400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 29 материал табылды

Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аударту саясаты.

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» «Тексерілді»

Мектеп директоры: А.М.Қырықбай МДОӘЖО: А.Г.Абженбаева


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3B Қазақстан Ресей империясының құрамында

Мектеп: «Шелек ауылындағы №1 орта мектебі» КММ

Сынып: 8 сынып

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Демеева.А.Б

Сабақ тақырыбы

Қазақстандағы жаппай отаршылдық қоныс аударту саясаты.

Зерттеу сұрағы: Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ қоғамын қалай өзгертті?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 7.4.1.2-отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдау

  • 7.1.2.1-Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдау

  • 7.1.2.1-Өткен кезеңдермен салыстыра отырып, дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді анықтау

Сабақ мақсаттары

  • Отарлау саясатының қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына тигізген әсерін талдайды.

  • Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдайды.

  • Өткен кезеңдермен салыстыра отырып, дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • Патша үкіметінің қоныстандыру саясатын жүзеге асыру барысында көздеген мақсатын анықтайды.

  • Қоныстандыру саясаты қазақ ауылына және қазақтардың өміріне қандай өзгерістер алып келгенін біледі.

Тілдік мақсаттар

Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты өзгерістерді кестеге жіктейді (жазылым дағдысы).

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Басыбайлы тәуелділік, жер көріп қайтушылар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Қоныстандыру саясатының мақсаты...

Құндылықтарды дарыту

Материалды білуге және сыншылдық тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Дүние жүзі тарихы, География

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта)

Бастапқы білім

Оқушылар бөлімді меңгеру барысында 7.3A Отарлау және ұлт-азаттық күрес бөлімінде алған білімдеріне негізделеді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

























Сабақтың ортасы

Бір-бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын. Балалар, «Ризашылық әнін» айтып көрейік.

Ризамын бүгінге,Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге, Ризамын қазірге.

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

Балалар, сендермен кезекті сабағымызда кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінде сендердің көмектеріңмен елімізде болған оқиғалар туралы мәліметтер аламыз.

«Мен таптым» әдісі.

Оқушы берілген тапсырманы орындап болған кезде «Мен таптым» деуі керек.

1867-1868жж. реформалардың салдары...

Қоныстандыру саясатының мақсаты...

Отырықшыландыру саясатының қазақ халқының өміріне әкелген өзгерістері...

Мен келесі өзгерістерді байқадым....

Қазақ ауылы өзгерді/өзгермеді, себебі....

ХІХ ғ. 60-80 жж. ұлт-азаттық көтерілістерінің себептері...

ХІХ ғ. 60-80 жж. ұлт-азаттық көтерілістерінің ерекшелігі...

Менің ойымша ...

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды/айтарлықтай маңызды болды, өйткені…

“3 таяқша” әдісі 

Суреттер топтамасы арқылы оқушылар сабақ тақырыбына болжам жасайды.
1 сұрақ 
1 жауап 
1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады. 


Сабақтың тақырыбы айқындалғаннан кейін, оқушыларды сабақтың мақсаттарымен, жетістік критерийлерімен таныстырамын.

Қоныстандыру саясатының себептерін анықтау үшін Ресейдегі басыбайлы құқық туралы электронды оқулықтан бірнеше минуттық қысқаша мәлімет тыңдату. Басыбайлы құқықтың неліктен жойылғанын түсіндіремін. Қарапайым шаруалар үшін бұл Ереженің маңыздылығын айтып кетемін.

Оқушылар «басыбайлы құқық» ұғымының мағынасын түсінуі үшін оның негізгі белгілерін беремін:

  1. Шаруалардың жеке топтары арасындағы айырмашылықтар жойылады;

  2. Шаруалардың құқығына, қосымша табыс іздеуіне шек қойылады;

  3. Шаруаларды бірте-бірте азаматтық құқығынан айырады;

  4. Феодалдың шаруаны қуып жіберуге құқығы болады.

Оқушылар осы белгілерге қарап отырып, басыбайлы шаруалардың жағдайын түсіндіріп, аталған құқықтың жойылуының маңыздылығын біледі.

4 топқа тірек сөйлемдер таратамын.

1 - топ: Қазақ қоныстары

«Қазақ қоныстары алып жатқан жерлер Ресей өкіметінің жерлері деп жарияланды».

2 - топ: 1897жыл

«1897 жылғы санақ бойынша қоныстандыру қозғалысының қарқынды жүргізілуінің нәтижесінде Ақмола облысында қазақтардың үлес салмағы небары 37% көрсеткішті құрады».

3 - топ: Қоныстандыру қозғалысы

«Қоныстандыру қозғалысы Сырдария мен Жетісу облыстарында да белсенді жүргізіліп, XIX-ғасырдың 80-жылдары тек Сырдария облысының өзінде 37 орыстардың елді-мекендері пайда болды».

4 – топ: Қытаймен шекара

«Қытаймен шекараны қорғау мақсатында орыс адамдарын Өскемен, Зайсан уездеріне орналастырып, орыс селоларын дуалмен тұтас жабу керек, жергілікті қазақтар үкіметке қарсы баскөтеретін болса қоныстанушы орыс шаруаларын жылдам қаруландырып, көтерілісші басбұзарларға қарсы қоюды тиімді ұйымдастыру керек».

Тірек сөйлемдерге негізделе отырып, келесі тапсырмаларды орындауға тапсырма беру

  1. Патша үкіметінің қоныстандыру саясатын жүзеге асыру барысында көздеген мақсатын анықтау.

  2. Қоныстандыру саясаты қазақ ауылына және қазақтардың өміріне қандай өзгерістер алып келді? сұрағын тірек сөйлемдермен байланыстырып, талқылау жүргізу

Презентация








Оқулықпен жұмыс.



























Оқушылар топтық бағалауды жүзеге асырады.

Кері байланысы жүзеге асырылады


Бағалау критерийлері:

Патша үкіметінің қоныстандыру саясатын жүзеге асыру барысында көздеген мақсатын анықтайды




































Денсаулық және қауіпсіздік техникасы-ның сақталуы
















































«Не?..», «Қашан?..», «Қайда?..», «Қалай?..» Жұптық жұмыс

Патша үкіметінің қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын кем дегенде 3 мысал арқылы анықтайды

Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты

Қоныстандыру саясатының себептері

Қоныстандыру саясатының салдары

1.


2.


3.

1.


2.


3.

Мәтінмен жұмыс. Қоныстандыру қозғалысына дейінгі дәстүрлі қазақ қоғамы мен қоныстандыру қозғалысынан кейінгі қазақ қоғамына енген өзгерістерді анықтайды

Қоныстандыру қозғалысына дейінгі дәстүрлі қазақ қоғамы

Қоныстандыру қозғалысынан кейінгі қазақ қоғамына енген өзгерістер




Қорытынды




Бағалау критерийлері

Қоныстандыру қозғалысына дейінгі дәстүрлі қазақ қоғамы мен қоныстандыру қозғалысынан кейінгі қазақ қоғамына енген өзгерістерді анықтайды

Оқушылар өзара бағалау жүргізеді

Сабақтың соңы



Сөздіктермен жұмыс.

Жер көріп қайтушылар...,

Байырғы \автохтонды\ халық...,

Колпаковский.Г.А...

Рефлексия. «Табыс баспалдағы»

Қиын емес,

Бірақ мүмкін

сәл

қиналдым

Қиын

бірақ

түсінуге

тырыс-тым

Қиын, бірақ

бар түсінігімді қолда-

на білдім.

Қиын, бірақ

сабақты

игерген

сияқты-мын

Қиын, соған қарамастан барлық

тапсырма-ларды

орындап шықтым







Үйге тапсырма.

Қоныстандыру саясаты қазақтардың тұрмысын қаншалықты өзгертті? атты тақырыпқа 150 сөзден кем емес эссе.











































Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

































Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



жаттығуларды орындау негізінде балалар өз бетінше жұмыс жасау арқылы саралап, қажетті дағдылары қалыптасады. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар парақшаларда, таблицалар құрып өздерінің бағалау жұмыстарын көрсете алу керек.

Берілген тапсырмаларды орындау барысында,өзіндік бір-біріне көмектесу, бағлау критерийілері, дескриптор, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы керібайланыс бере отырып бағлау жүргіземін.



Көзіне жасалатын физминут жаттығуын жасатамын, сабақ арасында үзілісте терезелерді ашып кабинетті желдетемін. Интербелсенді тақтаны керек емес уақытта өшіріп қоямын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
2125
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі