Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстандағы этносаралық тұрақтылықтың негізгі факторлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл әдістемелік баяндамада Қазақстандағы этносаралық тұрақтылықтың негізгі факторлары қарастырылып, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің маңызы ашып көрсетіледі. Сонымен қатар, этносаралық татулықты нығайтудағы мемлекеттік саясаттың, Қазақстан халқы Ассамблеясының және білім беру саласының рөлі сипатталады. Баяндама педагогтерге тәрбие және оқу үдерісінде толеранттылық пен патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ














ӘДІСТЕМЕЛІК БАЯНДАМА


Тақырыбы: Қазақстандағы этносаралық тұрақтылықтың негізгі факторлары





Дайындаған: Асанбаева А.Д.





«Жалпы білім беретін пәндер» ПЦК

отырысында қаралды және мақұлданды

Хаттама №___ «___»__________20__ж.

ПЦК төрағасы: Шалабаева К.А.

__________________________________

(қолы)









Шымкент, 2026

Мақсаты:

Қазақстандағы этносаралық тұрақтылықтың қалыптасу негіздерін түсіндіру, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің маңызын ашу, білім алушылардың толеранттылық, патриоттық және азаматтық көзқарастарын дамыту.


Міндеттері:

Қазақстандағы этносаралық қатынастардың ерекшеліктерін талдау;

Қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі факторларды анықтау;

Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін түсіндіру;

Оқушылардың өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру;

Тарихи және заманауи деректер арқылы этносаралық татулықтың маңызын дәлелдеу;

Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттау.


Күтілетін нәтиже:

Білім алушылар Қазақстандағы этносаралық саясаттың мәнін түсінеді;

Қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың қоғам дамуындағы орнын бағалай алады;

Этносаралық қарым-қатынастың негізгі қағидаларын меңгереді;

Ұлтаралық татулық пен толеранттылық құндылықтарын құрметтейді;

Өз ойын дәлелдеп, тарихи мысалдармен байланыстыра алады;

Азаматтық ұстанымы мен патриоттық көзқарасы қалыптасады.




















Қазақстандағы этносаралық тұрақтылықтың негізгі факторлары

Бүгінгі күні Қазақстан – бейбітшілік пен келісім сақталған, этностар өзара ынтымақта өмір сүріп жатқан бірегей мемлекет. Этносаралық келісім мен бейбітшілік аясында әлемде баламасыжоқ қазақстандық үлгі қалыптасып, қарқынды дамуда. Этносаяси мәселелер мемлекеттік ұлттық саясаттың өзегіне айналды. Ол мемлекетті қалыптастырушы қазақ ұлтына этносаралық келісім мен ынтымақтастықты сақтауға, өзге этностар құқықтарының шектелмеуіне деген жауапкершілігін жүктейді.

Елімізде дәстүрлі сүнниттік исламның ханафи мәзһабы қабылданған. Ханафи мәзһабы – сүнниттік бағыттағы құқықтық ілім, жергілікті наным-сенімдер мен ғұрыптарға, дәстүрлі ұлттық мәдениетке төзімділігімен ерекшеленеді. Қазақстан өзінің ұлтаралық және дінаралық ынтымақтастығы тәжірибесімен исламның дау-жанжалға себепші емес екендігін дәлелдеуде.


Олардың бәрі де қазақтың даласында ұлтымызбен бірге жасап келеді. Осыған орай, 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы барлық ұлттың бір-біріне және әсіресе қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынған еді.


Қазақстандық үлгідегі этносаралық келісім мен бейбітшілік негізделген факторлар

Біріншіден, тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен этносаралық татулық меселесі биліктің назарына алынды.

Екіншіден, Қазақстандық үлгіде Қазақстан халқының бірлігі, өзара түсіністік пен татулық дәстүрлері маңызды рөл атқарады.

Үшіншіден, ашықтық, толеранттылық, қонақжайлылық, үлкенді құрметтеу сиякты дала өркениетінің қасиетін бойына терең сіңірген қазақ халқының ұлттық болмысы шешуші рөл атқарды.

Төртіншіден, Қазақстан мұсылман үмбетінің бір бөлігі болып табылады, мұсылман этностар демографиялық тұрғыдан белсенді.

Бесіншіден,полиэтникалық Қазақстанның құрылу ерекшелігі.


Конфессияаралық қатынастар саласындағы саясат. Қазақстан көне заманнан бері сан алуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болған. Еліміздің тарихында дінаралық қақтығыстар мен жанжалдар орын алған емес. Бұл аймақ әртүрлі діндердің тоғысқан жері. Ежелден бері көптеген мешіттермен қатар, иудей синагогалары, христиан шіркеулері және будда храмдары қатар өмір сүрді. Олардың көпшілігі еліміздің аумағы арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының бойындағы қалаларда орналасқан еді.Патша және Кеңес үкіметі дала тұрғындарына тән емес, өзгеше дін саясатын жүргізді.Ресей империясы отаршылдық саясатымен қоса православие дініне көшіруге үлкен көңіл бөлді. Христиан дінін кеңінен таратуға кедергі болған ислам дінін әлсірету саясатын да ұстанды. Дала қазақтарын шоқындыру мақсатында 1881 жылы Қырғыз миссиясы құрылған еді. Ол Семей облысының кеңбайтақ аймағындағы қазақтарды шоқындыруға кірісті. Көшпелі қазақ қауымы Қырғыз миссиясына қатты қарсылық көрсетті.


Кеңес өкіметі әсіресе алғашқы онжылдықтарында, дінге тыйым салып, молдаларды қуғындаудың түрлі тәсілдерін пайдаланды, жер аудару шараларына дейін қолданды. Дінге қарсы саясат «атеизм» енгізілді.Қазіргі таңда Қазақстан – зайырлы мемлекет. Мемлекеттің дінге қатысты саясатыконфессияаралық татулық пен төзімділікті нығайтуға бағытталған. Елбасы Н.Ә. Назарбаев: «Жалпы екі нәрседен – діни фанатизм мен діни көрсоқырлықтан бірдей сақтанған жөн», – деп ескертеді.


Тәуелсіздік алысымен елімізде 1992 жылы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданды. Заң қоғамдық тәртіпке нақты қатер төндіретін секталар мен ағымдарға қатысты либерализммен ерекшеленді. Заңда Қазақстан Республикасы әрбір азаматының наным-сенім бостандығы құрметтеліп, діни бірлестіктердің өзара сыйластық қарым-қатынасына негіз қаланды. 1992 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен І Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өтті. 2011 жылы «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» қабылданған жаңа заң бойынша еліміздің аумағында қызмет ететін барлық діни бірлестіктерді қайта тіркеуден өткізу рәсімдері мен олардың қызметтерін реттеу қарастырылды. Қазақстанда дінтанушылар конгресі белсенді қызмет атқарады. 2014 жылы Дін істері агенттігі мен ҚМДБ, елдегі православие шіркеуі қоғамда үйлесім мен төзімділікті сақтау, ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойды.


Қазақстан адам құқықтары аясындағы маңызды халықаралық келісімдер мен шарттарға қосылды. Республиканың конфессионалдық саясатында діни төзімділік пен бейбітшілік басты ұстанымдар болып табылады.

Қазақстан – дінаралық диалог орталығы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу жауапкершілігін алды. Елбасының игі бастамасын Кофи Аннан, Джордж Буш, Маргарет Тэтчер секілді беделді саясаткерлер қолдады.Дінаралық форумдардың қатысушылары – әлемнің ірі конфессиялары басшылары, белгілі саясаткерлер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу Қазақстанның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қолдау механизмдерінің бірі ретінде өркениет және мәдениетаралық диалогтің ғаламдық үдерісіне қосқан елеулі үлесі болып табылады.

2006 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының конгресін өткізу мақсатында елордамызда арнайы Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида) салынды. Сарай түрлі діндердің, этностардың және мәдениеттердің әлемдік орталығына айналды. Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы осы Бейбітшілік пен келісім сарайында орналасқан.

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы шетел мемлекеттерімен байланыстарды кеңейтіп, серіктестік орнатып келеді.


Қазақстандық бірегей тәжірибе жаһандық деңгейде қолдау тапты, сондықтан елордамыз дін көшбасшыларының кездесетін орнына және диалог алаңына айналды. Қазіргі күні Қазақстан жаһандық деңгейдегі діндер мен өркениеттер диалогі ұстанымын бекіту туралы мәселені көтере отырып, Шығыс пен Батыс арасындағы көпірге айналып отыр. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының І съезі 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Форумның жұмысына Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Африканың 13 елінен ислам, христиан, буддизм, иудаизм, синтоизм, даосизм және басқа конфессиялардың, 17 діни ұйымдардың өкілдері қатысты.


Съезде түрлі дін өкілдері әлем халықтарының бейбіт және лайықты өмір сүруі жолындағы ынтымақтастық пен бірлік идеяларының өзектілігін, оны іске асырудың қажеттілігін талқылады.

Съезд шешімдері Декларацияда көрініс тапты, атап айтқанда, әділдік, ақиқат, имандылық, төзімділік сияқты рухани құндылықтарды уағыздау әрбір діннің мақсаты болуға тиіс деп атап көрсетілді.


Діннің атын жамылып жасалатын экстремизм, лаңкестік және күш көрсету мен қаскүнемдіктің басқа да түрлерінің шынайы дінге еш қатысы жоқ екені айтылды. Съездің үлкен жетістігі Қазақстанның бүкіл әлем алдын- да шынайы қоғамдық және дінаралық келісім мен бірлікке қол жеткен ел ретінде танылуы еді. І съезд барысында қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін ұдайы түрде өткізу және оның жұмыс органы Хатшылықты құру туралы шешім қабылдады. Съездердің жұмысы барысында адамзаттың өзекті мәселелері: «Діни және саяси басшылардың адамзат алдындағы жауапкершілігі»; «Діннің жастарға әсер ықпалы»; «Дін және саясаттың өзара әсерінің жаңа үдерістері мен перспективалары»; «Бейбітшілік, қауіпсіздік пен үйлесімділік үшін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасында өзара құрмет пен түсіністікке негізделген үнқатысу» деген тақырыптар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды.


Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің тарихи маңызы зор. Қазақстан Еуразияның географиялық қана емес, жаһандық рухани-конфессионалды орталығына айналды. 2008 жылы АҚШ конгресмені Дана Рорабахер: «Қазақстан қазіргі таңда тек Азия орталығы емес, элем орталығына айналды», деп жоғары баға берді.






Пайдаланылған әдебиеттер:

Қазақстан тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 11- сыныбына арналған оқулық. 1-бөлім. -Алматы: Атамұра, 2020.

Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. – Астана, 2014.

Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Астана, 1995.

Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Қазақстан Республикасының Заңы. – 2008.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Тәуелсіздік бәрінен қымбат. – 2021.

Әбсаттаров Р.Б. Ұлтаралық қатынастар мәдениеті. – Алматы.

Қазіргі Қазақстандағы этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жинағы.

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар.





Аннотация

Бұл әдістемелік баяндамада Қазақстандағы этносаралық тұрақтылықтың негізгі факторлары қарастырылып, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің маңызы ашып көрсетіледі. Сонымен қатар, этносаралық татулықты нығайтудағы мемлекеттік саясаттың, Қазақстан халқы Ассамблеясының және білім беру саласының рөлі сипатталады. Баяндама педагогтерге тәрбие және оқу үдерісінде толеранттылық пен патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.


Аннотация

В этом методическом докладе рассматриваются основные факторы межэтнической стабильности в Казахстане, раскрывается значение общественного согласия и национального единства. Кроме того, описывается роль государственной политики, Ассамблеи народа Казахстана и сферы образования в укреплении межэтнического согласия. Доклад предназначен для педагогов и направлен на формирование толерантности и патриотических ценностей в воспитательном и учебном процессе.

Annotation

This methodological report examines the main factors of interethnic stability in Kazakhstan, highlighting the importance of social harmony and national unity. It also outlines the role of state policy, the Assembly of People of Kazakhstan, and the education sector in promoting interethnic harmony. The report is designed to guide educators in fostering tolerance and patriotic values in the educational and upbringing process.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12