жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Қазақстанның астаналары. Сан есім, оның түрлері»
Искакова Динара Габдолловна
Нұр-Сұлтан қ. Политехникалық колледжі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы
Тақырыбы: «Қазақстанның астаналары. Сан есім, оның түрлері»
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның астаналары туралы білім алушылардың білімдерін одан әрі толықтыру; сан есім және оның түрлерін жүйелеу.
Міндеттері:
Білімділік: Қазақстанның астанасы болған қалалар туралы білімдерін кеңейту; сан есім және оның түрлерін ажыратып, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: білім алушылардың ауызекі сөйлеу тілін және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: білім алушыларды елжандылыққа, отансүйгіштікке және елін, жерін, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдістемелік мақсат: сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін қолдану.
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру сабағы
Оқыту әдісі: сөзбен, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс
Өткізу нысаны: жеке және топтық бірлескен жұмыс
Пәнаралық байланыс: «Қазақстан тарихы»,«Орыс тілі»,«География»
Құрал-жабдықтар:интерактивті тақта, презентация, үлестірмелі қағаздар, ватман, маркер, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.1 Қазақстан Республикасының әнұранын орындау
1.2 Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу. Кезекшімен сұхбат.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
2.1 «Ыстық орындық» әдісі. Қазақстан жері. Етістіктің шақтары. (Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын ашу.
Ән тыңдау.(Тақтаға көңілдерін бөлу. Әнде Қазақстанның барлық қалалары аталады. Презентация).
Ән не туралы? (Қазақстанның қалалары)
Дұрыс, бұл әнде Қазақстанның қалаларының атаулары айтылып шықты. Бірақ біз бүгін Қазақстанның барлық қалалары туралы емес Қазақстанның астаналары болған қалалары туралы және сан есім, оның түрлерін білетін боламыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы дәптерлемізге жазып алайық «Қазақстанның астаналары. Сан есім, оның түрлері»
Сөздік жұмысы.«Баспахана» әдісі.
-Жаңа сабаққа қатысты сөздермен жұмыс жасайық. (Тақтада жаңа сөздер жазылып тұрады. Сөздерді мәнерлеп оқимын; білім алушылар дауыстап қайталайды; дәптерге жазады; кезек-кезек қайталап айтады)
3.3 «Джиксо» әдісі «Ойлан – бөліс-талқыла»
Жаңа сабақты біз топқа бөлініп өтеміз.(Топқа бөліну үшін шеңберге тұрып 1-ден 4-ке дейін санайды).
- Өзара ақылдасып топ басшысын және бағалаушыны сайлап алыңдар. Сабақты бағалаушы бағалайды.
Топтардың атаулары: 1-топ «Орынбор». 2-топ «Қызылорда». 3-топ «Алматы»
4-топ «Астана»
- Сіздерге топтарыңның атауларыңа байланысты мәтін берілді. Мәтінмен танысып, постер құрастырасыздар. Кейін қорғайсыздар. Сонымен қатар бағалаушыларға дұрыс бағалау үшін бағалау парағы және критерийлер беріледі. (Критерийлер: 1.Ой анықтығы; 2. Эстетикалық талғамы; 3. Сауаттылығы; 4.Сөйлеу шеберлігі)
1-топ.«Орынбор»
Орынбор - тұңғыш астана. 1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды. Осы тұста Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі сол кезде қазақ жерінің құрамдас бір бөлігі саналатын. 1731 жылы Әбілқайыр хан рессейге қарау туралы ант берген. Сөйтіп, Орынбор бекінісі Ресейдің бүкіл орталық Азияны басып алуының кілті болған.
Орынбордың кадет корпусында қазақтың 30-дан астам жігіттері білім алған. Олар өз елінің алғашқы зиялылары аталған. Араларында қоғам қайраткерлері Халел Досмұхамедов ағайынды Сейдалиндер және тағы басқа белгілі азаматтар болған. Қазақ халқын алғаш өнерге, білімге үндеген «Айқап» жорналы осы қалада басылып шыққан.
Орынборда А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Қаратев, М. Дулатов, М.Шоқаев және т.б. қазақ зиялалары жұмыс істеп, еңбектер жазған.
2-топ. «Қызылорда»
1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті. Сөйтіп, Ақмешіт бекеті, қазіргі Қызылорда қаласы астана болды.
Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді. Басқа елдер мен халықтарға Сыр десе, тоқшылық пен молшылық елестейтін. Аз ғана уақыттың ішінде қалаға бүкіл қазақ жерінен қазақтың оқыған азаматтары, ақындар, әншілер жиналды. Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сұлтанбек Қожанов, Ахмет Байтұрсынов осы Сыр өңірінде еңбек етті.
Қалада тұңғыш музыка театры ашылды. Онда Қалибек Қуанышбаев, серке Қожамқұлов, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары өзінің талантымен танылды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н. Бекежанов атындағы облыстық театрдың ғимараты бой көтерген.
Қазіргі Қызылорда – ақ күршітің атасы Ыбрай Жақаевтың Отаны. Газ бен мұнай өнеркісібінің орталығы.
3-топ.«Алматы»
1929 жылы Қазақстан атанасы Қызылордан Алматыға көшіп келді. Басын қар басқан алатаудың етегіне орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы Қазақстан Республикасының орталығы болуға лайық еді.
Алматы- көне қала. Археологтардың айтуы бойынша бұдан екі мың жыл бұрын Алматының орнында бұрын да қала болған. Ежелгі заманның өзінде-ақ Алматы деп аталған.
1854 жылы Кіші Алматы өзенінің бойында іргетасы қаланған. Сол кезде ол әскери бекініс болатын. Алматыға «Верный» («сенімді» деген мағынада) деген ат берілді.
1921 жылы қалаға ежелгі Алматы аты берілді. 1929 жылы Алматы Қазақстанның астанасы болды. Сол жылы Алматыға алғашқы пойыз келеді.
Қазіргі Алматы – өңдірістің, ғылым мен мәдениеттің, өнердің аса ірі орталығы. Қазіргі кезде миллионнан астам көп ұлтты халық бар.
Республика тәуелсіздігінің белгісі- Алтын адамның биік бағана үстінде орнатылған мүсіні алыстан көз тартады.
4-топ «Астана»
Егеменді еліміздің Елордасы – Астана. Есіл өзенінің бойында 1824 жылы әскери бекініс ретінде пайда болған. 1868 жылы қала мәртебесін алды. Бүгінгі күні Астанада 80-ге тарта ұлт өкілдері тұрады. Астана – Қазақстанның астанасы.
Астана қаласы Сарыарқа даласында Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Еуропа мен Азияны жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолының бойындағы қала. Бүгінде Астана қаласы Қазақстанның саяси, экономикалық мәдени және ғылыми орталығына айналды. Астанада Президент Ақордасы, Парламент сенаты мен мәжіліс иелері, Конгресс-холл, мұражайлар, мәдени орындар бой көтерген.
Қазақстанның астанасы. 1998 жылдың 6 мамырынан бастап Астана қаласы. ҚР рәміздері туралы әңгімелеп өту.
Елордамыздағы Астана – Бәйтерек монументі еліміздің бүгіні мен келешегінің көрінісі. Бұл Бәйтеректің биіктігі-97 метр.
«Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев.
3.4 Сергіту сәті.
Сіздердің болашақ мамандықтарыңыз «Туризм» болғандықтан қалалардың көрікті жерлерін білулеріңіз керек. Сол себепті сергіту сәті ретінде осы тапсырманы орындайық (сандардың артында қалалардың аттары жазылып тұрады, таңдаған қалалардың көрікті жерлерін айтады. Мамандықтарымен байланыстыру)
3.5 Жазылым.
Сан есімді еске түсірейік.
Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып, олардың қандай сан есім екенін айтыңыз.
... саусақ бірдей емес. 2. Білекті ... жығады, білімді ... жығады. 3. ... кісінің түсін білгенше,...кісінің атын біл. 4. ... ала болса ауыздағы кетеді, ... түгел болса, төбедегі кетеді. 5. ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. 6. Бірінші байлық –денсаулық, ... байлық –ақ жаулық.
Керекті сөздер: бірді, бес, мыңды, алтау, тоқсан, төртеу,екінші, бір, мың
ІV. Тақырыпты бекіту.
4.1 «Жылдар сөйлейді»
Экранда сөйлемдер шығады. Білім алушылар тұсына сәйкес санды немесе жылды қаламмен басады. Дұрыс жауапты жазса, көңілді смайлик шығады, қате жазса, көңілсіз смайлик шығады.
Берілген сөйлемдер |
жауаптар |
шартты белгілер |
Орынбор бас қала болып қай жылы жарияланды? |
1920ж |
|
Астана қаласы еліміздің нешінші астанасы ? |
4 |
|
Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға нешінші жылы көшті? |
1925ж |
|
Бүгінгі күні Астанада нешеге тарта ұлт өкілдері тұрады? |
80-ге |
|
Нешінші жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталды? |
1998 |
|
«Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының шатыры неше метрге жуық |
150 |
|
Сан есімнің неше түрі бар? |
6 |
|
Алматыға «Верный» («сенімді» деген мағынада) деген ат қашан берілді? |
1854 |
|
Үш бүтін оннан бес санын санмен жазыңыз. |
3,5 |
|
Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім нешінші жылы қабылдады? |
1997 |
|
Алматы қаласы неше жыл Қазақстанның астанасы болды? |
68 |
|
Астана-Бәйтерек» кешенінің биіктігі? |
97м |
|
V. Рефлексия
«Көңіл күй ағашы» (тақтада алма ағашының суреті ілулі тұрады, білім алушылар сабақта алған әсерлеріне байланысты түсті жапсырады)
VІ. Сабаққа қорытынды жасау және бағаға түсінік беру
VІІ. Үйге тапсырма беру: Мәтіннің маз

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген