Қазақстанның әскери тарихы және қазіргі заманғы қорғаныс стратегиясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанның әскери тарихы және қазіргі заманғы қорғаныс стратегиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сабақ өту барысында тиімді тұстары өте көп. Қазіргі әскеріміз бен қорғаныс стратегиясы туралы нақты ақпараттар берілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

1-қосымша



Қазақстанның әскери тарихы және қазіргі заманғы қорғаныс стратегиясы


Бейсенбай Нұрсұлтан Бейсенбайұлы

Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі

Көкөзек ауылындағы орта мектебі

Алматы облысы, Қарасай ауданы

nursultan.kokozek@gmail.com

Сапалы 3*4 фото (эл. нұсқасы бар болған жағдайда)




Аңдатпа

«Қазақстанның әскери тарихы және қазіргі заманғы қорғаныс стратегиясы» авторлық бағдарламаның негізгі бағыты-оқушыларды әскери қызметке және азаматтық өмірге қажетті білімдермен, дағдылармен және құндылықтармен қамтамасыз ету. Бұл пән оқушыларға патриоттық тәрбие беріп, олардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттырады, елінің тарихына, мәдениетіне және ұлттық құндылықтарына құрмет сезімін қалыптастырады. Сонымен қатар, азаматтық жауапкершілік пен Отан қорғауға дайын болуды тәрбиелейді. Сабақ барысында оқушылар әскери қызметтің құрылымы мен ұйымдастырылуы, әскери бөлімшелердің міндеттері туралы білім алады. Қару-жарақ пен әскери техника туралы түсінік беріліп, оларды пайдалану ережелері үйретіледі. Әскери тактика мен стратегияның негізгі принциптері түсіндіріледі.

Түйін сөздер: Әскери тактика, стратегияның негізгі принциптері, қару-жарақ пен әскери техника туралы түсінік


Қазақстанның әскери тарихы бай әрі күрделі, ол ұлттық бірегейлік пен патриотизмнің қалыптасуына үлкен әсер етті. Ежелгі сақ-ғұн дәуірінен бастап қазақ хандығының құрылуы, жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес және ұлт-азаттық қозғалыстарының маңызды рөлін атап өту қажет. Кеңес дәуірінде қазақстандықтар Ұлы Отан соғысына белсенді қатысты, ал тәуелсіздік алғаннан кейін, Қазақстан өз қарулы күштерін құруға және дамытуға кірісті. Қазіргі заманғы қорғаныс стратегиясы ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Бүгінгі таңда Қазақстанның қарулы күштері заманауи технологиялармен жабдықталып, халықаралық миссияларға қатысуда. Елдің геосаяси жағдайы жаңа қауіптерге дайын болуды талап етеді. Сондықтан да, әскери доктрина тұрақты түрде жаңартылып, стратегиялар қайта қарастырылып отырады. Қазақстан халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда ҰҚШҰ және БҰҰ-пен тығыз байланыста, бұл оның қорғаныс қабілетін арттыруда маңызды. Әскери тарих пен заманауи қорғаныс стратегиясы арасында сабақтастық бар, бұл тәжірибенің қазіргі қауіптерге бейімделуге мүмкіндік береді.

Авторлық бағдарламаға жалпы сипаттама:

«Қазақстанның әскери тарихы және қазіргі заманғы қорғаныс стратегиясы» авторлық бағдарламаның негізгі бағыты- қушыларды әскери қызметке және азаматтық өмірге қажетті білімдермен, дағдылармен және құндылықтармен қамтамасыз ету. Бұл пән оқушыларға патриоттық тәрбие беріп, олардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттырады, елінің тарихына, мәдениетіне және ұлттық құндылықтарына құрмет сезімін қалыптастырады. Сонымен қатар, азаматтық жауапкершілік пен Отан қорғауға дайын болуды тәрбиелейді. Сабақ барысында оқушылар әскери қызметтің құрылымы мен ұйымдастырылуы, әскери бөлімшелердің міндеттері туралы білім алады. Қару-жарақ пен әскери техника туралы түсінік беріліп, оларды пайдалану ережелері үйретіледі. Әскери тактика мен стратегияның негізгі принциптері түсіндіріледі.

Авторлық бағдарлама өзектілігі: Алғашқы әскери дайындық бағдарламасының негізгі өзектілігі оқушыларды әскери қызметке және азаматтық өмірге дайындау, патриоттық тәрбие беру және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Бұл бағдарлама оқушыларға елін қорғауға дайындық, жауапкершілік пен тәртіптілік, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Сонымен қатар, дене шынықтыру және командалық жұмыс дағдыларын дамытып, оқушыларды физикалық және моральдық тұрғыдан нығайтады. Бағдарлама қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және азаматтық борышты орындауға дайын болуда маңызды орын алады.

Бағдарламаның мақсаты:

Оқушыларды Қазақстанның әскери тарихымен таныстыра отырып, Тәуелсіздік жолындағы күрестерді, тарихи тұлғалардың ерліктерін зерделеу және қазіргі заманғы қорғаныс жүйесі мен ұлттық қауіпсіздік стратегиялары туралы кешенді білім беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

- Ежелгі дәуірдегі сақтар мен ғұндардың әскери өнерін зерделеу.
- Түрік қағанатының әскери құрылымын салыстырмалы талдау.
- Қазақ хандығы кезеңіндегі әскери жүйені зерттеу.
- Жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі батырлардың рөлін түсіндіру.
- Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуын бағалау.
- Тәуелсіз Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылу жолдарын зерделеу.
- Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының маңызын меңгеру.
- Әскери тарих пен қазіргі қорғаныс стратегиясы арасындағы байланысты талдау.

Бағдарламаның ғылымилығы:

Бағдарлама мазмұны отандық және әлемдік әскери тарих, геосаясат, қорғаныс саясаты, халықаралық қатынастар салаларындағы ғылыми еңбектерге, сондай-ақ ҚР ресми стратегиялық құжаттарына (ҚР Қауіпсіздік Кеңесі материалдары, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, ҚР Қорғаныс министрлігі мәліметтері) сүйенеді.

Бағдарламаның жаңашылдығы:

Қазақстанның әскери тарихын тұтас жүйелі кезеңдерге бөліп, оны қазіргі заманғы қорғаныс стратегиясымен сабақтастыра қарастыруында. Бағдарламада тек тарихи оқиғалар ғана емес, сонымен қатар бүгінгі Қазақстанның әскери доктринасы, ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, киберқауіпсіздік, халықаралық бітімгершілік миссияларға қатысу секілді заманауи тақырыптар кең қамтылған.

Бағдарлама оқушылардың тек тарихи фактілерді меңгеруін емес, сонымен қатар қазіргі әлемдік геосаяси үдерістер мен әскери қауіптерді сыни тұрғыдан талдауына, қорғаныс саласына қатысты ой қалыптастыруына, патриоттық және азаматтық жауапкершілікті сезінуіне ықпал етеді.

Бағыты:
Патриоттық тәрбие, тарихи сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілік пен ұлттық қауіпсіздік түсініктерін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

  • Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі әскери тарихын жүйелі түрде танып-біледі;

  • Қазақ халқының отансүйгіштік рухын қалыптастырған тарихи тұлғалардың (батырлар, хандар, сардарлар) ерлігін бағалайды;

  • Қарулы Күштердің құрылымы мен қазіргі заманғы қорғаныс стратегиясының бағыттарын түсінеді;

  • Ұлттық қауіпсіздік, әскери доктрина, заманауи соғыс тәсілдері, киберқауіпсіздік сияқты ұғымдарды ажыратып, талдай алады;

  • Халықаралық әскери ынтымақтастықтың, соның ішінде ҰҚШҰ, БҰҰ миссиялары мен бітімгершілік қызметтің мәнін түсінеді;

  • Әскери-патриоттық тәрбие негіздерін меңгеріп, Отан қорғау міндетіне жауапкершілікпен қарау ұстанымын қалыптастырады;

  • Қазақстанның әскери тарихы мен қазіргі қорғаныс саясаты арасындағы сабақтастықты анықтай алады.

Негізгі идеясы:

Ұлттың тарихи жадын жаңғырту және қазіргі заманғы қауіпсіздік түсінігін қалыптастыру арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтық жауапкершілікке және елді қорғауға дайын тұлға ретінде тәрбиелеу.

Оқытудың логикалық негізі: Бағдарлама құрылымы тарихи дамудың ішкі заңдылықтарына және оқытуда жүйелілік, сабақтастық, бірізділік қағидаларына негізделеді. Оқыту мазмұны өткен мен қазіргі кезеңді байланыстырып, оқушылардың білімін кезең-кезеңмен тереңдетіп отыруды көздейді.

Пәнаралық байланыс: Тарих, Құқық негіздері, Саясаттану және әлеуметтік ғылымдармен

Бағдарламаның практикалық маңызы:

  • Бағдарлама оқушыларға өз елінің әскери тарихын, батыр тұлғаларын, ерлік дәстүрін таныстыра отырып, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметті сіңіруге мүмкіндік береді.

  • Жаһандық және аймақтық қауіп-қатерлерді, қорғаныс стратегияларын зерделеу арқылы оқушылар елдің қорғаныс қабілетіне және ұлттық қауіпсіздікке сергек қарап үйренеді.

Қарулы күштер құрылымы мен әскери мамандықтар туралы мағлұмат беру арқылы оқушылардың болашақта әскери қызметті немесе қорғаныс саласындағы мамандықтарды таңдауына бағыт береді.

Қазақстанның әскери тарихы және қазіргі заманғы қорғаныс стратегиясы”


1-сабақ





10

Қазақстанның әскери тарихын зерделеудің маңызы

Қазақстанның әскери тарихын оқып-зерттеудің маңызын түсіну.

Оқушы әскери тарихтың ұлттық сана мен патриотизмге ықпалын түсіндіре алады.


Оқушыларды қарсы алу және сабақтың мақсаттарын түсіндіру.

Мұғалімді тыңдау және сабақтың мақсаттарын түсіну.

Пассивтік бақылау.

Слайдтар немесе тақта.

Қазақстанның әскери тарихы туралы дәріс оқу және сыни-сараптамалық сұрақтар қою.

Қазақстанның әскери тарихын зерттеу бойынша қысқамерзімді тест тапсырмалары
1. Қазақстанның әскери тарихындағы ең маңызды оқиғалардың бірі қайсысы болып табылады?

A) Орбұлақ шайқасы

B) Қазақ хандығының құрылуы

C) Ұлы Отан соғысы

D) Қазан төңкерісі

2. Орбұлақ шайқасы қай жылы болды?

A) 1643 жылы

B) 1723 жылы

C) 1837 жылы

D) 1917 жылы

3. Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан қандай елдің құрамында болды?

A) Ресей Федерациясы

B) Кеңес Одағы

C) Қытай Халық Республикасы

D) Моңғол Халық Республикасы

4. Қазақ хандығы қай жылы және қай қалада құрылды?

A) 1465-1466 жж. Шу өзені бойында

B) 1731 жылы Петропавлда

C) 1920 жылы Алматыда

D) 1991 жылы Астанада

5. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең алғашқы әскери келісімі қай мемлекетпен жасалды?

A) Қытай

B) Ресей

C) АҚШ

D) Өзбекстан

Қазақстанның әскери тарихын зерттеу

Қазақстанның әскери тарихындағы маңызды оқиғаларды сәйкес командирлерімен сәйкестендіріңіз.

Тапсырма 1: Қазақ хандығының әскери құрылымы

Қазақ хандығының әскери құрылымының негіздерін сипаттаңыз және оның қалай жұмыс істегенін зерттеңіз.

Дәрісті тыңдау және сұрақтарға жауап беру.


Қазақстанның әскери тарихын зерттеу бойынша қысқамерзімді тест тапсырмалары

Тапсырмаларды орындау арқылы Қазақстанның әскери тарихы туралы біліміңізді тексеріңіз және жауап нұсқаларының ішінен дұрысын таңдаңыз.







Қазақстанның әскери тарихын зерттеу



Әрбір оқиғаға дұрыс командирді таңдап, сәйкес фамилияны жазыңыз.









Тапсырма 1: Қазақ хандығының әскери құрылымы



Студент қазақ хандығының әскери құрылымын зерттеп, оның негізгі элементтерін анықтайды.

Белсенділік және қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы бағалау.

Тәрбиеші барлық жауаптарды тексеріп, әр дұрыс жауапқа 1 балл қояды. Толық дұрыс жауап алған оқушыларды марапаттау.
















Әр дұрыс сәйкестікке 1 ұпай беріледі. Жалпы ұпай 5-тен жоғары болса, тапсырма дұрыс орындалған болып саналады.





Жұмыстың тереңдігі, дереккөздерге сүйенуі және деректерді дәлелді түрде қолдануы негізінде бағаланады.

Презентация материалдары, тарихи карталар.
































Сабақтың негізгі тұжырымдамаларын қайталау және рефлексия жүргізу.

Рефлексия жасау, сабақта не үйренгендерін жазу.

Өзін-өзі бағалау.

Оқушы дәптері немесе кері байланыс парағы.





2-сабақ





10

Әскери ілім негіздері және ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы

Әскери ілім мен ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасының негізін меңгеру.

Ұлттық қауіпсіздік құрылымын сипаттай алады, негізгі ұғымдарды ажыратады.


Оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстыру, сабақ мақсаттарын айқындау.

Оқушылар сабақтың мақсаттарымен және тапсырмаларымен танысады.

Түсіну деңгейін бағалау сұрақтары.

Презентация тақта.

Әскери ілім мен ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасының мазмұнын түсіндіру. Тақырыпты талқылау үшін топтық жұмыс ұйымдастыру.

Әскери ілім негіздері және ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы бойынша тест
1. Ұлттық қауіпсіздік құрылымдарының негізгі міндеттері қандай?

2. Әскери ілімнің негізгі принциптері қандай?

3. Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасының мақсаты не?

4. Әскери жаттығулардың ұлттық қауіпсіздік үшін маңызы неде?

5. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылатын негізгі тәсілдер қандай?

Ұлттық қауіпсіздік негіздері және әскери ілім
Ұлттық қауіпсіздік құрылымын сипаттаңыз және оның негізгі ұғымдарын сәйкестендіріңіз.



Әскери ғылым мен ұлттық қауіпсіздік түсініктері
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік құрылымын мысал ретінде қарастырып, оның негізгі элементтерін анықтаңыз. Ұлттық қауіпсіздіктің негізгі үш аспектісін түсіндіретін қысқаша эссе жазыңыз.

Топта жұмыс жасап, берілген тақырып бойынша талқылау. Әскери және қауіпсіздік мәселелерін талдау.


Әскери ілім негіздері және ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы бойынша тест

Әр сұраққа дұрыс жауапты таңдап, белгілеу керек.



Ұлттық қауіпсіздік негіздері және әскери ілім

Төмендегі терминдерді сәйкес мағыналарымен сәйкестендіріңіз: Ұлттық қауіпсіздік, Әскери стратегия, Қауіп-қатерлерді болжау, Қорғаныс саясаты, Ұлттық мүдде.

Топтық жұмысты бақылау арқылы бағалау.

Әр дұрыс жауап 1 баллдан беріледі. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген жағдайда 5 балл аласыз.

Әр дұрыс сәйкестендірілген термин үшін 1 балл беріледі.


Эсселер Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік құрылымының дұрыс сипатталғандығы мен аспектілердің нақты түсіндірілгендігі негізінде бағаланады.


Сабақты қорытындылау, рефлексия жасауға бағыттау сұрақтарын қою.

Оқушылар рефлексия жасайды, өз ойын білдіреді.


Өзін-өзі бағалау парақшасы.

Рефлексия сұрақтары, кері байланыс парағы.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Астана: ЮРИСТ, 2022.

  2. Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери міндет» туралы Заңы. – Астана, 2021.

  3. Қазақстан Республикасының 2021 жылғы әскери доктринасы. – Астана, ҚР Қорғаныс министрлігі.

  4. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін), 5 томдық. – Алматы: Атамұра, 2010.

  5. Қозыбаев М.Қ. Тарих тағылымы не дейді? – Алматы: Қазақ университеті, 1998.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі