Сабақтың
тақырыбы: Қазақстанда жұмысшы табының
қалыптасуы.
Сабақтың
мақсаты:
1920 — 1930 жылдары Қазақстанда жүргізілген
индустриаландыру саясатының жетістіктері
мен зардаптарын түсіндіру;
Республикадағы экономикалық саясатты
халық мүддесіне сай жүргізу төңірегіндегі
ұлт қайраткерлерінің көз қарасымен
оқушының патриотты сезімін ұштастыру;
1920 — 1930 жылдардағы индустриаландыру
саясатының экономикалық дамытудағы
байланысын айқындау.
Сабақтың түрі:
аралас
Әдісі: Топтық жұмыс
Көрнекілік:
слайд, семантикалық карта
Сабақтың
жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй
тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақтың
жоспары
IV. Сабақты
бекіту:
V. Бағалау:
VI. Үйге тапсырмасы
Сабақтың
барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
•
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
•
Оқушылар бір — бірінің жақсы қасиеттерін
стикерге жазып білдіріп, оны оқып
айтады
• Топқа бөлінеді «Жастар»
және «Достар» болып
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау:
«Жастар» тобына индустрияландыру
кезеңіндегі шикізат байлықтарын
зерттеген ғалымдар есімін қорғату,
яғни Курнаков, Губкин, Сәтбаевтың есімін
атап олардың индустрияландыру жылдары
атқарған қызметін ашады.
«Достар» тобы индустрияландыру
кезеңіндегі маңызды оқиғалардың бірі
Түрксіб теміржолы құрылысына басшылық
еткен тұлғалар есімін қорғайды. Олар:
Рысқұлов, Омаров, Қазыбеков.
«Футбол» ойыны. Шарты:
Әр оқушының
алдына парақшалар таратылып берілді.
Парақшаларға ойыншылар сұрақтарын
жазып, қарсы топқа кезекпен лақтырады.
Әр бір дұрыс жауап гол (ұпай) болып
есептеледі.
ІІІ. Жаңа сабақтың
жоспары:
1. Ұлттық жұмысшы табының
қалыптасуы.
2. Қоғамдық ұйымдар.
3.
Қазақстандағы индустрияландырудың
ерекшеліктері.
«Мәтінмен жұмыс»
Мәтін
ішінен үзік — үзік сөздер аламын. Оны
әр топқа таратамын, олар оқулық ішінен
іздеп осы сөзден сөйлем құрайды. Осылай
жазғандарын бір — біріне топ мүшелеріне
көрсетіп шығады.
1939 ж 1926 — 1940 ж 29, 4%
33, 8 % Т. Рысқұлов 80%- нан астамы
1933
ж 1 қаңтар 3%- дан 10%- ға дейін 1921 ж шілде
1925 ж ақпан
1937 жыл 1924 ж 1 қаңтар 1931 ж
1936 ж 1921 ж қаңтар
1926 ж 1 қаңтар Социалистік
жарыс 1921 ж 1937 ж ҮІІ съез ІХ съез
директивалық жоспар орталықтың әмірі
лагерь дайын өнім шығармады шикізат
көзері кәсіпорындары болмады артта
қалды тау — кен шикізаты Орскі Украина
1913 ж С. Сәдуақасов
Алтын
өндіру
Сөйлемдерін құрып, оқулықтағы
мәтінмен жұмысты аяқтағаннан кейін,
семантикалық картамен жұмыс жасайды.
Екі топқа екі түрлі тапсырма
беріледі.
«Жастар»
тобына семантикалық карта.
«Достар»
тобына салыстыру кестесі.
ІҮ. Сабақты
бекіту:
“Уақыт сырын ашу” ойыны.
Тақтаға
жаңа тақырыпқа байланысты даталар
жазылады. Осы даталарға бүгінгі сабақта
білгендерін айтып шығады.
1939
жыл
1926 — 1940 жыл
1933 жыл 1 қаңтар
1921 жыл шілде
1937 жыл
1924 жыл 1 қаңтар
1931 жыл
1936 жыл
1921 жыл қаңтар
1926 жыл 1 қаңтар
Ү.
Бағалау: Бағдаршам арқылы өз — өздерін
бағалайды. Топ болып бағалайды.
ҮІ.
Үйге тапсырма: «Бүгінгі Қазақ елінің
индустриялды — инновациялық дамуы»
тақырыбында эссе жазу.