«Қазақстандық патриотизм деген не?»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақстандық патриотизм деген не?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандық патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, өз елінің тарихын, тілін, дінін, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін қастерлеу, Туымыз бен Әнұран, Елтаңбамызды құрметтеу, оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, шыңдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қазақстандық патриотизм деген не?»

Түрі: Ток шоу

Әдісі: Сұрақ – жауап, Талдау – жинақтау.

Өткізілген мерзімі: 06.03.2018 жыл

Өтілетін орны: Н.Гоголь орта мектебі


ЖҮРГІЗІЛУ ТӘРТІБІ

Мақсаты:

1. Қазақстандық патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, өз елінің тарихын, тілін, дінін, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін қастерлеу, Туымыз бен Әнұран, Елтаңбамызды құрметтеу,

оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, шыңдау.

2. «Патриот», «Қазақстандық патриотизм» деген ұғымдардың мағынасын түсіндіру.

3. Сын тұрғысында ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.


Кіріспе сөз.

Құрметті ток шоуға қатысушы оқушылар, қадірменді қонақтар!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын. Патриотизм деген гректің отандас, отан, туған жер деген сөзі. Біздің отанымыз Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген, көп ұлтты республика. Кең байтақ жері, қазақстандық Туымыз, Әнұран мен Елтаңбамыз бар. Бұл мақтанышты Қазақстан патриотизмін оятудың бір көзі деп білемін.


Қалыптасқан ұғым бойынша елін, жерін сүйіп, соған шексіз берілген адамды біз әдетте «Патриот» дейміз. Расында да «патриот» деген сөздің мағынасы терең. Кеңестік заманда коммунистік идеология «Советтік патриотизмді» барынша насихаттап, санаға сіңіруге тырысты. Қазір заман өзгерді. Еліміз тәуелсіздік алды. Бүгінгі ұрпақтың көзқарасы қандай? – деген сұрақ туындауда.

Ендеше ток шоуда қойылатын 5 сұрақпен таныс болыңыздар

  1. «Патриотизм» дегенді қалай түсінеміз?

  2. Екінің бірін патриот деуге бола ма?

  3. Нағыз патриот деп кімдерді айта аламыз?

  4. Адам бойындағы қазақстандық патриотизм сезімін қандай іс-әрекетінен көреміз?

  5. Патриоттық сезімге тәрбиелеу керек пе, әлде бұл қанға сінген қасиет пе?

«Патриот», «Қазақстандық патриотизм» деген сөздің мағынасын терең ұғыну үшін және тақырыпты ашу мақсатында сұрақтарға өз пікірлерін айтудан бастаймыз.

Бірінші сұрақ - «Патриотизм» дегенді қалай түсінеміз?

Өздеріңіз айтып отырғандай патриотизм дегеніміз біріншіден, өз тарихымызды, екіншіден, өз тілімізді құрметтеу болмақ. Үшіншіден, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт - дәстүрлерді, әдет - ғұрыптарды білген жөн. Төртіншіден, Абай атамыз айтқандай ұлттық қадір - қасиетімізді арттыруымыз керек.


Келесі сұрақ – «Екінің бірін патриот деуге бола ма?»

Сиднейде өткен Әлемдік олимпиадада орыс қызы Ольга Шишигина алғаш Қазақстан туын көтерді.Ұлы Отан соғысында елін жаудан қорғау үшін күрескен батырларымыз қаншама? Келешек ұрпақтарымызға мұра болып қалатын жерімізді, оның табиғи ресурстарын өз пайдасы үшін саудаға салатындарды патриот деп айтуға болмайды. Тегін білмейтіндерді, тілін ұмытқандарды да патриот демейді.

Патриот болудың негізгі 4 шарты бар:

  1. Отанын, жерін қорғау.

  2. Өз ұлтының ана тілін ардақтау.

  3. Ұлттық дәстүрді сақтау.

  4. Ұлтаралық интернационализм идеясына адал болу.

Осы төрт шартты орындап жүрген әр азаматты патриот деуге болады.


Үшінші сұрақ – «Нағыз патриот деп кімдерді айта аламыз?»

Ия, қазақ жерінің барлық патриоттарын тізіп, атап шығу мүмкін емес. Олар милиондаған адамдар. Мысалы, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 1986 жылы желтоқсанда алаңға шыққан қазақ жастары. Сондай – ақ, Дінмұхаммед Қонаев, мәртебелі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нағыз патриотты ер – азаматтар деп атауға болады.

Бұл сұрағымызды талдап жинақтау үшін сөз кезегі орталық маманы Зарина Затыбекқызына беріледі.

Төртінші сұрақ – «Адам бойындағы қазақстандық патриотизм сезімін қандай іс-әрекетінен көреміз?»

Құрметті оқушылар! Сіздердің жауаптарыңызды талдау үщін орталық маманы Бота Нұрланқызына сөз беріледі.

Қазыбек би өз сөзінде былай келтірді: «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз; ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі – тұзын ақтай білген елміз; асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз»

Қазақ халқының өз елін, жерін қорғаудағы қажырлығын, жанын аямайтын патриоттығын, такаппарлығын көрсетеді. Олай болса, сіздер жастар, осындай ұлағатты сөздерді санаға сіңіру арқылы нағыз патриот бола аласыздар.


Бесінші сұрақ – «Патриоттық сезімге тәрбиелеу керек пе, әлде бұл қанға сінген қасиет пе?»

Рахмет! Өте орынды айтып жатырсыздар яғни тумысынан патриот боп ешкім тумайды. Патриотизм қанға сіңген қасиет емес. Патриотизм – ақыл, ой – сананың салтанаты, табанды тәрбиенің жемісі.

Бүгінгі біздің кешіміз де өз мәресіне жетіп қалды. Егер сіздердің саналарыңыздағы жылт еткен сәулені үрлей білсек мақсатымызға жеткеніміз. Күні ертең үлкен өмірге қадам басқалы отырсыздар. Абай атамыз айтқандай, дүниедегі кетіктеріңізді тауып, кірпіш боп қаланасыздар. Орыс ақыны Некрасов та: «Ақын болу, болмау - өз еркің, азамат болу - міндетің» деген екен. Сіздердің болашақта өз еліне адал, қорған болар, өзге елге үлгі етер, нағыз патриот болатындарыңызға сенеміз.


Қорытынды Қазіргі таңда өсіп келе жатқан жас буындардың бойында ұлттық патриоттық сана - сезімді қалыптастыруға зиянын тигізіп отырған, оларға рухани жұтаңдық әкеліп отырған ақпарат құралдары өте көп. Сондай - ақ, көптеген жасөспірімдердің нашақорлыққа, маскүнемдікке, қаңғыбастыққа берілуінің сырын экономикалық жайттардан гөрі рухани босаңдықтан іздеген жөн. Жастардың бойында мәдениетімізге, қазақи барлық құндылықтарымызға, иманымызға деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, оларды құрметтеуге тәрбиелесек, еліміздің рухани байлығын сақтап қала аламыз. Сондықтан да жастар бірімізді біріміз бауыр тұтып, егеменді елімізді сүйіп, отбасымызды сүйіп, жүрегімізді мейірімге суарып, көңілімізді адалдықпен ақтап, салт - дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді, теңдесі жоқ Тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстан патриоттары болайық! Мен айтайын деген бір дүние осы еді.





«Алға Қазақстан!» әні шырқалады




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
1686
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі