Сабақтың
тақырыбы:Қазақстандықтардың Ұлы
Отан соғысының шешуші
шайқастарына
қатысуы.
Сабақтың
мақсаты:
А) Соғыс
жылдарында экономикада болған өзгерістер туралы ;
соғыстың шығу себебін ,сипатын
түсіндіру.Оқушыларға қазақ-стандықтардың Мәскеу және
Ленинград қалаларын фашисттерден қорғауда қосқан
үлесі жайлы мағлұмат
беру.
Б)Мәскеуде, Ленинградта және
басқа майдандарда қазақстандықтардың жасаған
жаппай ерліктерін көрсету,тақырыпты оқыта
отырып,Ұлы Отан соғысы жайлы білімдерін
одан әрі дамытуға жағдай жасау.Тарихи
оқиғаларға баға бере білу дағдыларын
қалыптастыруға көмектесу, ойлау қабілеттерін,
шығармашылық әрекеттерін
дамыту.
В)Оқушыларды Отан
сүйгіштікке ,елін ,жерін сүюге тәрбиелеу,қазақстандықтардың
ерлік істерін үлгі ете отырып,отан қорғаушыларға
деген құрмет сезімін ояту, өз елінің өткенін мақтан
тұтуға үйрету.
Сабақтың
түрі: Аралас
сабақ,жаңа білімді
меңгерту.
Сабақтың
әдісі: әңгімелеу, сұрақ
–жауап, СТО әдісі Слайд көрсету.
Пәнаралық
байланыс: География
Көрнекілігі: Суреттер, сызбалар
т.б
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
кезеңі
А)
оқушылармен сәлемдесу
Ә)
оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй
тапсырмасын
сұрау: Қазақстанның Ұлы Отан
соғысына қатысуы тақырыбын
А.Футбол ойыны арқылы сұраймын
( қағазға жазылған сұрақты мұғалім 1 оқушының алдына тастайды, ол
тез ашып оқып, білсе жауап береді, білмесе келесі оқушыға
лақтырады) ( 7 минут) Сұрақтар:
1.1939ж Қазақстан
тұрғындарының саны қанша болды
(6.2млн)
2.Өнер кәсіптегі жұмысқа қанша
мың адам жұмылдырылды (670 мың
адам)
3.Қорғасын – мырыш
комбинаттарының құрылысы жедел қарқынмен қай қалада
жүргізілді(Қарағанды, Ақтөбе,
Өскемен)
4.Республикада қанша миллион
адам әскери даярлықтан өтті
(2млн)
5.Көшіріліп әкелінген зауыттар
мен фабрикалар қай қалаларға
орналастырылды (Алматы. Орал.Шымкент)
6.Германия КСРО ға не себептен
соғыс ашты
Б. Ойынымыздың екінші түрі ол
«Мен саған,сен маған» ойын түрі, бұл ойында Мәскеу және Ленинград
топтары бір біріне сұрақ қояды.
1.Тыл жұмысшылары қандай
жұмыстар атқарды
2.Қазақ Кеңес Социалистік
Республикасы қай жылы құрылды
(1937ж)
3.XX ғасырдың қазақ халқына
сыйлаған ең үлкен жақсылығы
(Тәуелсіздік)
4.Қазақстан тәуелсіздігін
алғанда ең бірінші мойындаған ел
(Туркия)
5.Төл теңгеміз қашан шығарылды
(1992ж)
6.Ата заңымыз қашан
қабылданды ( 1992ж)
ІІІ. Үй
тапсырмасын
қорытындылау:
1Германия империясы үшін ең
қуатты қандай базаны құру
белгіленді
.2Фашистер басып алынатын
Кеңес аумағында нені жоспарлады.
3.Көшірілген кәсіпорындар
негізінде Қазақстанда қандай салалар пайда
болды.
YI.Жаңа сабақты
баяндау:
1.Слайд
көрсету






2.Ұлы Отан соғысының
алғашқы күндерінен бастап ақ қатарында мың-даған
қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері
барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы
кескілескен ұрыс
жүргізді.
Мәскеу түбінде
генерал-майор И.В.Панфилов қолбасшылық еткен даңқты
316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты.
1941жылы қарашада Дубосекова түбінде ұрыс салған
1075-атқыштар полкінің танк жоюшылар тобының ерлігі
елге мәлім болды.
Брест қамалын
қорғаушы
қазақстандықтар:А.Наганов,В.Фурсов,Қ.Тұрдиев,Ш.Шолтыров.
Кеңес Одағының
батырлары:М.Ғабдуллин,Т.Тоқтаров,Ж.Елеусізов.С.Нұрмағанбетов,М.Мәметова,А.Молдақұлова,
т.б.
Кеңес Одағының
батыры атағын екі мәрте алған
қазақстан-дықтар:Леонид Беда, Талғат Бигелдинов, Сергей
Луганский,Иван Павлов, Б.Момышұлы.
Қазақстандық партизандардың
жалпы саны 3,5 мың адамнан асып түсті. Олардың қатарында
Қ.Қайсенов, Ж.Ағаділов,Е.Воробьева, А.С.Егоров,
З.У.Құсайынов.
Соғыс Қазақстан
халқына үлкен сын болды,Онда социалистік
құрылыстың бұрмалануы да,соғыстың сұрапыл сындары да,
жанға батар шығындары да, жеңіс қуанышы да
,кескілескен ұрыстардағы ерлік те, еңбекпен өткен күнделікті
өмірдің қарапайым, ұлылығы да өз көрінісін
тапты.
Біздің
жерлестеріміз.
Талғайран ауылынан
соғысқа қатысқандар туралы
әңгімелеу.
1.Жиреншин
Емберлі,
2.Досалин
Тұрғали
3.Жұмалин
Ізбасар
4.Шобақов
Сәрсенғали
5.Кадиршин
Жұбан
6.Рамазанов
Әмір
7.Қуатов
Қарақойшы
8.Демесінов
Молдақұл
Ү.
Тапсырмалар
орындау:
1)Ұлы Отан соғысының шешуші
шайқастары болған жерлерді көрсет
?
карта
2) Қазақстандық 316-атқыштар
дивизиясы қай жерде шайқасты ?
карта
Сандар сөйлейді: 1.1991ж
- Тәуелсіздігімізді алған жыл
2.1998ж – ҚРның астанасы
Астана қаласы болып бекітілді.
3. 2030 бағдарламасы Барлық
қазақстандықтардың өсіп өркендеуі қауіпсіздігі және әл- ауқатын
арттыру.
4. 2006 Менің Қазақстаным
ресми әнұран болып қабылданды.
5. 2018 Қазақстандағы
Өзбекстан жылы
ҮІ.
Бекіту:
1)Кеңес Одағы үшін
Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастары қай жерлерде
,қай кезде болды?
2)Қазақстандықтар
ол шайқастардың қайысына
қатысты?
3)Сталинград шайқасында Қазақ
КСР-і қандай роль атқарды?
4)Қазақстандық жастардың соғыс
кезінде көрсеткен көмегі қандай
болды?
5)Атыраулық Кеңес
Одағының Батырларының қандай ерліктерін
айта аламыз.
ҮІІ.Үйге
тапсырма
беру: Қазақстандықтардың Ұлы Отан
соғысының шешуші
шайқастарына
қатысуы /оқуға/Реферат: «Ұлы
Жеңіске қосқан үлес»