400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстандағы көшпенділер өркениетінің ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
барлығына
Материалдың қысқаша нұсқасы









Публицистикалық стиль

Публицистикалық стильдің сипаты. Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мысалы, саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, үгіттің мақсаты – жұртшылықты қоғамдық мәні бар іске қатыстыру, жұртшылықтың санасына ықпал ету.

Осы міндетіне сай публицистикалық стильдің басты сипаты қалыптасқан:

  1. Публицистикалық сөз өте жинақы, тұжырымды болып құралады;

  2. Сөз экспрессивті, екпінді болады;

  3. Сөз тыңдаушыларын коммуникативтік байланысқа тартатындай болып құралады;

  4. Публицистикалық стильдің тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болғандықтан, ол тақырыбына сай ғылыми стильге, көркем әдебиет стиліне жуықтап келеді.

Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады.

Публицистикалық сөз ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттарға да ие болады. Ол көбінесе газет, журнал, радио, теледидар арқылы беріледі.


Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері

Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады:

а) экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестер, сөйлемдер;

ә) тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер;

б) толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер (сөйлемнің бір мүшесін алып тастау арқылы құрылған сөз үлгісі);

в) тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.

Осы тұлғалар публицистикалық сөзге экспрессивтік екпін, ырғақ, жинақылық бейне береді.

Публицистикалық сөздің қоғамдағы мәні өте зор. Ол қоғам мүшелерін ұлы істерге жұмылдырады, ұлы идеяларды дәріптейді.

Сондықтан публицистикалық сөздердің ерекше тарихи оқиғаларға байланысты туғандары, ерекше мәнділері, көркемдері ел есінде мәңгі қалған. Оның авторлары, атақты шешендер мәңгі ұмытылмайды. Антика заманындағы грек Демосфен бүгін де ауыздан түспейді. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сөздерін әр қазақ біледі. Отан соғысы жылдары И.Эренбург, Б.Горбатов, Б.Бұлқышев сөздері жауынгерлерімізді шабуылға бастады.

Публицистикалық сөз зор талант, мол біліммен қатар дайындықты да талап етеді.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25.02.2019
475
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі