400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанда таза табиғи және химиялық талшықтарды дайындау , түрлі бағыттағы ірі кәсіпорындардар, апаттық-құтқару бөлімшелері мен іздестіру-құтқару қызметкерлеріне, азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігін кепілдендіру мақсатында, арнайы киімдер тігетін материалдарды және тігін материалдарын Қазақстанда өндіру , сапалы бұйымдар ұсыну және осы жолда бәсекелестеріміздің алдына шығу, халықаралық стандартқа сәйкес өнімдер шығарып, бірінші өз халқымызды қамтамасыз ету, содан соң шетелге де өз өнімдерімізді шығару
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚPicture 1 азақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту


Гульшат Серикбаевна Суюнова

МКҚК Сервис және жаңа технологиялар колледждің арнайы пәндер оқытушысы

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

«Білекке сенген заманда ешкімге есе

бермедік, білімге сенген заманда қапы

қалып жүрмелік» - Абылайхан


Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстанда таза табиғи және химиялық талшықтарды дайындау , түрлі бағыттағы ірі кәсіпорындардар, апаттық-құтқару бөлімшелері мен іздестіру-құтқару қызметкерлеріне, азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігін кепілдендіру мақсатында, арнайы киімдер тігетін материалдарды және тігін материалдарын Қазақстанда өндіру , сапалы бұйымдар ұсыну және осы жолда бәсекелестеріміздің алдына шығу, халықаралық стандартқа сәйкес өнімдер шығарып, бірінші өз халқымызды қамтамасыз ету, содан соң шетелге де өз өнімдерімізді шығару.

Жобаның негізгі міндеті - Қазақстанның тоқыма өнеркәсібін дамыту, өндіріс кезіндегі шығындарды барынша төмендету, ысырапшыл болмау, отандық өнімге сұраныс. Жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды, табиғи шикізатты пайдалану. Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын қалыптастыру , тәжірбиелер жүргізу.

Күтілетін нәтиже: Қазақстанның жеңіл өнеркәсібін дамыту бойынша қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, өндірістерді жаңғырту; экономикалық саясаттың жүйелі шараларын іске асыру;
саланы білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету;
Бағдарламаны іске асырудың жобалық шараларды қолға алу.

Кіріспе


Тәуелсіздігіміздің табаны берік , әлемге Қазақ елі танылған тұста өзінің қажыр-жігері мен парасатты көрегендігімен ел тізгінін ұстаған Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев, Нұрлы жолға нұсқап, сәулесін шашар тура бағыт көрсетті. Өз халқын бірлікке, татулыққа шақыруымен қатар, ысырапшыл болмауға, білім мен ғылымды дамытуға деген жаңаша бағыт-бағдар берді. Ел президенті Жолдауында “Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қарқымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет” деген сөздері бар. Демек, оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – колледждің басты бағыттарының бірі.

Бұл жобада жеңіл өнеркәсіптің жоғары сапалы және кең түржиынды материалдар дайындап ,бәсекеге қабілетті тұтыну тауарларын өндіруді дамыту, негізгі бағыттары тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде жергілікті шикізатты (мақта, жүн, былғары химиялық және табиғи талшықтар) қайта өңдеу бойынша өндірісті жаңғырту, өз елімізде заводттар, фабрикалар салу.

Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіптің қазіргі жай-күйі :Кез келген елдің жеңіл өнеркәсібі - азық-түлік тауарларынан кейін , екінші орында тұр, бұл оның маңыздылығын білдіреді. Жеңіл өнеркәсіптің экономикалық және стратегиялық қауіпсіздігі, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды және оның өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз етудегі маңызды ролін ескере отырып, әлемнің ірі елдері саланы дамытуға айрықша назар аударады және оған айтарлықтай инвестициялық қолдау көрсетеді. Саланы дамытудың ел өнеркәсібі көлеміні төмендеуімен сипатталады, бұл жұмыс орындарының қысқаруына, ішкі нарықтан отандық тауар өндірушілерді шетелдік өндірушілердің тәуелді болуға әкеледі, бұл апатты сипат алды .. Егер 2005 жылы жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің саны 20,0 мың адам болса, 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ол 13,7 мың адамға дейін азайды, бұл әлеуметтік шиеленіс.

     Жеңіл өнеркәсіптегі ахуалды сипаттайтын созылмалы дағдарыс өндірісі көлемінің құлдырауы жалғасады. Тек 2007 - 2012 жылдар кезеңінде республика өнеркәсібінің құрылымындағы сала үлесі:










Облыстар бойынша жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары


Жеңіл өнеркәсіптің жай-күйін талдау


Күшті жақтары:
- шикізат ресурстарының болуы
- ірі нарықтарға жақындық (Ресей, Қытай, Үндістан)
- ішкі және әлемдік нарықтардағы өскелең сұраныс
- арзан жұмыс күші

Әлсіз жақтары:
- жүн және былғары шикізатының төмен сапасы
- материалдар шығаратын өндіріс орындарының жоқтығы
- салаға күрделі қаржы жұмсалымының жоқтығы
- білікті кадрлардың жеткіліксіздігі
- негізгі қорлардың едәуір тозуы

Мүмкіндіктер:
- ЕурАзЭқ кеден одағына ену есебінен нарықты кеңейту
- шикізат (мақта, жүн, былғары) өңдейтін өндірісті дамыту
- алыс-беріс шикізат өндірісін дамыту
- технологиялық көшбасшылардың тәжірибесін пайдалану

Тәуекелдер:
- өз БҚО табиғи және химиялық талшықтар өңдейтін заводтар салу,

  • БҚО мата былғары дайындайтын ірі кәсіпорындар салу

  • Бұйымдарды дайындап тігетін фабрикалар салу

- салаға инвестицияны жеткіліксіз тарту
- бәсекенің жоғарлату


Саланы дамытудың негізгі проблемалары:

Жеңіл өнеркәсіп саласындағы бірқатар шешімін таппаған проблемалар бар, олар: 1.негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі, 2. экспорттың төмен үлесі, 3.отандық өнімнің тұтыну үлесінің төмендігі, 4. білікті кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі.


Негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында негізгі қорлардың айтарлықтай тозуы (80% дейін) ең негізгі проблемалардың бірі болып табылады. Салалық кәсіпорындарда негізгі қорларды жаңарту үшін жеткілікті қаражат жоқ және ескірген жабдықтарда бәсекеге қабілетті емес.


      Қосылған құны жоғары болатын өнім экспортының төмен үлесі

Отандық шикізат шетелден еліміздің ішкі нарығына дайын өнім түрінде қайтып келеді. Осы жағдайда елімізді шикізатты өзімізде өңдеу қажет.


Отандық өнімнің тұтыну үлесінің төменділігі

Отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі және таяу және алыс шет елдерден импортталатын өнімдер санының көп болуы отандық тауар өндірушілерді қауқарсыз жағдайда қалдырып отыр.


 
   Еңбек шарттарының тартымсыздығынан білікті кадрлық ресурстардың жетіспеушілігі

Жеңіл өнеркәсіп өнімдері өндірісін болашақта өсуінің әлеуметті проблемаларының бірі білікті кадрлардың тапшылығы. Қазіргі уақытта еліміздің жоғары оқу орындарында тоқыма өнеркәсібі бойынша шикізатты өңдейтін, материалдарды өңдеу/ шикізаттан табиғи және химиялық талшықтар алу/, тоқу, тері өнеркәсібі бойынша жоғары және орта-мамандандырылған оқу орындарында мамандар дайындалмайды.


Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімделуі мүмкін проблемаларды шешу бойынша позитивті шетелдік тәжірибені шолу

Қазақстанға жеңіл өнеркәсіп тауарларын негізгі жеткізушілер саланы дамытуда назар аударуға лайық Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан елдері болып табылады.  

Жобаның іске асыру жолдарын қарастыру: Бұл жобаны іске асыру үшін алдымен ҚР соның ішінде БҚО жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін шикізат өңдейтін заводттар салынуы тиіс, ол үшін алдымен шикізат өндірісін көтеру керек.

Ол үшін Қазақстандағы талшықтар туралы мәліметті қарастырайық



Қазақстандағы табиғи талшықтар туралы мәлімет:

Шикізат

Қазақстанның қай өңірінде бар

Табиғи мақта

Оңтүстік Қазақстанда

Минералды мақта

Өскемен зауытында    

Зығыр талшықтары

Жетісу жерінде

Жүн


Қазақстанда жүн мен айналысатын үлкен завод фабрикалар жоқ , тек шағын кәсіпорындар, ондада жабылып қалудың сәл алдында

Асбест минералды талшық

Жетіқара, Хантау және Ешкіөлмес кен орындарында бірнеше миллион тоннадан асады.

Табиғи жібек /какондар/

Оңт. Қазақстан, Жамбыл облысының кейбір аудандарында


Қазақстандағы химиялық талшықтар туралы мәлімет:Химиялық талшықтардың, табиғи талшықтармен салыстырғанда көптеген қолайлы жақтары бар. Біріншіден, химиялық талшықтарды жасауға жұмсалатын қаржы, табиғи талшықтарға қарағанда аз кетеді. Екіншіден, химиялық талшықты өндіру сияқты географиялық және климаттық жағдайларға байланысты болмайды, оны кез келген жерде және көп мөлшерде өндіруге болады. Үшіншіден өзінің негізгі қасиеттері мықтылығы, әр түрлі әсерлерге төзімділігі, жылу сақталғыштығы, мыжылмайтындығы жөнінен химиялық талшықтар табиғи талшықтарға қарағанда жақсы болады. Олар шірімейтін, ыстыққа, суыққа шыдамды болғандықтан, арнайы киім , автомобиль доңғалақтарына қосылады, оны әр түрлі арқандар, балық аулайтын аулар, өртке төзімді материалдар жасауға қолданылады


Шикізат

Қазақстанның қай өңірінде бар

Шикізаты, қасиеті

Вискоза талшығы

Өндірілмейді

шырша, қарағай, шамшат, самырсын

Мыс –аммиакты талшық

Өндірілмейді

мақта қалдығы

Трицетатат-ты талшық

шыны өндірісіне жарамды құм Мұғаджар, Қалқан және Қаратөбе кен орындарында өндіріледі

шыны , металл

иілгіш,жарық өткізгіш, отқа төзімді ,электр жылу өткізбейтін жіңішке талшық

Полиамидтты талшық

/капрон алынады/


Қарағанды, Екібастұз, Обаған,Теңіз- Қорғалжын, Шу, Іле жерлерінде бар.

Таскөмір

химиялық әсерге, суыққа микроорганизмдерге төзімді талшықтар

Полиэфирлі талшық

/ лавсан алынады/

Каспий теңізінде, Арал, Торғай, Шу, Зайсан жерлерінде мұнайдың үлкен қоры бар.

Мұнай

Лавсан жеңіл, күйе түспейді, шірімейді

Полиакрилонитрильді талшық

/Нитрон алынады/

Өндірілмейді

тас көмір, мұнай, газ.

Сілтіге, органикалық минералды қышқылдарға , бактериаларға ,шіруге төзімді

Полиакрилонитрильді /Нитрон алынады/

Өндірілмейді

тас көмір, мұнай, газ

Жылу сақтау қасиеті жүннен артық

Поливинилхлоридті талшығы

Өндірілмейді

мұнай

Табиғи және химиялық талшықтар бойынша қортынды:

  • Табиғи талшықтардың шикізат қоры Қазақстанда барлығы бар, тек таза жібек алуды әліде дамыту керек.

  • Химиялық талшықтардың шикізат қоры бар ,тек жеңіл өнеркәсіп бойынша талшықтарды өндіретін орындар жоқ.


2. Алынған талшықтардан тоқыма өндірісін дамыту.

Алматы, Шымкентте шағын кілем тоқу фабрикасы бар, мақта -мата тоқу өнеркәсібі жана қолға алынуда, тоқыма өнеркәсібінің даму қарқыны өте төмен.

3 . Тігін өндірісі. Отандық тоқыма және тігін өнеркәсібі республиканың ішкі нарығы қажеттілігін тек 8 пайызға қамтамасыз етуде . 2014 жылға талдау жеңіл өнеркәсіп тауарларының импорты, экспорттан 12 есеге асып түсіп,. Осылайша мемлекет шикізаты, еңбек ресурстары бола тұра, толықтай импортқа тәуелді болуда.Тігін өндірістің құлдырау деңгейін тек тұрақтандырып қана отырғанын көруге болады.

Менің өз жобамда алдымен талшықтар туралы мәліметті қарастырайық : қолымызда бар талшықтар түрімен оқушыларды таныстырып, оның табиғи немесе химиялық талшық екенін, органолептикалық және лабороториялық әдістермен зерттеп қарастырдық.

Picture 50 Талшықтардың табиғи немесе химиялық екенін , жағып қарап, органоплептикалық әдіс арқылы зерттейміз. Табиғи талшықтар- сары түсті жалынмен түгел жанып, сұр түсті күлге айналады, өсімдік тектес талшықтардан күйген қағаз иісі шығады, мал тектес талшықтардан- күйген қауырсын иісі шығады. Ұшында қара түйіршіктер пайда болады - олар үгітіледі

Химиялық талшықтар – сары жалынмен лапылдап жанада, қара түтіндер пайда болады, пласмасса иісі сезіледі, Ұшында қара түйіршіктер пайда болады - олар үгітілмейді

Бұл жерде химиялық талшықтарды зерттеу кезінде олардың гигеналық қасиеттерін /ауа өткізгіштік, жылу сақтау, денені тітіркендірмеу/, гигроскопиялығын /су буын бойына сіңіру/, ауа өткізгіштігін, сыртқы ортаға әсерін /жарық, ылғал, үйкеліс, жуу, химиялық тазалау, ыстыққы төзімділігі/ осы көрсеткіштерді тексердік. Микроскоппен қарағанда жүннің жоғары қабатында қабыршақтар, мақтада- талшықтардың өзіндік иретілуі,зығыр- каналы енсіз,визкозалық талшықтарда тігінен түсірілген штрихтар көруге болады.

О дан әрі жіп иіру және маталарда алу жолдары, тоқу айқаспалары жөнінде мәлімет беріп, кәзіргі тоқыма өндірісіндегі өзекті мәселе, мата тоқитын фабрикалардың жоқтығы соның ішінде, арнайы киімдер тігетін/ өрт сөндірушілер, жанбайтын, су өткізбейтін /мата түрлерін алу. Мата тоқу айқаспаларын тоқып үйреніп, қарапайым айқаспадан, майда өрнекті, ірі өрнекті, күрделі ірі өрнекті айқаспаларды тоқып зерттеудеміз.

Өрт сөндірушінің арнайы киіміне, қатты қызу әсерінен қорғауға арналған металдандырылған жабыны бар материалдардан дайындау , сондай-ақ қолды, аяқты, басты, тыныс алу, көру және есту мүшелерін зиянын тигізбеу, осы техникалық талаптарды, сынау әдістерін және өрт сөндіруші жауынгерлік киімінің, дайындау үшін қолданылатын материалдар шикізатының елімізде бар жоғын оқушыларға тапсырма беріп зерттедік.

  • Зерттеген талшығымыз – Асбест аса жіңішке минералды талшықты. Асбест грекше - сөнбес, бұзылмас дегенді білдіреді. Химиялық құрамы жөнінен магний мен  темір болып табылады. Кесектерінің түсі жасыл, сұрғылт сары келеді, ажыратылған талшықтары – ақшыл, боз, жібектей жылтыр. Қаттылығы 2 – 2,5, тығыздығы 2,4 – 2,6 г/см3, талшықтары иілгіш, майысқыш, балқу температурасы 15000, жылу мен электр тогын нашар өткізеді. Талшықтарының ұзындығы 50 мм-ге, кейде 250 мм-ге жетеді. Асбесттің қышқылға төзімділігі мен жылуға беріктігі аса жоғары. асбесттен отқа, ыстыққа төзімді тоқыма бұйымдары, құрылыс материалдары, қағаз, резина, пластмасса, электр техникасы, асбестцемент бұйымдарын дайындайды. Үзілуге өте берік. Асбесттің жылу төзімділігі 700°С-қа жетеді. Материалдарға бор қышқылы, фосфор қышқылы ,кремний қышқылын сіңірту арқылы оттан қорғағыш қасиеттер алады. Бұндай қатты күрделі айқаспалармен тоқылған,су, от өткізбейтін материалдарды тіккенде тесіледі , сондыққтан тіккенде ине мен жіптің сәйкестіген ,матаға сәйкес таңдау керек. Асбестің қоры Жетіқара, Хантау және Ешкіөлмес кен орындарында бірнеше миллион тоннадан асады .

Зерттеу жұмысының нәтижесі: Қолымызда бар табиғи минералды талшық асбеспен жұмыстанып, оның құрлысын микроскоппен қарап, оның адам организіміне зиянының бар, жоғын айырып, лабораториялық және органолептикалық әдіспен зерттеп қарадық. Талшықтардың айқаспасын тексердік. Нәтижесінде осы асбест талшығының отқа төзімді екеніне оқушылар көз жеткізді. Талшықтан сары жалынмен, түтін иісі шығты, бірақ балқып жанбады.

Қортынды: үдемелі индустриялық-инновацияны дамыту жөніндегі 2010-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, жеңіл өнеркәсіпті дамыту оның өнімдерін бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін, шикізатты қайта өңдеу, сыртқы нарықтарға шығару, ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыру,  сондай-ақ еңбекке қабілетті жас мамандарды даярлап шығару біздің басты міндетіміз.

Пайдаланған әдебиеттер


  1. Тігін өндірісіндегі материалтану.

Автор- Е П Мальцева


  1. Тігін өндірісіндегі материалтану

Автор - И.Захарченко2012ж


  1. Материаловедение швейного пройзводства.

Автор: Б.Б. Бузов. Т.А.Модестова, Н.Д.Алыменкова

  1. Строение и качества тканей

Автор: В.И. Стельмашенко


  1. Ғаламторлар















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1002
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі