400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қазақстанның болашағы – жастардың қолында»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстанның болашағы – жастардың қолында»
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қазақстанның болашағы – жастардың қолында»


Қазақстанда жастардың қамы үшін көп жағдайлар жасалуда.Қай салада болсын жастардың білікті маман болып шығатын, аяғын нық басатын тұлға болып қалыптасуы үшін көптеген жұмыстар жасалып отыр. Мүмкіндіктері де жеткілікті.Сол мүмкіндіктерді жан-жақты қолдана білу үшін,адам алдына дұрыс мақсат қоя білу керек.Дүние есігін ашқан әрбір жанның өсе келе өмірге деген құлшынысы, дүниетанымы, көзқарасы,арманы болады.Әр адамға жауапты кезең бұл болашақ мамандық таңдау.Болашақ мамандығыңды таңдап, сол бағытта оқып, жұмыс істегенге не жетсін! Ол арманға жететін де бар, жете алмайтындар да бар. «Думанды өмірде сыбағаңды алып қал,артыңа келер ұрпаққа өнеге боларлық із қалдыр, адамдық атыңа кір келтірме» демекші «жер беті» деп аталған алып сарайдың берік қабырғасына болашаққа ескерткіш боларлық кірпіш қалап, өз қолтаңбаңды қалдыру әркімнің арманы.Сол мұратыма мен де жетсем деймін...Әркім өз арманын әр арнаға бұрады.

Мен білім саласында еңбек еткім келеді.Келешек ұрпақ – сауатты, білімді жаңашыл өмірге сай болса екен деп ойлаймын.Менің алдыма қойған арманым,мақсатым өте көп....Ол арманым орындалып,мақсатыма жеткен сайын,басқа армандарымның орындалғанын қалаймын.Адам өмірінде тек қолы жетпес дүниені армандайды екен,бірақ ол белестерді оқу, еңбек арқылы бағындыруға болады. «Армансыз адам алысқа бармас» дейді дана қазақ халқы.Менің де ойлаған арманым, көздеген мұратым, жетем деген мақсатым бар. Армандарымның орындалуы үшін Өмірдің қиын сәттеріне төтеп бере алатындай,шыдамды, сабырлы болуым қажет және еңбек етуім керек.Еңбек еткен табысқа жетер деп бекер айтпаған.

Өткен өмірлерінде Мағжан,Ілияс,Сәкен ағаларымыз еліміздің тәуелсіздігі үшін, жастардың бостандығы,еркіндігінің құрбаны болды.Олар сол үшін аянбай еңбек етіп, біздің еліміздің тәуелсіздігін, сауатты, білімді, еркін жастарымызды армандады. Қазіргі таңда ағаларымыз армандарына жетті деп ойлаймын. Қай салада болмасын,оны дамытып, өркендету үшін елбасымыздың міндеттері жүзеге асырылып жатыр.Жыл сайын қаражат бөлініп, жаңа міндеттер мен мақсаттар қойылады.Сол міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін еңбек етуге кез келген сауатты, білімді жас буын өкілдері құқылы.

«Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас» деген мақал еріксіз ойыма келеді.Өйткені өзге жерде жүргенде еліңнің суын да,ауасын да,жерін де аңсайсың.Туған жердің қадірін сол кезде түсінесің.Сондықтан өз еліңде қызмет етіп,еңбек еткенге,суын ішіп сусындағанға,ауасын жұтып тыныстағанға не жетсін!Тынбай еңбек етсең , арманыңа жетесің.Адам арманына жетсе қаржылай, рухани жағынан көңілі толып,өмірге ризашылығын білдіреді. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол » деген дана сөздермен аяқтағым келеді.Туып - өскен жерінің гүлденуі үшін еңбек еткен адамның арманы жоқ шығар. Келешекте Қазақстанның экономикасы нығайып,аяғын нық басқан мемлекетке айналатынына сенемін.Сол үшін үлесімді қосамын. Гүлдене бер, Қазақстан!




Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің

«Құқықтану» мамандығының арнайы пән оқытушылары


Тілегенова Гауһар Тұрмаханқызы

Сейталиева Лаура Алтаевна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.11.2025
37
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі