Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы реформа
Сабақтың мақсаты: 1. Ресей империясының
отарына айналған Қазақстанның 1867-1868
жылдардағы реформа бойынша саяси басқару жүйесіндегі
өзгерістер,
реформаның дайындалу жолдары, реформаның мазмұны мен
мәні,
реформаның Қазақстан жеріндегі кейінгі зардаптары туралы
түсінік
беру.
2.1867-1868 жылдардағы
реформаны оқыта отырып, оқушылардың
логикалық ойлау, еркін сөйлеу, өткен мен жаңа
тақырыпты
салыстыру арқылы мағынаны ажырата білу қабілеттерін одан
әрі
дамыту.
3. Реформаның мазмұны мен
мәнін аша отырып, балаларды
ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа
білім беру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Керекті құралдар:
Қазақстанның саяси картасы, интерактивті тақта,
сызбалар.
Методикалық әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақтар қою.
Сабақ құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі.(2-3
мин.)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.(10-12
мин.)
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.(2-3
мин.)
ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту: (20
мин)
а) ой
шақыру;
ә) жаңа
сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;
б) сабақ
жоспарымен таныстыру;
в)
реформаны дайындау жұмыстары жөнінде ауызша баяндау,
сызба
арқылы
түсінік беру;
г)
оқушыларға оқулықпен жұмыс тапсыру;
ғ)
дәптермен жұмыс;
Ү.
Жаңа сабақты бекіту(3-4 мин.)
ҮІ. Қорытынды(2 мин)
ҮІІ. Үй тапсырмасы(1 мин.)
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин.)
а)
сәлемдесу, түгелдеу;
ә) оқу құралдарын
тексеру;
б) бала зейінін
шоғырландыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (10-12
мин.)
Топтарға ауызша тест
сұрақтарын қою:
І топ:
1. ХІХ
ғасырдың бас кезінде Қазақстан шәкірттері қай тілде
оқытылды? (араб
тілінде)
2.
Азиялық училище қай жылы ашылды? (1789
ж.)
3. 1850
жылы Орынбор шекаралық комииссиясының жанынан қандай мекемелер
ашылды?
(орысша білім беретін
мектептер)
4. ХХ ғ. 20-30 жылдарында
Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог,
академик: (А.Н.Самойлович).
5.
Сүйінбай Аронұлы ақындық өнерге қанша жасынан машықтанған?
(14-15 жастан).
6. Қазақ
халқында дамыған қолөнер салалары: (тоқымашылық, киіз басу, ағаш,
металл,сүйек,
мүйіз
өңдеу).
ІІ топ:
1.ХІХ
ғасырдың бас кезінде Қазақстанда ағарту ісі балаларға нені
үйретті? («Шариғат-ұл-иман», «Әптиек»
сияқты діни мазмұндағы кітаптар ислам қағидаларын
үйретті)
2. 1813
жылы Омбыда, 1825 жылы Орынбордағы әскери училищелер немен
айналысты? (Ресей билеу әкімшілігі
үшін шенеуніктер даярлау ісімен)
3.1833
жылы А.С. Пушкин Қазақстанның қай қаласында болды?
(Орынбор)
4.
1848-1849 жылдары Г.С.Карелин Қазақстанның қай өңірін
зерттеді? (Каспий теңізі
маңын).
5.
«Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанған ақын» (Сүйінбай)
6.Қазақ ауылдарында
шаруашылыққа арналған төбесі күмбез тәрізді шошала қандай
мақсатта
тұрғызылған? (ет және
азық-түлік өнімдерін сақтау үшін)
ІІІ топ:
1.ХІХ
ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын қай
қалаларға оқуға
жіберді? (Бұхара мен Ташкент
қалаларына)
2. 1841
жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен ашылған
мектептерде қай
тілдерде
сабақ беріле бастады? (татар және орыс
тілдерінде)
3. 1836-1838 жылғы шаруалар
көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М. Өтемісұлына кім
қолдау
көрсетті? (В.И. Даль).
4. 1845
жылы В.И.Дальдің «Бөкей мен Мәулен» повесі қай тілге
аударылды? (Парижде,
француз
тіліне)
5.
М.Өтемісұлы қай жылы Калмыков түрмесінде отырды? (1829 жылы).
6. Киіз
үйдің ішіндегі ең құрметті орын қалай аталады? (төр).
ІҮ топ:
-
Ірі
медреселерде араб тілінен сабақ беретін «мұғалімдікке» не талап
етілді? (арнаулы куәлігі болу керек
болды)
-
1831
жылы 18 қыркүйекте қай қалада орысша білім беретін училище
ашылды? (Семей)
-
1833
жылы А.С.Пушкин Орынборда болған кезінде қай еңбегін жазды?
(Пугачев бүлігінің тарихы).
-
М:ӨТемісұлы 20 жасында қандай қызмет атқарды?
(Жәңгірдің ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешісі
болды)
-
Жастайынан екі көзінен айрылған ірі эпик
ақын: (Шөже)
-
Қазақ
халқы зор құрметпен әнші –күйшілерді қалай деп атаған?
(сал-серілер деп атады).
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.(2-3
мин.)
ІҮ.Жаңа сабақ:(20 мин.)
А) Ой
шақыру:
Жарғы, империя, отар,
реформа сөздерінің мәнін ашу.
Ә) жаңа сабақтың
тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Б) жаңа сабақтың
жоспарын дәптерлеріне жаздыру.
1.Реформаны
дайындау.
2. Реформаның мазмұны мен
мәні.
В) 1.Реформаны
дайындау жұмыстары жөнінде ауызша баяндау, сызба арқылы түсінік
беру;
2. 1867
жылы ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару
туралы» ал, 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір
генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша
Ережені» бекітті.
1867-1868 жылдардағы
реформа бойынша
Қазақ жерлерінің
біріктірілуі
3. Басқару
жүйесі:
1822,1824 жылдардағы Жарғы
бойынша 4-сатылы: 1.Облыс- 3-8
округтен
2.
Округ-15-20 болыстардан
3.
Болыс-10-12 ауылдан
4. Ауыл-
50-70 шаңырақтан құралды.
1.Облысты -губернатор;
2.Округті -аға сұлтан мен 2
ресейлік кеңесші;
3.Болысты- болыс
сұлтаны;
4.Ауылды- ауыл
старшыны басқарды.
1867-1868 жылғы реформа бойынша 5-сатылы:
1.Генерал-губернаторлық
2. Облыс
3. Уезд
4. Болыс
5. Ауыл
1.Генерал-губернаторлықты- генерал-губернатор;
2.
Облысты- әскери-губернатор;
3.
Уезді- уезд басшылары;
4.
Болысты- болыстар;
5.
Ауылды- ауылнайлар
басқарды.
4.
Сот ісі:
1822, 1824 жылдардағы
Жарғы бойынша:
Қылмыстық істер Талап ету Болыстық
басқармаға
шағым айту
Әскери сот
комиссиясы Уездік сот Билер мен қазылар соты
1867-1868 жылғы реформа
бойынша
г)
Оқушыларға оқулықпен жұмыс тапсыру; оқулықтың 143 бетін пайдаланып,1867-1868 жылғы реформа
бойынша бөлінген 6 облыстың құрамына кірген уездерді сызба түрінде
дәптерлеріне жаздыру.
ғ)
дәптермен жұмыс; слайдта көрсетілген
басқару жүйесін дәптерлеріне жаздыру.
Ү.
Жаңа сабақты бекіту.(2-3 мин)
Сатылай-комплексті талдау жасау.
ҮІ. Қорытынды. Білімдерін бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: 1. § 20 түсінік айту;
2.
дәптерде жазылғандарды жаттау.