400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстандағы киелі жерлер 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың жеке қабілеттері мен қажеттілігін ескере отырып, түрлі деңгейдегі топтар үшін оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін саралап тапсырмалар беруді жоспарладым. Білім алушының оқуға деген ішкі уәжіне қолдау көрсету мақсатында саралау тапсырмала-рын ұйымдастырдым. Оқушыларды «Түртіп алу» әдісі, «4 сөйлем» әдісі арқылы жинақы мәтін жазуға дайындадым. Қолдау арқылы саралау бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады.Сабақтың ортасында «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша кесте жұмысы жүргізіліп, күрделі сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу жұмыстары орындалып, нәтиже арқылы саралау (тапсырма біреу,алайда оқушылардан жеке нәтиже күтіледі) жүргізілді.Сабақта саралаған тапсырмалар тиімді болады деп есептеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Бәйтерек ауданы, Достық ауылы

І бөлім Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография.

Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы киелі жерлер

Күні

Мұғалімнің есімі Касимова А.К.


Сынып 6

Қатысқандар саны 10

Қатыспағандар саны 2


Сабаққа негізделген оқу мақсаты


6.3.5.1.Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ой-

ды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып,жинақы мәтін жазу.

6.4.1.1.Тақырып бойынша жеке сөздер,бірге, бөлек және дефис арқы-

лы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Сабақ мақсаттары:

1.Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша

негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, орфографиялық

нормаға сай жинақы мәтін жазады.

2. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды

білдіретін сөйлемдерді салыстыра отырып, орфографиялық

нормаға сай жинақы мәтін жазады.

3. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіре-

тін сөйлемдерді саралай отырып,өз көзқарасын тұжырымдап,

орфографиялық нормаға сай жинақы мәтін жазады.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)


Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіре-

тін сөйлемдерді іріктей, салыстыра, саралай отырып,өз көзқарасын

тұжырымдап жинақы мәтін жазады.

Тақырып бойынша жеке сөздер,бірге, бөлек және дефис арқы-

лы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағдылар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым

Терминология: орфографиялық норма,жинақы мәтін

Сөз тіркестері: тарихи жәдігер , үлкен ақсарай, сәулет өнері,көрікті жерлер

Құндылықтарды дарыту

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Ойлау дағдыларының

деңгейлері

қолдану,талдау,бағалау

Пәнаралық байланыстар

Тарих,география,әдебиет «Киелі жерлер»

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта мүмкіндіктері,бейнеролик көрсету

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Қазақстанның қорықтары мен күрделі сөздердің емлесін біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Алақаннан алақанға» әдісі арқылы оқушылар бір-бірінің алақандарына алақандарын тигізе отырып, өздерінің жылы лебіздерін айтады.

Суреттер бойынша топқа бөліну.

Оқушыларға сурет қиындыларын беремін.«Пазл» әдісімен сурет қиындыларын құрастырады.Сурет қиындыларын құрастырғанда Қазақстанның киелі жерлері жайлы суреттер шығуы керек. Суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді.




Ресурстар

Басталуы

5 минут


І. Қызығушылын ояту. «Ой қозғау» әдісі

Интербелсенді тақтадан киелі жерлер туралы бейнеролик көрсетіледі.

  1. Қазақстандағы қандай киелі жермен таныстық?

  2. «Киелі» деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

  • Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстандағы киелі жерлер» деп жаңа сабағымның тақырыбын болжатамын.

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты хабарланады.


Қалыптастырушы бағалау. Марапат сөздері


https://www.

youtube.

com/watch?

v=MnaLP_

A-Tw4



«Жарайсың!»

«Керемет!»

«Тағы қалай толықтырасың!»

Ортасы

15 минут



































































5 минут






















10минут

ІІ.Мағынаны тану

Оқылым .Екі топқа тақырыпқа сай мәтін беріледі.

1-тапсырма. «Түртіп алу» әдісі арқылы мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді дәптерге жазып отырады.

І топ Арыстанбаб кесенесі

Ұлы Дала киелі жерлерге толы. Ол жерлерді қадірлеп-қастерлеу — ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүріміз. Мәселен, Арыстанбаб кесенесі жанында емдік қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар десе, түркі халықтары Түркістан қаласын екінші Мекке ретінде санайды.

Арыстанбаб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болған Арыстанбаб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Арыстанбаб кесенесі ғасырлар бойы түрлі өндеу-жөндеуді басынан кешірген құрылыс. Ғимараттың қасбетін екі мұнара аяқтайды, олар мүсінді кірпіш қалауымен безендірілген. Отырар өңірінде біз естіген аңыз бойынша Арыстанбаб дүние салған соң, оның денесін ақ бураға артып, еркіне жіберіп, соңынан ілесіп отырған. Ақ бура жүре-жүре осы жерге шөккен екен. Сол шөккен жерге Арыстанбаб қойылыпты.

ІІ топ Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі

Түркістан қаласындағы 1396-1399 жылдары Әмір Темірдің бұйрығымен салынған Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі - Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер. Бұл ғажайып ғимарат Әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауиге зор құрмет ретінде, оған деген халықтың шексіз сүйіспеншілігіне орай, Әмір Темірдің бұйрығымен 1397 жылы салына бастаған. Қ.А. Ясауи сәулет ғимараты айқын, дәл әрі үйлесімді жоспармен салынған. Деректерде Әмір Темір кесененің салынуына бұйрық беріп, әрі жобасын жасауға да тікелей қатысқан.

Қожа Ахмет Ясауи сәулет ғимараты - аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оның ені - 46,5м, ұзындығы - 65м   Қ.А. Ясауи кесенесі жамағатхана, қабірхана, мешіт, кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, асхана, құдықхана және бірнеше құжыра бөлмелерден тұратын, діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түрлерін атқаруға арналған аса күрделі, аса зор кешенді құрылыс болуымен ерекшеленеді.

Дескриптор:

  • мәтін мазмұнын түсінеді.

  • негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді, тауып жазады.


ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бір-бірін бағалайды.


Саралау: Тапсырма арқылы саралау (оқушыларға олардың білімдеріне сәйкес әр түрлі тапсырма беріледі)

2-тапсырма «4 сөйлем» әдісі

Ұсынылған мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып,жинақы мәтін жаз және мәтіндегі бірге жазылатын, бөлек жазылатын, дефис арқылы жазылатын сөздерді тауып, астын сыз.

Пікір

Дәлел

Мысал

Қорытынды

Үлгі: Арыстанбаб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Арыстанбаб кесенесі ғасырлар бойы түрлі өндеу-жөндеуді басынан кешірген құрылыс. Мәселен, Арыстанбаб кесенесі жанында емдік қасиеттері бар өте тұзды сулы құдық бар деседі. Түркі халықтары Түркістан қаласын екінші Мекке ретінде санайды.


Дескриптор:

  • негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, мәтіндегі негізгі ақпараттарға сүйеніп, жинақы мәтін жазады.

  • мәтіндегі бірге жазылатын, бөлек жазылатын, дефис арқылы жазылатын сөздерді тауып астын сызады.


ҚБ «От шашу» әдісі.

Саралау Қолдау арқылы саралау бір тапсырма беріледі, алайда оны орындауда балалар мұғалім тарапынан әртүрлі қолдау алады.

3-тапсырма: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Берілген сөздерді орфографиялық нормаға сай түзетіп, жаз.

І топ


Сөздер

Бірге жазылатын сөздер

Бөлек жазылатын сөздер

Дефис арқылы жазылатын сөздер

Сәулет -ғимараты




тарихижәдігер




Ас хана




Жамағат хана,

жамағатхана



Киелі-жер




діниғұрыптық,




Қожа- АхметЯсауи




діниағартушылық




Ақбура





ІІ топ


Сөздер

Бірге жазылатын сөздер

Бөлек жазылатын сөздер

Дефис арқылы жазылатын сөздер

үлкен - ақсарай




сәулетөнері




Арыстан баб




Дәліз хана




Түркістан -қаласы




Ғимараттың -қасбеті




Қабір хана




тұздысулы құдық




Интербелсенді тақтадан жауабы көрсетіледі.

Дескриптор:

- күрделі сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады

-дұрысын бағанға толтырады

ҚБ «Геометриялық фигуралар» арқылы өзін-өзі бағалау.




Саралау: Нәтиже арқылы саралау тапсырма біреу,алайда оқушылардан жеке нәтиже күтіледі.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
2885
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі