400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері, кызылша және картоп

Материал туралы қысқаша түсінік
Технология пән мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Ауыл шаруашылығы өндірісі туралы жалпы мәлімет

Білімділік: Оқушылардың егіншілік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: егіншілік жүйесі туралы білім, білік және дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: оқущыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекіліктер мен құрал – жабдықтар: түрлі түсті суреттер, кітап, плакат.

Пәнаралық байланыс: биология

Сабақтың жоспары.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Кіріспе инструктажы

5. Сарамандық жұмыс

6. Бекіту инструктажы

7. Жұмыс орнын жинақтау

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.

Өткен жылғы тақырыптарды қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жалпы адамзат ерте заманда қолданған және қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі үшке бөлінеді: қарапайым, эксткенсивті және интенсиві.

Егіншеліктің қарапайым жүесі топырақтың табиғи құнарлығын пайдалануға негізделген. Бұл – егіншіліктің алғашқы кезеңіне және ерекшелік. Ол үшін ерте заманда адамдар орман алқаптарында егін салу үшін ағаштарды кесіп не өртеп егістік жер дайындаған. Осылай орманнан тазартылған жерлерге 3-5 жылдай дәнді дақыл егілген. Танаптарда арамшөптер көбейіп, топырақтың құнарлығы азайып, өнім төмендей бастағанда, бұл жерді тастап, орманнан жаңа жер дайындаған.

Диқандар тастап кеткен танаптарда қайтадан табиғи шөптер мен ағштар өсіп, көп жылдар өткен соң, жердің құнарлығы қайтадан қалпына келген.

Тың жерге тән көп жылдық шөптер қаулап өсе бастаған кезде диқан ол жерді қайта жыртып егін салған. Міне, егіншіліктің қарапайым жүйесі осылай іске асырылған.

Егіншіліктің экстенсивті жүйесі қарапайым жүйесіне қарағанда көп жоғары тұр. Бұл жүйенің нәтижесінде егіске жарамды жерлерді пайдалану едәуір жақсарды. Халық санының өсуіне байланысты егін алқабының аумағы үлкейді. Жерге жеке меншік пайда болды, енді диқан бұрынғыдай кез келген жерді егістіккке арнап жыртуы мүмкіндігінен айырылды. Сөйтіп топырақ құнарлығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттігі туды. Ондай тәсіл табылды, ол – танапты парға қалдыру. Жерді парға қалдырғанда, армшөптерді құртуға, топырақтың құнарлылығынын көтеруге мүмкіндік туады, яғни танапта ештеңе егілмесе де, жаз бойы бапталып, күтіледі. Сөйтіп егіншіліктің пар жүесі шықты. Кейін парға қалдырылған танаптарға ор қалдырылған танаптарға органикалық, минералдық тыңайтқыштар берілетін болды.

Алғашқы ауыспалы егіс екі танаптан тұрады. Бір танапты парға қалдырып, екіншісіне астық дақылдары егілді. Бірте-бірте екі танапты ауыспалы егіс пайдаланыла бастады. Танапқа бір жыл күздік дақыл, екінші жылы жаздық дақыл егіліп, үшінші жылы оны парға қалдыратын болады. Егістіктің қарапайым түріне қарағанда, пар жүйесі астық дақылдарынан анағұрлым мол өнім жинауға, егіске жарамды жердің жыртысына, тіпті үштен екісіне астық егуге жағдай жасайды. Міне икстенсивті жүйенің маңызы оыс.

Егінщшіліктің интенсивті жүйесі ХVIII ғасырдың басында Англияда шықты. Бұл жұйе бойынша әдетте, төмендегідей ауыспалы егіс қолданылды: 1- беде, 2- күздік бидай, 3- отамалы дақылдар (картоп, қызылша), 4- масақты жаздық дақыл мен беде (беде астықтың үстіне себіледі). Бұл ауыспалы егісте органикалық, минералдық тыңайтқыштар кеңінен қолданылды. Астық өнімі әр гектардан 1,6 – 1,7 тоннаға жеткен. Егіншіліктің интенсивті жүйесінде жерді неғұрлым тиісмді пайдалану ғылымға негізделген көптеген шаралар қолданылды, барлық қажетті тыңайтқыштар берілді, жоғары өнімді техникалар пайдаланылды. Өнімді көбірек алуға бағытталған әр гектарға жұмсалатын шығын арта түсті.

Егіншіліктің бұл жұйцесінде пар болмайды, ауыспалы егістің құрамында қант қызылшасы, картоп сияқты тыңайтқыштарды көп қажет ететін дақылдар егілді.

Жыл сайын танапқа биологиялық құрылысы әр түрлі, өсіру технологиясы да бір-бірінен өзгеше дақылдарды егу топырақтың құнарлылығын, алынатын өнім мөлшерін арттыра түсті. Сөйтіп егіншіліктің интенсивті жүйесінде дақылдарды өсіру үшін жұмсалатын шы,ын көбейіп, сонымен қатар алынатын өнім де артты.

V. Сарамандық жұмыс.

Оқушылармен егіншіліктің қарапайым топырақты өңдеу жолдарын жасап үйрену. Бұл егіншіліктің алғашқы кезеңіне тән ерекшелік. Тың жерді көп жылдық шөптерден тазартып, ол жерді қайта жыртады. Міне, егіншіліктің қарапайым жүйесін осылай асырылатынын үйрендік. Тыңайтқыштар араластырып екі қайтара аударып, білімімізді дамыттық.

Құрал – саймандар: күрек, тырма, тыңайтқыш.

VІ. Бекіту инструктажы.

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларғабүгінгі егіншілік жайлы білгендерін қорытындылау.

1. Қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі қаншаға бөлінеді?

2. Тың жерге тән қандай қасиеттер бар?

3. Егіншіліктің инсентивті түрі қай ғасырда қай жақта пайда болды?

Бағалау.

Оқушылардың біліктілігін, еңбегін бағалау.


Үйге тапсырма беру.

Егіншілік жайлы оқып, мәлімет жинап келу.











10-сынып

Күні Тексерілді:


Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ауыл шаруашылық, кызылша және картоп тұқымдарын егуге дайындау. Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) – қызылша

Білімділік: оқушыларда көкөніс шаруашылығы туралы білімді тұрғындарды көкөқніспен қамтамасыз ететін өсімдік шаруашылығының бір бағыты ретінде қалыптастыру. Өсімдік өмірінің ұзақтығы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: танымдық қызығушылықтарын дамыту, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік: оқушыларды еңбек сүюге, берілген тапсыврмаларды өз уақытында тиянақты орындай білуге, жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтап жұмыс жасауға, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:күрек, тырнауыш, айр, шелек, зембіл, себуге арналған пияз тұқымытуысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 – 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 100 – 125 күн. Қант қызылшасы – құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% протеин болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және 3,6 кг қорытылғыш протеин бар. Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр жемісінде 17 – 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік. Қантқызылшасының тұқымы қант з-ттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2 фракцияға (3,5 – 4,5 мм және 4,5 – 5,5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10 см тереңдіктегі температурасы 5,6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың 3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы қара топырақта жақсы өседі. Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 – 7,5). Қазақстанның суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады. Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде өсіріледі. 1991 жылданҚазақстандақант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді. Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар, азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында өсіріледі. 


Үй тапсырмасы

Үйде гүлге арналған ыдыстарға гүлді өсімдіктердің тұқымын отырғыз



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
533
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі