жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ ТИІМДІ ЕНГІЗУ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ ТИІМДІ ЕНГІЗУ
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, жаңартылған білім беру бағдарламасының тренері
Аюпова Назым Алиятқызы
Аннотация
«Қазақстандық білім беру жүйесіне интеграциялық үдерістерді тиімді енгізу» тақырыбының мақсаты қазіргі кезеңде кіріктірілген білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін белсенді оқыту, пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту т.б. озық педагогикалық әдістерді қолдану.
Мақаланың мазмұнында - бүгінгі таңдағы педагогтертің білім беру жүйесіндегі инновациялық ізденістері, білім беру үрдісін ұйымдастыруды өзгерту жолдары, оқу пәндерінің интеграциясы, дүниежүзілік білім беру мәселелеріне сәйкес оқыту мазмұнын мақсатты іріктеу мәселесі, сондай-ақ қазіргі білім берудегі оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқытудың маңыздылығы болып табылады.
Қазіргі заманауи жағдайындағы білім берудің болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып және үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда білім берудің сапасы мен деңгейін жан–жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ.
Бүгінгі таңдағы педагогтің білім беру жүйесіндегі инновациялық ізденістің мақсаты білім беру үрдісін ұйымдастыруды өзгерту, оқу пәндерінің интеграциясы, дүниежүзілік білім беру мәселелеріне сәйкес оқыту мазмұнын мақсатты іріктеу. Демек, Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқыту. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен рөл атқарады. Ал, кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс- тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыру.
Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде егемен еліміздің, қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі – білім беру саласы. Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең маңызды, жауапты, іс болып қала береді. Сондықтан, мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтары мен түрлі өзгерістері еліміздің білім беру саласына да өз әсерін тигізуде. Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігін туындатып отыр. Осыған орай мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде.
Ел болашағы – білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру – ұстаздар қауымына ортақ іс.
2016 жылдан бастап әлемдік тәжірибеге сүйеніп, 12 жылдық оқытуды бастау ұстаздар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. Қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалауы мүмкін.
Өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі, ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор – адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру – бүгінгі білім жолында жүрген ұстаздардың басты борышы.
Ел экономикасын өркендету, бәсекеге қабілетті болу тек қана кемел біліммен келетіні анық. Ұлттық білім жүйесінің халықаралық білім кеңістігіне шығуы, әлемдік стандарттарға сай қызмет етуде елімізде білім беру саласы көптеген іргелі өзгерістерді бастан кешуде. Жалпы отандық білім беру саласын әлемдік деңгейге шығару – Президенттің Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларда да анық көрсетілген. Сол себепті бәсекеге қабілетті маман дайындау еліміздің оқу орындарының мақсаты мен міндетіне айналып отыр.
Еліміздегі білім беру саласы және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиялық бағдарламасы төңірегінде қазіргі заманға сай білім берудің интеграциялық бағамдамаларының негізіне сай қызу еңбек етуде. Жалпы, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы елімізді онан әрі дамытудың алдағы кезеңге арналған ауқымды бағдарламасына айналып отыр. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген 25 жылда дәулетіне сәулеті сай, әлем таныған қуатты мемлекетке айналды. Қазір Қазақстан – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен ұстанымдарына берік қуатты мемлекеттердің бірі. Әлемдегі алмағайып дағдарыстар мен қиыншылықтарға қарамастан, экономиканы қарқынды дамытудың инновация мен индустрияландыру жолына түсіп отырмыз. Әрине, тым құбылмалы тарихи жағдайда жаңа сын-қатерлерді лайықты еңсеру үшін жаңа саяси бағыт, яғни «Қазақстан – 2050» Стратегиясын қабылдау қажет болды. Президент өз сөзінде елдің шешілуге тиісті міндеттері сапалық тұрғыдан өзгергенін атап көрсетіп, кезекті дүниетанымдық серпіліс жасау керектігін ескертті. Елбасы мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі әлемдегі ең жоғары дамыған 30 мемлекеттің қатарына енуін ұлттық саяси даму стратегиясын негізге ала отырып, осы уақыт ішінде бағындырылуға тиісті жеті басымдықты белгілеп берді. Олар – жаңа бағыттың экономикалық саясаты, әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері, білім және кәсіби біліктілік, мемлекеттілікті, қазақстандық демократияны өркендету, салиқалы сыртқы саясат және қазақстандық патриотизмді дамыту сынды мәселелер қамтылған. Нұрсұлтан Әбішұлының сапалы білім беруді жақсарту, ғылыми-инновациялық жұмыстардың өндіріспен байланысын жандандыра түсу, жастардың тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілуі, білім беру ісіндегі тәрбиенің рөліне ерекше мән беріп өтті. Білім жүйесін жаңғыртуда оқыту үдерісіне озық әдістеме мен технологияларды енгізу арқылы әлемдік білім кеңістігіне еркін енуге болатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Қазіргі білім берудегі интеграциялық процесстер кеңістігінде әлемдік елдердің озық тәжірибелерінен тәжірибе жинақтау негізі басшылыққа алынуда. Соның бірі оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқыту. Кіріктірілген сабақтардың құрылымы нақтылығымен, сыйымдылығымен, орамдылығымен, сабақтың әр сатысындағы оқу материалының логикалық өзара келісімімен, материалдың зор ақпараттық мүмкіндігімен ерекшеленеді.
Оқу үрдісінде пәндерді кіріктіре оқыту:
-ерекше дарынды оқушыларға мәнді де саналы оқуға;
- сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға;
-
жеке тұлғаның зерттеушілік типін
қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін
белсендіруге;
-оқушыға бір мезгілде
әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан
нәтижеге дейінгі барлық процесіне
бақылау жасауға;
-білім
берушілік, дамытушылық және танымдық
үшбірлікті ұстаздың шексіз шығармашылығы
тұрғысынан жүзеге асыруға;
-сабақтың
ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;
-оқушылардың
уәждемесін арттыруға, олардың оқу-танымдық
әрекетін белсендіруге, шаршағандары
мен қажуларын азайтуға;
-сабақ
үрдісінде өтілетін тақырыптың адам
және қоғам өмірімен тікелей байланысына
мән беруге;
-оқушылардың шығармашылық
ойлауын дамытуға;
- олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.
Қорыта келгенде, бүгінгі таңдағы педагогтің білім беру жүйесіндегі инновациялық ізденістің мақсаты білім беру үрдісін ұйымдастыруды өзгерту, оқу пәндерінің интеграциясы, дүниежүзілік білім беру мәселелеріне сәйкес оқыту мазмұнын мақсатты іріктеу. Демек, Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Бұл мұғалімнен өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Педагогикалық кәсіптің құпиясы тек оқыту ғана емес, не үшін және қалай оқыту. Бұл ретте мұғалімнің біліктілігі, әдіскерлігі үлкен рөл атқарады. Ал, кәсіби шеберліктің жоғарғы шегі шығармашылық еңбек, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен, өзгеріспен құра білу, яғни инновациялық қызметті жүзеге асыру. Оның негізгі көрінісі оқыту мен тәрбиелеудің, дамытудың технологияларын, әдіс- тәсілдерін ендіре отырып, жұмысты ұйымдастыру.
Пайдаланған әдебиеттер
1.
Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР
Президенті – Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауы (2012 ж 14 желтоқсан)
2.
Послание Президента Республики Казахстан
народу Казахстана «Новое десятилетие
- новый экономический подъем новые -
возможности Казахстана». www. akorda,kz.
3.
ҚР-ның 2011-2020жж. арналған білімді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы. Астана 2010
4.
К.З.Жақсылықова. XXI ғасырдағы білім беру
жүйесінің талаптары мен білім беру
ұйымы басшысының құзіреттілігін дамыту
мәселесі арасындағы байланыс
Педагогикалық әдістемелік журналы «Білім берудегі менеджмент» / К.З.Жақсылықова; №1, 2014.-13б/

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген