400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанда жасалған

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақты түрлендіріп өткізуіне көмектеседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқартылған мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Мектеп: 4 ЖОББМ


4А бөлім:

«Тағам және сусын»


Сабақтың тақырыбы

«Қазақстанда жасалған»


Күні: 24.04.2020

Машықкердің аты-жөні: Айқын Гүлдана


Сынып: 1 «в»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың оқу мақсаты

1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Тұтыну заттарына деген өз қажеттіктерін және олардың қайдан келетінін анықтай алады.


Оқушылардың басым бөлігі:

Өсімдік және мал өнімдерінің түрлерін ажырата алады;


Кейбір оқушылар:

Қазақстан картасынан негізгі тағам өндіретін өңірлерді тауып, нені өндіретіндерін жазып көрсетеді.


Критерий

Оқушылар тұтыну заттары туралы әңгімелеу, өздеріне қажетті тұтыну заттарын анықтап, олардың алыну көздері туралы білу.


Дискриптор

Оқушылар тұтыну заттары туралы әңгімелейді, өздеріне қажетті тұтыну заттарын анықтайды, олардың алыну көздері туралы біледі.


Тілдік мақсат

Елімізде шығарылатын өнімдер жайлы және ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіру дағдылары қалыптасады; тірек сөздерді үш тілде есте сақтайды.

Тірек сөздер:

өндіріс – производство – production

өнім – продукция – product


Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну.


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, математика


Құрылықтарды дарыту

Оқушыларды елін, Отанын сүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.


АКТ қолдану дағдылары

Отандық өнімдер жайлы видео материал


Алдыңғы білім

тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігі туралы білім


Жоспар


Белгіленген уақыт

Жоспарланған іс әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут








Амандасу.

Сәлеметсіңдерме балалар!

Қайырлы таң балалар!
Қайырлы таң апайлар!
Біз ерекше баламыз,
Айтқан тілді аламыз.

Күнделікті алатын

5-тік болсын бағамыз.

Өткенді еске түсіру

- Тағамдарға не жатады?

- Қандай сусындарды жақсы көресіңдер?

- Пайдалы тағамдарға не жатады?

- Пайдасыз тағамдарға не жатады?

Шаттық шеңбері





Сабақтың ортасы

2 минут

























2 минут




























15 минут










5 минут










6 минут




















Ұ: «Ойлан» тапсырмасы

Ақшаға сатып алынатын заттарды ата.

Олар сенің үйіңе қайдан келеді?

Нені тегін алуға болады?


Балалар, олай болса біздің бүгінгі өтетін сабағымыз не туралы болмақ? Қалай ойлайсыңдар?

/Оқушылар жауаптары тыңдалады/

Елімізде қандай өнімдер шығарылатынын білетін боласыңдар.

Олай болса сабағымызға критерий құрайық.

  • Балалар, енді барлығымыз тақтаға қарап мына заттың не екенін айтайықшы? /тұсбағдардың суретін көрсетемін//

-Бұл не? /Тұсбағдар/

Тұсбағдардан не көреміз? /тұстарды көреміз/

Картанын суретін көрсету.

-Бұл не? Картадан Қазақстанның төрт тұсын анықтап шығайық...(Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан).

Мұғалім:

-Бүгінгі сабақта Қазақстанда қандай өнімдер өндірілетіні жайлы айтамыз.

Мұғалімнің қосымша ақпараты (видео материал)

Отандық өнімдер

Қазақстанның тамақ өнеркәсібі 1000-ға жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығарады. Еліміздегі ет, сүт, нан өнімдері, дәнді дақылдар сапасы мен бағасы жөнінен әлемдік бәсекеге түсе алады. Дастарханымыз тәттісіз болмайды. Оның барлығы кондитерлік өнімдер. Кондитерлік өнімдер өндіретін Алматы қаласында «Рахат» АҚ, Қарағанды қаласында «Қарағанды конфеттері» АҚ және сондай-ақ, ішкі нарықта танымал Қостанай қаласының «Баян сұлу» ААҚ, тағы сондай Алматы қаласында шай өндіретін «Алматы шайы» ЖШС, қант өндіретін «Қант» ААҚ елдегі ең белгілі фирмалар болып табылады.

Ең дамыған сала – ет өнеркәсібі. Еттен әртүрлі тағам өнімдерін шығаратын зауыттың бірі 1930-жылдары салынған Солтүстік Қазақстан облысында Семей ет консерві зауыты. Тағы сондай осы облыста егін шаруашылығыда жақсы дамыған. Бұл жерде бидай өсіріп, нан өнімдері жақсы сұраныста. Солтүстік Қазақстанның Петропавл қаласында «Сұлтан»АҚ макарон зауыты бар.

Барлық ірі қалаларда май, ірімшік жасайтын, басқа да сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жеткілікті. Сондай-ақ, өзіміздің Үштөбе қаламызда «Айдын» ЖШС-да сүт өнімдерін дайындайды. Бұлардың негізгі шикізат көзі ауыл болып саналады.

Батыс Қазақстан облысында Каспий теңізі бар. Бұл теңізден балық өндіріп, консерві дайындайды.

Шығыс Қазақстанда аралардан бал өнімін алады. Бұл өңірдеде ет консерві зауыты бар.

Оңтүстік Қазақстанда қант өндіреді, жеміс-жидек өнеркәсібі жақсы дамыған. Өзіміздің Алматы қаласында әлемге танымал апорт алмасы өседі. Апорт – бұл алманың бірегей сұрыбы.


Топтық жұмыс:

Әр топқа Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс атаулары бойынша еліміздің бөліктеріне зерттеу саяхатын жасауды тапсырамын. Оқушылар қай өңірде қандай тағам өндірілетінін анықтауы керек. Нәтижесін постерге түсіреді. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар сынып бойынша ілінген суреттер мен сөйлемдерді жинап, өз постерлеріне жабыстырады.

Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ өз жұмыстарымен таныстырады. Оқушылардан жұмыстардың нәтижесіне қарай өз ойларын білдіруін сұрау.


Дәптермен жұмыс 55 беттегі 53 жұмыс парағы

Ботаның жіберген қатесін тауып, суретті бояу.

Өсімдік өнімдері Мал өнімдері

Картоп ірімшік

Жұмыртқа ет

Алма иогурт

Күріш қияр

  • Бірін-бірі тексеру;

  • Интертақтадан тексеру

Жеке жұмыс. Қазақстан картасына қай өңірде, қандай тағам өндіретінін жазу тапсырылады. Бұл оқушылардың білімін саралау бойынша алынатын тапсырма.

ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Тапсырма:

1.1.Деректер

мен жұмыс

1.1.1.1

Дереккөздермен

жұмысты мұғалімнің

көмегіне сүйене

отырып орындау

Прямоугольник 1

Дағдылар

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Білу және түсіну

Өндірілетін өнімнің атауын жазады


https://images.app.goo.gl/2Uy5Faa1bJHh3Ux16

https://images.app.goo.gl/9KyfYzrDXRjKRPF78 https://images.app.goo.gl/4UsC63wW8ubETiVm6

https://images.app.goo.gl/7kgAaYgJ4bCP3d2F7

https://images.app.goo.gl/yXsMtp8s5FYgZ3NP7


https://images.app.goo.gl/6mZ6vLyjtmq7wyzj7



https://images.app.goo.gl/4TNj782WGo8odiUm9



https://youtu.be/3uVhWczEqtA























https://images.app.goo.gl/DSrdGXAGk9dvaYth9

https://images.app.goo.gl/FFt41ggwRngYJ4pE9

https://images.app.goo.gl/duKBHUUKqYAFfFdG8



Жаттығу дәптері








Жаттығу парағы























Сабақтың соңы

5 минут

Өзін-өзі бағалау «Ауа райы».

Сабаққа қалай қатысқанын ауа райымен көрсетеді.

https://images.app.goo.gl/RQAMDGNRY2d1LutKA





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 мамыр
609
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі