400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстандағы COVID-19 пандемиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
2019-2020жылы болған пандемияға байланысты жазылған мақала.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстандағы COVID-19 пандемиясы



Соңғы бес жылда Қазақстанда бірқатар елеулі саяси оқиғалар орын алды. Солардың ішінде жаһандық деңгейдегі әсері мен ішкі саяси құрылымға тигізген ықпалы ерекше болған оқиға — COVID-19 пандемиясы. COVID-19 пандемиясы 2020 жылы Қазақстандағы ең өзекті жаһандық дағдарысқа айналды. Әлемде бұл дерт 2019 жылы тарала бастаса, Қазақстанда 2020 жылдың наурыз айынан бастап COVID-19 індеті туралы алғашқы деректер тіркелді.



Пандемияның адамзатқа тигізген әсері өте зор болды. Ол бүкіл әлемді шарлап, көптеген адамдардың ауруға шалдығуы мен өліміне себеп болды. Статистикаға сүйенсек, елімізде 1,4 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, 19 000-нан астам адам қайтыс болды. Бюджеттен 1,2 триллион теңге коронавируспен күреске бөлінді. 16 наурыздан бастап елде төтенше жағдай енгізіліп, түрлі шектеу шаралары мен локдаундар басталды. Бұл шешімдер білім беру жүйесінің онлайн форматқа көшуіне және адамдар арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне әсер етті.



Пандемия кезінде Қазақстанда мемлекеттік құрылымдарда бірқатар реформалар жүргізілді. Атап айтқанда, денсаулық сақтау министрлерінің жиі ауысуы, мемлекет Президентінің саяси рөлінің күшеюі, ауруға қарсы жедел штабтардың құрылуы сынды өзгерістер орын алды. Сонымен қатар, бұл кезең экономикаға да үлкен салмақ салды. Жұмыссыз қалған және жағдайы төмен азаматтарға 42 500 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді, медицина саласына қосымша инвестициялар тартылды. Жеке кәсіп иелеріне бизнестері тоқтап қалғандықтан, мемлекет тарапынан қолдау шаралары ұйымдастырылды. Көпшілік халықтың айтуынша, мемлекет басшысы дер кезінде тиісті көмек көрсете алды. Бұл туралы танымал блогерлер де өз парақшаларында атап өтті.



Қорытындылай келе, COVID-19 пандемиясы Қазақстан үшін үлкен саяси және әлеуметтік сынақ болды. Мемлекеттік басқару құрылымдары қайта қаралып, жауапкершілік пен тиімділік мәселелері алдыңғы қатарға шықты. Пандемия саяси реформаларға түрткі болып, билік пен халық арасындағы байланысты жаңаша қалыптастыруға ықпал етті. Осындай жағдайлар қайталанбауы үшін алдын алу шараларын күшейту және дағдарысқа дайындық деңгейін арттыру маңызды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.02.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі