Қазақстандағы қорықтар 8-сынып қазақ тілі қысқа мерзімді жоспар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстандағы қорықтар 8-сынып қазақ тілі қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолданады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Қысқамерзімді (сабақ) жоспары Бекітемін:__________________

Білім беру ұйымының атауы:

209МГ

Бөлім:

Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис

Педагогтің аты-жөні

Мукаева Ж.Т.

Пәні:

қазақ тілі

Күні:

25-28.01.2026ж

Сынып: 8 Е,Д,И,М

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстандағы қорықтар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.5.1 перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

8.4.4.2 - тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану.

Сабақтың мақсаты

(Негіздеме: Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың ІІ,ІІІ, ІV отырыстарында берген тапсырмасы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №123 бұйрығы)

Перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады

Тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолданады


Құндылық: Заң және тәртіп

Апта дәйексөзі: «Әділ заң – аспан тірегі»

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы












Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Сынып оқушыларын түгендеу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Үй жұмысын сұрау,пікір білдіру.

Жағымды психологиялық ахуал

Қызығушылықты ояту.

Қорықтарды таны” ойыны

Қорық туралы қызықты факт жазылған карточкаларды тарату/оқу

Факт: “Қазақстанның кіші Швейцариясы” деп аталады, таулар мен көлдерімен танымал.
Сұрақ: Бұл қандай қорық?
Жауап: Бурабай

Сұрақ: Мұнда қандай жануарлар мен өсімдіктер кездеседі?
Жауап: Қой, бұқа, сирек ағаштар мен гүлдер

Сыныпты карточкалар арқылы топқа бөлу

1-топ 2-топ 3-топ

Назары сабаққа аударылады.

Қызығушылығы оянады


Карточкалардағы сұрақтарға жауап береді



Ауызша

мадақтау

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!







8-сыныптың оқулығы

Арман ПВ баспасы

Жаңа білім



Топтық жұмыс 1-тапсырма.

1)Екі мәтінмен танысыңдар. Кестедегі ақпараттың маңызды тұстарын анықтап, кемі 8–10 сөйлем құраңдар. Мәтіндердің стилін анықтаңдар.

2) Сұрақтарға жауап беріңдер

1. Жергілікті жердің табиғи қалпын сақтап қалу үшін қорықтар ашудан басқа не істеуге болады?

2. Жануарлардың бейнесіне ұқсастырып аталған тағы қандай жер-су аттарын білесіңдер?

1-топ:Тапсырма

Кестеден Ақсу-Жабағылы қорығына қатысты деректерді таңда.

Мәтін А-мен салыстырып, перифраза тәсілін қолданып 5 сұрақ құрастыр.

Тура атама қолдануға болмайды.

(мысалы: қорық- табиғаттың алтын бесігі, жануарлар-жер бетінен жоғалып бара жатқан тіршілік иелері)

Мәтін стилін анықта.

2-топ: Тапсырма

Екі мәтінді оқып, ортақ 3 негізгі ойды анықта.

Әр ойға перифраза қолданып сұрақ құрастыр (кемі 6 сұрақ).

Сұрақтар арқылы мәтін стилінің белгілерін көрсет.

3-топ:Тапсырма

Кесте мен мәтінге сүйене отырып,

8–10 сөйлемнен тұратын шағын ақпараттық мәтін құрастыр.

Мәтінде кемі 4 перифраза қолдан.

Соңында өз мәтінің бойынша 3 терең сұрақ жаз.

Саралау

Кей оқушыға бір мәтінмен ғана жұмыс істеуге рұқсат

Алдын ала тірек сөздер беріледі

Құндылық

Экологиялық сана

Сыни ойлау

Жауапкершілік

Табиғатқа жанашырлық ЕББҚ

5–6 сөйлем жеткілікті

Перифраза саны — 2

Ауызша баяндауға болады

ӘТН

Жұптық жұмыс

3-тапсырма

1)Пысықтауыштың мағыналық түрлеріне Қазақстандағы қорықтар туралы мысалдар жазыңдар. Қай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар.

2) Жазылым мәтініндегі тұрлаулы, тұрлаусыз мүше лердің астын сызыңдар. Пысықтауыштардың мағыналық түрлерін анықтаңдар

Саралау

Дайын тірек сөздер беріледі

(қорықта, көктемде, қорғау үшін, әдейі, сондықтан)

Бір сөйлемде екі пысықтауышты қолданады

Себеп–мақсат пысықтауышын салыстырады

Құндылық

Табиғатты қорғауға жауапкершілік

Ұлттық мұраны қадірлеу

Бірлесіп жұмыс жасау мәдениеті

ЕББҚ

Берілген дайын сөйлемнен пысықтауышты тап:

Қорғалжын қорығында көктемде қоқиқаздар мекендейді.

Жеке жұмыс 4-тапсырма

Суреттерге қарап, Ақсу-Жабағылы қорығының табиғатын сипаттап, жинақы мәтін жазыңдар. Сөз саны – 60–70. Мәтінде:

табиғат көрінісі;

өсімдік пен жануарлар әлемі;

қорықтың ерекшелігі қамтылсын

Саралау

Тірек сөздер ұсынылады:

таулы өлке, өзен аңғары, алуан түрлі өсімдік, сирек жануарлар, табиғи байлық

Құндылық

Табиғатты аялау

Экологиялық жауапкершілік

Ұлттық мұраны қадірлеу

ЕББҚ

Мәтін көлемі: 40–50 сөз

Дайын сөйлем бастамалары беріледі:

Ақсу-Жабағылы қорығы — …

Бұл жерде … өсімдіктер мен … жануарлар мекендейді.

Ауызша сипаттап беруге рұқсат етіледі



Кестемен жұмыс жасайды














Кестеден нақты дерек алады

Сөзді алмастырып (перифраза) сұрақ қояды

Мәтін стилін дәлелмен анықтайды






Мәтін мазмұнын салыстырады


Перифраза арқылы ойды астарлап жеткізеді


Стильдік ерекшелікті анықтайды




Ақпаратты іріктейді


Перифразаны саналы қолданады


Өз мәтініне сұрақ қояды





Жұпта талқылайды


Пысықтауышты табады


Мағыналық түрін анықтайды


Сөйлем мүшелерін ажыратады


Бір-бірінің жұмысын тексереді











Суреттерді мұқият қарайды


Негізгі белгілерді іріктейді


Жоспар құрады (кіріспе – негізгі бөлім – қорытынды)


60–70 сөз көлемінде мәтін жазады












Дескриптор 1

-кестеден маңызды 2–3 деректі анықтайды

-кемі 5 перифразалы сұрақ құрастырады

-мәтіннің публицистикалық стильде екенін дәлелдейді

3балл



Дескриптор 2

-екі мәтіннен ортақ ойды табады

-6 перифразалы сұрақ құрастырады

-стиль белгілерін (ақпараттылық, нақтылық, қоғамдық мән) атайды

3балл



Дескриптор 3

-8–10 сөйлем құрайды

-4 перифразаны орынды қолданады

-мазмұнды сұрақтар құрастырады

3балл













Дескриптор

-пысықтауыштың кемінде 5 мағыналық түріне сөйлем құрастырады;

-пысықтауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтайды;

-тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді дұрыс белгілейді;

-пысықтауыштың мағыналық түрін дәл көрсетеді.

4балл













Дескриптор

-тақырыпқа сай жинақы мәтін жазады;

-табиғат көрінісін нақты сипаттайды;

-мәтін құрылымын сақтайды;

-сөз санын (60–70) сақтайды;

-тілдік нормаларды дұрыс қолданады.

3балл










8-сынып оқулығы

Арман ПВ баспасы







Кесте




Үлестірме









Слайд








Жұмыс дәптері













А3 қағазы





Оқулық
























Суреттер


Сабақтың соңы


Кері байланыс: ЖИ

Бүгінгі сабақта не білдім?

Маған ұсынысыңыз не тілегіңіз

Қандай әдіс-тәсіл ұнады?

https://wordwall.net/resource/55216887/%D0%BA%D0%B5%D1%80%D1%96-%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D1%81

Үй жұмысы: 6-тапсырма

Қазақстандағы қорықтар туралы кестедегі мәліметтерді пайдаланып және ізденіп, бір қорық туралы мақала жазыңдар. Бес cөйлемін сөйлем мүшесіне талдаңдар.


Тақырып бойынша түйген ойларын айтады, қорытындылайды.



Кері байланыс береді





Дескриптор арқылы бағаланады




Мұғалім тарапынан кері байланыс


Қолдау, мадақтау,бағалау







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі