Қазақстанда жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер туралы не білеміз?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанда жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер туралы не білеміз?

Материал туралы қысқаша түсінік
8.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу. 8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПӘН: ҚАЗАҚ ТІЛІ

МЕКТЕП:

5-бөлім:

Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанда жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер туралы не білеміз?

КҮНІ:

17.01.2019

Мұғалім:

Ханов Ш.У

СЫНЫП: 8 «а»

ОҚУШЫ САНЫ:

КЕЛМЕГЕНДЕР

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары

8.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.

8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.

Сабақ мақсаты

Ғылыми деректерді қолданып, диалог құрастыру

Диалог кезінде тұрлаулы сөйлем мүшелерінің орнын сақтайды.

Бағалау критерийі

Тақырыпқа қатысты диалог, монолог, полилог құрастырады

Ғылыми терминдер мен деректерді қолданады

Тұрлаулы сөйлем мүшелерінің орнын сақтайды

Тілдік

мақсаттар


Жойылып кету қаупі, қауіптің белгісі, төлқұжаты, сирек кездесетін түрлер, саны күрт азайып бара жатқан түрлер, қарқынды түрде азаюына жол берілмеуі қажет.

Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар


Сабақтың басы

2 мин





5 мин









5 мин








10 мин







15 мин












Ұйымдастыру кезеңі, сынып даярлығы тексеріледі. Сабақ мақсаты анықталады.


1-тапсырма

Оқушылар тұрған орындарында шынжыр бойымен санайды. 3-ке бөлінетін, құрамында 3 саны бар сандарға келгенде оқушылар биоалуантүрлілікті сақтау туралы, қалай қорғауға болатындығына қатысты сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер айтады.

Б. «Өзара бағалау»



2-тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз.


Қызыл кітапқа енген жануар

Қарақұйрық жануары Қазақстанның оңтүстік аймағын мекендейді. Бұл аң Кавказ тауларында, Персия мен Моңғолияда да бар екен. Таулықтар оны жайран десе, моңғолдар қарасульта деп атайды. Шынында, бұл – өзі ерекше сұлу жаратылған аң. Қуыс мүйізділер тұқымдасы болып келетін оның сұңғақ бойы мен сүйрік дене бітімі, жіңішке мойны мен қамыс құлағы, әсіресе, мөлдіреген қарақаттай бота көздері кімді де болса, өзіне баурап алатыны сөзсіз. Түсі қара қоңыр болғандықтан шығар, қазақ оны қарақұйрық деп атап кеткен.

Көбіне құмдағы шөлді және шөлейтті аймаққа бейімделген, өзіне қауіп төнгенде өте шапшаң. Шамамен сағатына 65-70 шақырым жылдамдықпен жортады. Жарты сағатқа дейін дамылдамайды. Қазіргі кезде ол Гоби, Тибет, Ордос яғни, Қашқария жерінде де бар көрінеді. Осынау Барсакелместі мекендейтін аса текті аң жазда – 70, қыста 37 түрлі өсімдікпен қоректенеді. Мәселен, қылша, тікенді түйесіңір, көкпек, бұйырғын, сұр теріскен, сексеуіл, жыңғыл, жусан, сайғақшөп, ал көктем шыққанда ылғалы мол өлеңшөп, бидайық, раң, алабота, қамыс құрағын сүйсініп жейді. Сонымен қатар үй жануарлары жей бермейтін адыраспан, итсигек, түйетабанды да қорек ете береді.

Бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген бұл аң Армения мен Тәжікстанда жойылып кетсе, қырғыз елінде саусақпен санарлықтай қалған екен. Егер қызғыштай қорғамасақ, жанашырлықпен қарамасақ, Қазақстанда да қарақұйрықтардың осындай адам жаны аярлықтай күйге түсуі ғажап емес.

Дәлірек айтсақ, 1950 жылдары қарақұйрық­тың саны Қызылқұм, Маңғыстау және Үстірт бойында екі жүз мыңға жеткен көрінеді. Араға жиырма жыл салып, қаһарлы қыс кәрін төгіп, қалың қар түсіп, үскірік-ызғырық, жел күшейгенде олардың саны күрт кеміп кетті. Бұған 60-70 жылдары жүргізілген тың игеру мен халықтың қарақұйрықты он мыңдап аулап, дәмді етін пайдаланғанын қосыңыз. Ал 1990 жылдары мекендейтін жерлері одан сайын тарылып, қаскөйлік өршіп, қарақұйрықтар қыспаққа түсті. Соның салдарынан саны азайып кетті.

2000 жылдардан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі мен табиғат жанашырлары сирек және құрып бара жатқан жануарлар түрлерін басты назарға алып, қырағылықпен қорғау мақсатында кешенді іс-шаралар атқарды. Нәтижесі жаман емес. Қазақстанда қарақұйрықтың саны 2005 жылы 12150 бас болса, 2009 жылы 17000 басқа дейін өсті.

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция­сы да «Қызыл кітапқа» енгізілген жануарды қорғауда барынша аянбай тер төгіп келеді. Сыр өңірінің даласында (Қызылқұм мен Арал) тіршілік ететін қарақұйрықтың саны осыдан бес-алты жыл бұрын мың жарымға жуықтаса, былтыр санақта екі мыңға шамаласқан. Әрине, бұл мақтанарлық көрсеткіш емес. Киелі аңды аямай қыратын қаскөйлердің әрекетінен алдын алу үшін күресті әлде де күшейтуіміз керек. Осы мақсатта өңірімізде жиі рейдтер ұйымдастырылып тұрады. Сонымен бірге, әлі де әсем қарақұйрықтар сақталған орындардағы жергілікті тұрғындар арасында үлкен көлемді тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді.

Бұл жануарды қорғауға қоғам болып атсалысқанымыз жөн. Әйтпесе, сұлу жануарлардан айырылсақ, табиғаттың қызығы кетіп, даламыздың құлазып қалатыны сөзсіз.


(а) Мәтіндегі терминдерді, маңызды деректерді кестеге түртіп отырыңыз.

Терминдер

Маңызды деректер





(ә) Жағдаят: Сіз радио бағдарламасынан Қазақстанда жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер туралы естідіңіз. Сіз үшін бұл ақпараттар қызықты болды. Осыны досыңызбен бөлісіңіз. Жоғарыдағы терминдер мен деректерді қолданып, досыңызбен диалог құрыңыз. Сөйлем мүшелеріні сөйлем жасаудағы өзіндік орнын ,қызметін түсініп сөйлеу сөзіңізде түрлеріне көңіл бөліңіз.


Дескриптор Білім алушы

-мәтіннен терминдер мен ғылыми деректерді анықтайды;

-Тақырыпқа қатысты диалог құрастырады;

-сөйлем мүшелерінің түрлерін қолданады.

-диалогте термин мен деректерді қолданады.


Жұпта бағалау.

4-тапсырма

«Биоалуантүрлілікті қалай сақтаймыз?» деген сұраққа идеяларын жазып, «Қорғаныш» жәшігіне салады.













https://www.youtube.com/watch?v=V8qSxEA3E5Y












Рефлексия






О қушылар смайликтерді көрсету арқылы рефлексия береді.



Қосымша мәлімет

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?


Бағалау – оқушылардың не үйренгенін қалай анықтауды жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланысқа сілтеме

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемесі


Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау.


Оқуды қадағалау

Сұрақ - жауап

Топтық бағалау


Георграфия пәнімен байланыс. Пән мұғалімімен ой бөлістім.


Сыныпты топтарға бөлу.


АҚТ дағдылары


Топпен жұмыс істеу дағдылары. (бір-бірін тыңдау, құрметтеу.)



Рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?




Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2019
1343
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі