400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл қысқа мерзімді сабақ жоспары 5-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен «Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер» тақырыбы бойынша жасалған. Сабақтың мақсаты – мәтінмен және дереккөздермен жұмыс жасау арқылы алғашқы адамдардың наным-сенімдері мен дүниетанымын түсіндіру, петроглифтердің маңызын ашу және археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктерін талдау. Сабақ барысында бейнематериалдар, топтық зерттеу тапсырмалары мен рефлексия әдістері қолданылады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, ынтымақтастық пен ашықтық құндылықтарын дамытуға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақстан тарихы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5.1A Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Күні: 15.10.2025

Сынып: 5 «А»

Мектеп: «№5 мектеп-лицей» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Загитова М.З.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.1.1 алғашқы адамдардың наным – сенімдерін сипаттау

5.2.2.1 археологиялық ескерткіштерді салыстыру

Сабақ мақсаттары

Мәтінмен жұмыс жасай отырып алғашқы адамдардың наным-сенімдері туралы түсінік қалыптастыру. Дерек көздерін талдау арқылы наным-сенімдердің, тотемизм, анемизм т.б. діни түсініктердің пайда болуының себеп-салдарларына талдау жүргізу. Археологиялық ескерткіштердің маңызы туралы түсінік қалыптастыру

Бағалау критерийлері

  • алғашқы адамдардың сенім-нанымдарын сипаттап, постер жасайды.

  • Петроглифтердің ерекшеліктерін анықтайды; ежелгі адамдардың жартастарға не себепті суреттер салғанын біледі.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология: Ру, алғашқы қауым, тобыр, тотемизм, фетишизм, петроглифтер, тері өңдеу, пиктография, археология, терімшілік, аңшылық, мал шаруашылығы т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Адамның жануарлар әлемінен басты ерекшеліктері...

Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің ескерткіштері...

Алғашқы адамдардың тұрмыс тіршілігінде келесі өзгерістер орын алды...

Ежелгі адамдар өмірінде орын алған өзгерістерге келесі факторлар әсер етті...

Тасқа салынған суреттер ежелгі адамдардың өмірі, дүниетанымы туралы келесі ақпараттарды береді...

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...

Біздің тобымыздың ойынша...

Келесі себептер/факторлар......

Құндылықтарды дарыту



Ежелгі адамдардың өмірі, тұрмысы туралы айтқанда ынтымақтастық, ашықтық құндылықтары қалыптастырылады.

Пәнаралық байланыстар

жаратылыстану, көркемсурет

АКТ қолдану дағдылары

Сабақта бейне-баянмен жұмыс жасайды

Бастапқы білім


Ежелгі адамдардың алғашқы өмірі, тұрмыс-тіршілігі, кәсібі туралы біледі. Қазақстандағы археологиялық ескерткіштермен танысу негізінде ежелгі адамдардың эволюциясы, бастапқы діни-нанымдары, адамдардың бірлесу формалары, еңбек құралдарының жетілу кезеңдері жайлы білім алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Үй тапсырмасын тексеру








































Жаңа тақырыпты меңгеру


Мұғалім оқушылармен амандасып, түгендеп оқушылардың назарын сабаққа аударып, сабаққа сәттілік тілеп, тілек айту.

Оқушылар жаңа сабаққа қатысты суреттер арқылы үш топқа бөлінеді. (петроглиф, пиктография, Тамғалы тас)

Видео қарап, сұрақтарға жауап беру: 1. Суретте не көріп тұрсыңдар? 2. Суретке ат қойындар? 3. Бұл суреттің біздің сабағымызға қатысы қандай?

Жаңа терминдермен жұмыс


Рандомайзер арқылы тоатарға бөліну


Мұғалім оқушылардың ойларын қозғау мақсатында тақтадағы суреттердің бір-бірімен қандай байланысы бар екенін бірге талқылап, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Әдіс : Ой қозғау Мұғалім сабақ барысында оқушылардың не істеу керектігін айтып, бағыт –бағдар береді, бағалау критерийлерімен таныстырады

Сабақ басында:

Б «Тамғалы тас» деректі бейнематериалынан үзінді көрсету.

  • Алғашқы адамдар неліктен бұл суреттерді салды деп ойлайсыздар?

  • Олар қандай ойды білдіргісі келді?

Осы сұрақтардың аясында бүкілсыныптық талқылау ұйымдастыру.


https://youtu.be/_MTQ2Mlnxfs?si=8PRji6wU7LUxxgpH


оқулық, интербелсенді тақта


https://wordwall.net/resource/76517760

























«Тамгалы тас» бейнематериалы

https://www.youtube.com/watch?v=td98ss3MwuE

Сабақтың ортасы















Сергіту сәті

М «Петроглифтер», «пиктография», «тотемизм» ұғымдарының мағынасын презентация арқылы түсіндіру.

Зерттеу сұрақтары

  • Петроглифтерде көбінесе кімдер, қандай көріністер бейнеленген?

  • Алғашқы адамдар суретті салу үшін қандай тәсілдерді қолданған?

  • Тастағы суреттері алғашқы адамдардың дүниетанымы туралы қандай ақпарат береді?


Зерттеу мен талдау

І топ SWOT талдау «Жартастарға салынған суреттер».

жағымды

жағымсыз

мүмкіндіктері

қауіп-қатерлері

ІІ топ.

Қандай аңдар көптеп салынды? Бұл неге байланысты болды?

Бейнеленген көріністер сол кездегі адамдардың тұрмыс тіршілігі туралы қандай ақпарат беруі мүмкін?

ІІІ топ. Ежелгі заманда адамдар күнді қасиет тұтып, табынған, жартастағы суреттерге күнді бейнелеген. Біз де күнді қадірлейміз, себебі күнсіз өмір сүру мүмкін емес. Дегенмен XXI ғасырда күн энергиясын көбіне қандай мақсатта пайдаланудамыз? Күннің адам баласына тигізер пайдасын көрсет.

мұғалім оқушыларды жұмыс барысында бақылап, бағыт-бағдар беріп отырады.


Тамгалы петроглифтері

http://www.uralrockart.ru/p1_gl4_1.html

Қазақстан тарихы (көне

заманнан бүгінге дейін). Бес

томдық. 1-том. – Алматы, 2010 ж.





плакат, стикер

https://heyzine.com/flip-book/7da7d6e795.html#page/5














https://wordwall.net/embed/b4ce1fa8ccd64ea4b89f4a646a348e60?themeId=21&templateId=69&fontStackId=0


Сабақтың соңы

Үйге тапсырма. Оқушыларға үйге тапсырма ретінде суретті хат жазуды тапсыру. Шарты: сөздерді қолданбай-ақ, мағынасын суреттер арқылы жеткізу.

Кері байланыс «Ойлаудың бес гүлі»

Мен білдім ....................

Мен үйрендім ...............

Маған ұнады .................

Маған .......... қиын болды

Менің көңіл-күйім ..........

«Алма ағашы» әдісі. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл-күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, менің көңіл-күйім жоқ.



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сабақ бойынша рефлексия

.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





5 мектеп-лицей КММ














Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы жартастарға салынған ежелгі суреттер









Мұғалім: Загитова М.З.

Сынып:














2025-2026 оқу жылы


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16.10.2025
95
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12