)

1. «Миға шабуыл»

Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға суреттер көрсетіледі.



Мақсаты мен міндетін хабарлау

Cабақ мақсаттарын хабарлау:

Қазақстанда цифрландыру процесінің ағымдағы үрдістерін талдап, анықтау


  1. Теориялық және практикалық


2.1. Алдын ала білім

Жалпы қайталау

(13 минут)

«Нысанаға дәлде»

Өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап беру

«Кoнвepттeгi cұpaқ» әдici apқылы aлдыңғы бiлiмдi ecкe түcipу.  



2.2. Жаңа материалды зерттеу


2.3. Жаңа білімді практикада қолдану


Бекіту.

Бақылау жұмысы


(60 минут)

Жаңа сабақты түсіндіру

Шағын дәріс

  • Ақпаратты құқықтық қорғау.

  • Электрондық үкімет порталы.








Сабақ мақсаттары хабарланады.

цифландыруды;

Қазақстандағы цифрландыру процесінің заманауи процестерін білетін боласыңдар.

Оқулықпен жұмыс.

– Цифрлық технологияларды дамыту және енгізу жаңа мүмкіндіктерге жол ашаы және көптеген

басымдылықтар береді. Мысалы, халық пен бизнестің мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін

оңайлату, ақпарат алмасуды жеделдету, бизнесті жүргізуге арналған жаңа мүмкіндіктердің

пайда болуы, жаңа цифрлық өнімдер құру, т. б.

Қазіргі әлемдегі негізгі ұғымдардың бірі – «цифрландыру» ұғымы. Қазіргі уақытта

«цифрландыру» ұғымы тар әрі кең мағынада қолданылады. Цифрландырудың бар мағынасы көп

жағдайда шығындарды төмендетуге, жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына,

т.б. әкелетін ақпаратты цифрлық түрге түрлендіруді білдіреді.

Мәтіннің әр бөлігіне түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Негізгі ұғымдардардың мағыналары

түсіндіріледі.

Сұрақтарға жауап беру.

1. Цифрландыру деген не?

2. Цифрландыру мүмкіндіктерінің негізгі алғышарттарын ата.

3. Қазақстанда цифрландырудың қандай негізгі қауіптері бар?

4. Тар мағынадағы цифрландыруға мысал келтір.

5. «Цифрлық Қазақстан» программасының қолданылуына мысалдар

келтір.

6.Өзіңе Қазақстанда қолданатын қандай чат-боттар белгілі?

Жұптық жұмыс.

№1 тапсырма: Сөздің тар мағынасында цифрландыру нені білдіреді?

Ақпаратты сандық түрге түрлендіруге және экономикалық тиімділік пен өмір сүру

сапасын жақсартуға әкеледі.

Географиялық бөлінген ақпараттық ресурстарды біріктіретін телекоммуникациялық

инфрақұрылымды құруға және дамытуға бағы талған процесс.

Ақпараттық ресурстарға жедел қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар

кешені.

Қоғам мен адам өмірінің барлық саласына ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану.

Топтық жұмыс.

Әр топтың оқушыларына оқулық, мұғалім дайындаған мәтін, бейнефрагменті бар дербес

компьютер сияқты әртүрлі ақпарат көздерін қолданып тақырып материалымен танысу

ұсынылады. Содан кейін топтық жұмыс барысында ақпарат жазылған постер дайындайды.

Тұжырымдар:

• "Цифрлық Қазақстан" программасының кем дегенде 5 аспектісі сипатталады.

• Олардың мағынасы түсіндіріледі.

• Цифрландыру процесінің заманауи үдерістеріне талдау жасалады.

Қолдану

Digitalкz.кz интернет ресурстарын ашып, "Цифрлық Қазақстан" программасының негізгі

бағыттарын табыңдар.

Әр бағыт үшін қандай мәселелер шешіліп жатқанын түсіндіріңдер.









  1. Қорытынды


Үй тапсырмасы

(4 минут)


«Қазақстандағы цифрландыру. Болашағы мен мүмкіндіктері» тақырыбына хабарлама жазыңдар.

11 сынып https://drive.google.com/drive/folders/1QIDJ5d6RluqOs--fkk-7pJt-YeZXkolx?usp=share_link

Бағалау

(3 минут)

Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы білімалушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын стикерге жазып жапсырады. Сол жазылған ойлары негізінде өтілген сабақтан алған білімі қорытындыланады.

  1. Сабақ бойынша рефлексия


(3 минут)

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Смайлик»

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды



Бағалау парағы


Сандық эквивалент

Балл

Критерийлер

Баға

«Өте жақсы»

90-100


  • электрондық үкімет порталының әлеуметтік -технологиялық саласында көрсетілетін қызмет түрлерін пайдаланады

  • электрондық үкімет порталының кез келген жере пайдалана алу


Баға

«Жақсы»

70-89


  • электрондық үкімет порталының қызметтерін оку

Баға

«Қанағаттанарлық»

50-69


  • электрондық үкімет порталын ашу



Оқытушы___________________А. Шыңғысова

Н.06.2-14 Басылым 3

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 сәуір
231
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі