жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қазақстандағы 100 жаңа есім" тақырыбында кездесу тәрбие сағаты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
«Болашақ» жоғары колледжі
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Қазақстандағы 100 жаңа есім»
Шымкент
Мақсаты: Елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және одан әрі арттыру. Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, ел дамуына зор үлес қосқан азаматтардың өздері мен олардың табысқа жету жолдарын үлгі ету.
Көрнекілігі: слайдтар, бейне роликтер.
Барысы:
Әнұран.
Би: МД-9г-17 тобы Аяулым, Әлия, Мөлдір, Айсана
Жүргізуші: Армысыздар! Құрметті ұстаздар, білім алушылар!
Бүгін біз Елбасымыздың Рухани жаңғыру: «Болашаққа бағдар» атты баяндамасының аясында өткізілетін «Қазақстандағы 100 жаңа есім» тақырыбындағы кездесуге келіп отырмыз. Осы кездесуге кәсіпкерлік тәжірибесінен ой бөлісуге келіп отырған қонағымызды таныстырайық:
«Жайылма» экология және табиғатты қорғау, экотуризм қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Атамұра» қазақи бұйымдар және «Ертұрман» ат әбзелдерін жасау цехының басқарушысы, жеке кәсіпкер Сүйінбай Жанболат Тасболатұлы мырза
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ерлердің есімін ел жадында сақтауға ықпалын тигізетін бір мәселе айтылған-ды. Н.Назарбаев: «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан-алуан этнос өкілдерінің тарихы» деген болатын. Президент пәрменімен қолға алынған тың жоба мәресіне жетті.
Жүргізуші: Тәуелсіз Қазақсанның жылнамасы жазылып жатқанына ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Барды бағалай білу, елге ерен еңбегімен һәм ерлігімен танылған тұлғаларды әспеттеу, олардың есімдерін халық санасына сіңіру азаттықтың ақ құсындай болып басымызға қонған бақты ұстап тұрудың бір көрінісі болса керек.
«Қазақстандағы
100 жаңа есім» – бұл шындығында да
бұрын-соңды болмаған жоба. Ол еліміздің
дамуына үлес қосқан адамдарды кеңінен
насихаттауға мүмкіндік береді. Бірақ
оларды іріктеу барысында біржақты
қарамай, азаматтың тұлғалық қабілетіне
де баса назар аударатын боламыз. Тұлғаның
бойында іскерлік, адамгершілік, білім,
мәдениет деген ұғымдар болуы міндетті.
Оның жүрегінде осындай қасиеттер
болғанда ғана ол басқаларға үлгі бола
алады.
Ән:
«Илигай»-Әліхан Ұлдана
1 слайд көрсету
Қайрат Молдасеитов Бизнес Шымкент
Молдасеитов Қайрат Құсейінұлы 1967 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты, Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «орман шаруашылығы инженерін», ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде «заңгер» мамандықтарын бітірген. Бүгінгі күнде «Отау Групп» компаниясын басқаруда.
Кәсіпкерлікпен айналысып жүрген сәтінде іскерлікпен көзге түскен ол, билік саласына келгенде іскерлікпен қоса, қамқорлық қасиеті де жоғары екенін көрсетті. Атап айтсақ, Түркістан қаласында басшылық кезінде өз қаражаты есебінен 100 баланы қабылдайтын «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» және мүгедектерге арналған 16 пәтерлі тұрғын үй салып берді. Одан бөлек, Шымкент қаласына әкім болып келген кезінде «Нұрсәт» шағын ауданынан СПИД індетін жұқтырған балаларға арнап «Ақпараттық оңалту орталығынының» құрылысын бастап, 2014 жылдың желтоқсан айында оны пайдалануға берді.
Шымкент қаласының көркейіп, әрмен қарай гүлдеуіне 2010 жылы «Ордабасы» алаңындағы фонтан құрылысына 31 500 000 тг көлемінде қаражат бөліп, өз үлесін қосты.
2013
жылдан бері Қайрат Құсейінұлы басшылық
ететін «Отау Групп» компаниясы Елбасы
Н.Назарбаевтың «Қазақстанда қолданылып
жатқан құрылыс материалдарының 80%-ы
отандық материалдар болуы керек» деген
тапсырмасын жүйелі әрі белсенді түрде
орындап келеді. Атап айтсақ, австриялық
технологияны қолданып есік-терезе
профилин жасайтын «ASPAN» Profile technology,
полиэтилинді құбырлар өндіретін «Юг
Пласт» компаниялары мен асфальтбетон
шығаратын «Биік Белес», металконструкциялар
жасайтын «Otau Metal constraction”, газаблок
шығаратын «Алтын Тастақ» және бетонның
барлық түрлерін өндіретін «Отау Бетон»
зауыттары жұмыс істеуде. Қазіргі таңда
«Отау Групп» компаниясында 1000-нан астам
қызметкер жұмыс жасауда.
Сырым Махамбетұлы «Қайып ата» ЖШС директоры қызметін атқарып жүрген азамат. Ол сондай-ақ мүмкінідігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, қаржылай көмек беріп жүр.
1982 жылдың 22-қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округінен «Мал сою бекеті» және «Ет өнімдерін тереңдетіп өңдеу цехы» құрылысын 2014 жылдың қазан айында бастап, 2016 жылдың шілде айында іске қосқан. «Қазақстан Халық Банк» АҚ ОҚФ-нан құрылыс жұмыстарына 231 миллион теңге, құрал жабдықтар алуға 115 млн.теңге несие қаржы алынып, бүгінде белсенді түрде жұмыс атқарып келеді. Жоба қуаттылығы күніне 30 тонна өнім өндіріліп, 28 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген.
Бейнеролик
1. «Рухани жаңғыру»
2. «100 жаңа есім жобасының жеңімпазы»
3. «100 жаңа есім-Сырым Ертаев»
Ән: «Қазақ жастары»-Аяулым
Жүргізуші:
«Болашаққа
бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында
жастардың үлгі алуына, заманауи
Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік
беретін «100 жаңа есім» жобасы
ұсынылған.
Елдегі меценаттар мен
қамқорлық пен қайырымдылық жасаушы
тұлғалардың көпшілігі танымалдылыққа
танытуға мән бермей жатады. Танымалдылықты
артық дүние санайтын көптеген меценат
тұлғалар өздерінің мерейлі істері үлкен
бір ұрпақты тәрбиелеуге жететіндігін
ескермейді. Адамгершілігі мол адамның
қарапайым келетіндігі де белгілі. Алайда
мұнда халық қалаған, аймақ қолдаған
тұлғаны жұрттың өзі ұсына алады.
Қазақстанның
жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға
ұмтылған тұлғалардан өнеге алған жастар
да өзін жетістік жолында, елге еңбек
сіңіру мақсатында өмірін сарп ететін
болады. Елі үшін, жері үшін қандай да
бір сауапты іс сіңіріп кетуге ұмтылады.
Әрбір адамның мақсаты бұл туған елі мен
кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек
сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты
миссиясы екендігін сезіне алуы қажет.
Осыған орай енді
сөз кезегін қонақтарымызға берейік.
Слайд: «Атамұра», «Ертұрман» өнімдерінен
Бейнеролик: «Ат әбзелдері-жүйріктің сәні».
Жүргізуші: Берген ақпараттарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Енді осы ақпараттарға байланысты сұрақтарға өз көзқарасын білдіруге, көкейінде жүрген сұрақтары бар білім алушыларға кезек берейік.
Сұрақтар:
Жанболат аға, бала кезіңізде кәсіпкер болуды армандадыңыз ба?
Негізгі мамандығыңыз қандай?
Сіз секілді табысты да танымал кәсіпкер болғысы келетін жастарда қандай қасиет болуы керек деп ойлайсыз?
Ән: «Самға»-«Бибі» тобы
Жүргізуші: Бүгінгі кездесуіміздің қонағы және бүгінгі қатысып отырған білім алушыларға алғысымызды білдіре отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз. Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп рахмет! Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, егемендігіміз нығая берсін!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген