Қазақстандағы ұжымдастыру

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстандағы ұжымдастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар күштеп ұжымдастырудың ауыл шаруашылығын қалай бұзғанын, оның ашаршылыққа әкелген себептерін талдайды. Олар осы тарихи оқиғалардың қазақ халқының саны мен құрылымына (демографиясына) тигізген теріс әсерлерін анықтайды және осы саясаттың қоғамдық-экономикалық салдарын бағалайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Қазақстан тарихы

Бөлім:

Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып:


Сабақтың тақырыбы:

Қазақстандағы ұжымдастыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.4.1.2 күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау;

Сабақтың мақсаты:


Оқушылар күштеп ұжымдастырудың ауыл шаруашылығын қалай бұзғанын, оның ашаршылыққа әкелген себептерін талдайды. Олар осы тарихи оқиғалардың қазақ халқының саны мен құрылымына (демографиясына) тигізген теріс әсерлерін анықтайды және осы саясаттың қоғамдық-экономикалық салдарын бағалайды.

Құндылықтар

Тарихи сананы қалыптастыру, Әділдік пен жауапкершілік, Ел тарихына құрмет

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

уақыты

Педагогтің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу. Түгендеу

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Сөйлемді жалғастыр» әдісі: айдары. Оқушылардың бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлауына жағдай жасап, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруды ұйымдастырады. Арнайы ұяшықтар арқылы оқушылар құндылықтарды даралап көрсетеді. 

«Викторина» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы сұрау.

  1. Қазақстанда индустрияландыру саясаты қай жылы басталды?

  2. Индустрияландыру кезіндегі басты ұран қандай болды?

  3. Орталықтың ұсынған "отарлық" бағытына қарсы шыққан қазақ қайраткері кім?

  4. Индустрияландыру жылдарында салынған ең ірі теміржол магистралін атаңыз.

  5. Ф. Голощекиннің Қазақстанды дамытуға қатысты ұсынған идеясы қалай аталды?


Топтастыру кезеңі:

«Ұжымдастыру кезеңіне қатысты жасанды интеллект көмегімен жасалған тарихи суреттер арқылы

топқа бөлінеміз».

Топ атауы

Сурет мазмұны

1-топ

Көшпелі өмір

2-топ

Ұжымдастыру

3-топ

Ашаршылық

Алғашқы ой қозғау (психологиялық элемент)

Әр топқа сұрақ:

  • Бұл сурет сенде қандай сезім тудырды?

  • Осы сурет бүгінгі тақырыппен қалай байланысты?

Ойларын айтып сурет арқылы оқушылар бүгінгі сабақ тақырыбын болжайды.

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын мақсатын ашады.

Жаңа тақырыпты түсіну үшін бейнеролик көрсетіледі.

Жасанды интеллект көмекшісін тыңдап, құндылықтарға қатысты сөйлемдерді жалғастырады.

Өзін жайлы сезініп, шығармашылық ахуал қалыптастырады

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді













Әр оқушы экраннан бір суретті таңдайды;

Суреттер артқы бетінен топ мүшелер тізімі шығады

Оқушылар суретке қарап ойларын айтады

Сабақ тақырыбын болжайды


Жаңа тақырыппен танысу үшін видео ақпараттар беріледі.

Оқушылар тақырыпты дәптерге жазады

Жасанды көмекші арқылы оқушылар өздерін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалауы









Қалыптастыру бағалау




















Мадақтау (ауызша):
? «Өте әсерлі айттың!»
? «Өте қызық ой, рахмет!»
? «Тамаша, сен ойыңды өте дәл айттың!»

Google AI studio Veo 3 жасанды интеллектісі арқылы жасалынған бейне






































https://www.youtube.com/watch?v=ncq26Ai5Yco


Сабақтың ортасы

30 мин

Мәтінмен жұмыс (жеке жұмыс)

Оқулықтағы мәтінді оқыңыздар.

1-тапсырма.

«Маңыздысын тап»

Мәтіннен:

-Ұжымдастырудың екі мақсатын анықта;

- Ауыл шаруашылығына тигізген екі зардапты жаз.

2-тапсырма: «Қысқаша қорытынды»

«Мәтіндегі негізгі ойды 2–3 сөйлеммен қысқаша қорытындыла».


«Тарихи талдау» (жұптық жұмыс)

1-тапсырма: «Себеп – салдар»

Себеп

Салдар

Күштеп мал тартып алу


Ұжымдастырудың жедел жүргізілуі


Ашаршылық


2-тапсырма. Талдау, сипаттау,зерттеу

Голощекиннің «Кіші Қазан» бағдарламасын талдап, оның Қазақстандағы жүзеге асу жолдарын сипаттау.

Мал санының 1928 және 1933 жылдар арасындағы өзгерісін график түрінде салыстырып, талдау жасау.

Ұжымдастыруға қарсы болған көтерілістерді зерттеп, әр жұп өздерінің қорытындыларын қорғау.


«Талдау, анықтау, сипаттау» (топтық жұмыс)

1-тапсырма Әр топқа берілген сұрақтарға жауап беру

1-топ

Ұжымдастырудың ауыл шаруашылығына әсерін талда

2-топ

Ашаршылықтың себептерін анықта

3-топ

Демографиялық өзгерістердің салдарын көрсет


2 тапсырма Жасанды интеллект

ChatGPT-ке әр топ өз тапсырмасына сәйкес сұрақ қойыңыздар:

1 топ: Ұжымдастыру қалай жүргізілді?

2 топ: Неліктен ұжымдастыру саясаты «Ұлы нәубетке» айналды?

3 топ: Нәубет жылдарының демографияға қаншалықты әсері болды?

A) ЖИ берген жауаптан 2 пайдалы мәліметті бөліп жазыңыздар

В)Түсініксіз немесе күмәнді көрінген 1 тұсын белгілеңіздер

⚠️ Ескерту: Дайын мәтінді көшірмей, өз сөзіңізбен жазыңыздар.

3-тапсырма «Салыстыру»

Кітаптағы ақпарат пен ЖИ берген мәліметті салыстырыңыздар.

A)Ұқсастықтарын табыңыздар (кемінде 2)

B)Айырмашылықтарын анықтаңыздар (кемінде1)

C) Қорытынды жасаңыздар:

    • Қай ақпарат нақтырақ?

    • Қайсысы түсінікті берілген?

Оқушылар мәтінді оқып шығады, мәтінде берілген ең негізгі ойды тауып, тапсырма бойынша жұмыс жасайды.











Оқушылар жұптасып кестені толтырады және тапсырмаларды орындайды

























Оқушылар топтасып берілген сұрақтарға жауаптар дайындайды.











Оқушылар:

  • ЖИ жауабын алады;

  • Мәтіннен дәлел келтіріп, толықтырады;

  • Өз тұжырымын жазады.








Дискриптор:

Ұжымдастырудың мақсатын көрсетеді;

Зардаптарын анықтайды.

Мәтіндегі негізгі ойды қысқаша қорытындылап айтады.


Дискриптор:

Күштеп мал тартып алудың салдарын жазады Ұжымдастырудың жедел жүргізілуінің себептерін атайды; Ашаршылық салдарын жазады


Голощекиннің бағдарламасын талдап, жүзеге асу жолдарын сипаттайды.

Мал санының өзгерісін салыстырып, талдау жасайды

Ұжымдастыруға қарсы болған көтерілістерді зерттейді




Дискриптор



Ұжымдастырудың ауыл шаруашылығына әсерін талдайды


Ашаршылықтың себептерін анықтайды


Демографиялық өзгерістердің салдарын көрсетеді


ЖИ берген жауапты мұқият оқып Жауаптан 2 пайдалы мәліметті бөліп жазады

Түсініксіз немесе күмәнді көрінген 1 тұсын белгілейді



Кітаптағы ақпарат пен ЖИ берген мәліметті салыстырады.

    • Кемінде 2 ұқсастықтарын табады кемінде 1 айырмашылықтарын анықтайды






Оқулық

















ChatGPT жасанды интелекті

Сабақтың соңы

5 мин.

Сабақты бекіту

Қазақстандағы ұжымдастыру сәйкестендіру тапсырмасы


Тест” әдіс арқылы бағалау Оқушының бүгінгі сабақтан алған білімдерін қорытындылай келе, бірнеше тест сұрақтар қойып, тақырыпты меңгергендігін анықтаймын

Кері байланыс:

Үйге тапсырма: Қазақстандағы ұжымдастыру тақырыбына шағын эссе жазу


Тапсырманың шарттарына сәйкес жауаптарды анықтап, дұрыс шешімдер қабылдайды.





Оқушылар сұрақтарға смартфон арқылы жеке жауап береді


Бүгінгі сабақта түсінгені, түсінбегені туралы кері байланыс қалдырады.

Дискриптор:

  • Ұжымдастыру кезеңінің негізгі оқиғаларын түсінеді.

  • Тарихи деректерді талдай отырып, оларды дұрыс сәйкестендіреді.



Дискриптор

Жалпы балл-10 балл

Әр сұрақ 1 балл




https://wordwall.net/ru/resource/84996656










Socrsative қосымшасы арқылы тест алынады жауаптары автоматты түрде тақтадан көреді




Қазақстандағы ұжымдастыру туралы тест (8 сұрақ, жауаптарымен)

1-сұрақ: Ұжымдастыру саясаты Қазақстанда қай жылдары жүргізілді?
a) 1920–1925 жж.
b) 1928–1932 жж.
c) 1935–1940 жж.
d) 1941–1945 жж.
Дұрыс жауап: b) 1928–1932 жж.

2-сұрақ: Ұжымдастырудың негізгі мақсаты қандай болды?
a) Қазақстанда өнеркәсіп орындарын дамыту
b) Ауыл шаруашылығын социалистік негізде қайта құру
c) Білім беру жүйесін жақсарту
d) Мәдени революция жүргізу
Дұрыс жауап: b) Ауыл шаруашылығын социалистік негізде қайта құру

3-сұрақ: Ұжымдастыру кезінде қандай саясат қолданылды?
a) Ауыл шаруашылығы техникаларын тегін тарату
b) Мал-мүлікті тәркілеу және кулактарды жою
c) Шетелдік инвестицияларды тарту
d) Жеке меншік шаруашылықтарды қолдау
Дұрыс жауап: b) Мал-мүлікті тәркілеу және кулактарды жою

4-сұрақ: Ұжымдастыру кезінде Қазақстанда қанша халық ашаршылыққа ұшырады?
a) 1 миллион
b) 2 миллион
c) 3 миллион
d) 4 миллион
Дұрыс жауап: b) 2 миллион

5-сұрақ: Ұжымдастырудың Қазақстан халқына әсері қандай болды?
a) Халық санының өсуі
b) Ашаршылық пен көші-қон
c) Экономиканың жақсаруы
d) Демократиялық реформалардың енгізілуі
Дұрыс жауап: b) Ашаршылық пен көші-қон

6-сұрақ: Ұжымдастыру нәтижесінде қанша мал басы жойылды?
a) 50%
b) 70%
c) 80%
d) 90%
Дұрыс жауап: c) 80%

7-сұрақ: Ұжымдастыру саясатына қарсы болған көтерілістердің бірі қалай аталады?
a) Батпаққара көтерілісі
b) Орынбор көтерілісі
c) Қарқаралы көтерілісі
d) Созақ көтерілісі
Дұрыс жауап: d) Созақ көтерілісі

8-сұрақ: Ұжымдастырудың нәтижесінде Қазақстанның экономикасы қандай күйге түсті?
a) Өркендеу кезеңіне өтті
b) Шаруашылықтың құлдырауы орын алды
c) Экспорт көлемі артты
d) Инфрақұрылым жақсарды
Дұрыс жауап: b) Шаруашылықтың құлдырауы орын алды















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі