Қазақстанның экологиялық мәселелері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанның экологиялық мәселелері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның экологиялық проблемалардың пайда болу механизмін түсіндіріп, оны шешу үшін жасалып жатқан әлемдік тәжірибеге шағын зерттеу жасайды; Қазақстан территориясын экологиялық жағдайына қарай аудандастырып, экологиялық проблемалардың оны шешу жолдарын ұсынады;
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ

ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ





Бекітемін

Колледж әдіскері

________Г.А.Утесинова

«___»_____2024






САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ



Мамандығы: 07160500-Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету



Пәні: География



Ашық сабақ


Тақырыбы: «Қазақстанның экологиялық мәселелері».









Оқытушы:Еділова Ж.Ә.

Курс: I

Топ: Л -24-9-1






Шымкент 2024 жыл.


Пәні: География

Күні:31.10.2024ж

Тобы, курсы:Л-24-9-1, I курс

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның экологиялық мәселелері».

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.


Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері:

Қазақстанның экологиялық проблемалардың пайда болу механизмін түсіндіріп, оны шешу үшін жасалып жатқан әлемдік тәжірибеге шағын зерттеу жасайды ;

Қазақстан территориясын экологиялық жағдайына қарай аудандастырып, экологиялық проблемалардың оны шешу жолдарын ұсынады;


Бағалау критерийлері:

Қазақстан территориясын экологиялық жағдайына қарай аудандастырады;

Қазақстандағы экологиялық жағдайы нашар және жақсы аймақтарды анықтайды;

Қазақстандағы экологиялық проблемалардың шешу жолын ұсынады;


Оқу-әдістемелік құралдар: Оқулықтар,үлестірме материалдар,интерактивтік тақта, кесте, интернет ресурстар.


Әдебиеттер: География: К.Каймулдинова, С. Абилмажинова. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық, Алматы: «Мектеп», 2019ж.


Сабақтың жоспары:

1. Сабақты ұйымдастыру (10 минут):

А) Студенттермен сәлемдесу.

Ә) Кабинеттің тазалығын тексеру, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай студенттердің отырғандықтарын қадағалау, сабаққа даярлықты тексеру, тақта тазалығы, жоқ студенттерді белгілеу.

Б) Студенттердің назарын сабаққа аудару.

В)Жақсы сөз жан азығы келе психологиялық көңіл күй орнату студенттер бір-бірлеріне жақсы тілек айтады.

2. Үй тапсырамасын тексеру кезеңі (15 минут):

Шыбын ұрғыш” әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрақтарға жауап беру арқылы бағалау .

  1. Геоэкологиялық аудандастыру дегеніміз не?

  2. Геоэкологиялық зерттеулер қаншаға бөлінеді?

  3. А. В. Чигаркиннің ұсынуымен Қазақстан аумағындағы экологиялық шиеленіс деңгейін қалай жіктеді?

  4. Қазақстанға әсер ететін антропогендік факторларды азайту үшін қандай ұсыныс айтар едің?

  5. Геоэкологиялық аудандастырудағы апатты деңгей мен қауіпті деңгейдің басты критерийларын ата және мысал келтір?

  6. Геэкологиялық аудандастыру қандай факторларға негізделеді?

  7. Геоэкологиялық аудандастыру бізге қандай ақпараттар береді?

  8. Геоэкологиялық болжам жасау кезеңдерін ата?

  9. Геоэкология ұғымын ең алғаш ұсынған ғалым?

  10. Геоэкологиялық ластануды қандай категориялар бойынша топтастыруға болады?


3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі (5 минут):


А) Жаңа сабаққа студенттердің назарын аударту.

Ә) жаңа сабақтың тақырыбын жоспарын, мақсатын хабарлау.

Б) оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастыру

В) Презентация, фото, видео арқылы жаңа сабақты түсіндіру

4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі (30 минут):

Қазақстанның табиғат жағдайларының басқаға ұқсамайтын күрделілігі мен алуан түрлілігі осы аумақты табиғи аудандастырумен айналысқан ғалымдар үшін түрлі ғылымдарға тұжымдарға жол ашты. Қазақстанды геоэкологиялық аудандастыру негізінде Б.А. Федорович, Н.А. Гвоздецкий мен А.В Николаев ұсынып, А.В. Чигаркин толықтырған табиғи аудандардың сызбасы алынды.

Атмосфераны тазарту, ең алдымен , өнеркәсіп өндірісінің ауаға шығаратын зиянды заттарын азайтудан басталады. Ол үшін түрлі газдарды тазартудан өткізетін өте қуатты қондырғылар орнату қажет.

Арал тенізі - Қазакстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі -1066 км2, тереңдігі - 30-60 метр, тұздылығы - 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарга дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілікке көшті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балык комбинаты тұрақты жүмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген кажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су кұйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын-соңды болмаған керсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге ескен. Осындай антропогендік факторлар Арал өнірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымнн, Арал апатына себеп болған факторлар:

- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; 

- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялык дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.



Бұл робот Италияда қоқыстарды жинау және ауаның тазалағын бақылау мақсатында жасалған.

Еуропалық ғалымдар тобы жасап шығарған Dustbot құрылғысы - қала көшелерін бақылауға, қоқысты жинауға және ауаның ластануы бойынша мониторинг жүргізетін, дөңгелегі бар робот ретінде дүние жүзіне таныстырылды.

Үлкен қалалардағы қоқыстан тазарту инфрақұрылымына Dustbot құрылғысын енгізу, әсіресе өте көп тар көшелері бар Еуропаның қалаларында тиімді. Бұл құрылғы қала басшылығына ең болмаса кейде қала көшелерінде өздерінің үлкен көлемдерімен қиындық туғызатын және қоршаған ортаны зиянды қалдықтармен ластайтын стандартты қоқыс таситын машиналардан бас тартуға мүмкіндік береді

АҚШ ғалымдары кәдімгі ағаштан 1000 есе көп көмірқышқыл газын сіңіретін қабілеті бар ерекше «синтетикалық ағаш» жобасын жасап шығарды. Ағаштың жел соққан кездеСО2 молекулаларын ұстап қалатын пластмасса «жапырақтары» бар. Кейін сіңірілген СО2тығыздалады, салқындайды және сұйытылған күйінде сақталады. «Синтетикалық ағаш» жұмысы
қазіргі уақытта кейбір химиялық зауыттарда пайдаланылатын газ тәріздес газды ұстау әдістерінің, сондай-ақ көмірді жағу станцияларында қолданылады. «Синтетикалық ағашты» кез-келген жерге орналастыруға болады және ол тәулік бойы 24 сағат жұмыс жасайды

5. Жаңа материалды бекіту кезеңі (15 минут):

1-тапсырма

«Таным таразысы»

  • Бұл суреттерден қандай ортақ ой түйіндеуге болады?

  • Неліктен экологиялық проблемалар туындайды?

  • Олар қай уақытта апатқа айналады?

  • Экологиялық проблемалар Қазақстанның қай жерінде орналасқан?

  • Неліктен бұл мәселелер ғаламдық деңгейде қаралуда?





2-тапсырма. Кім алғыр?

  1. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң қай жылы қабылданды?(1997 жылы)

  2. Қоршаған ортаның жағдайын бақылау, байқау, бағалау мен болжаудың кешенді жүйесі қалай аталады?(Мониторинг)

  3. Әлеуметтік экология қандай жүйені зерттейді?

(Қоғам- қоршаған орта)

  1. Қорықтар дегеніміз не?

(Мемлекеттік қорғауға алынған аумақтардың жиынтығы)

  1. Қазақстанда неше қорық бар?

  2. Экологиялық апат аймақтарын ата?

(Арал өңірі мен Семей ядролық полигоны)

  1. Қазақстандағы табиғаты тамаша аймақтар.

(Бурабай, Баянауыл, Сарыағаш)

  1. Қызыл кітап ең алғаш рет қай жылы шықты?

(1978 жыл)

9.Экология сөзі қандай мағынаны білдіреді? ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы.)


6.Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі (5 минут):

1. Таңдаулары бойынша кез – келген Қазақстанның экологиялық мәселесін зерттеп, инфографика жасап келу.;

2. Қазақстан экологиясының қауіпті аймақтарының біріне презентация жасау;



7.Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут):


Рефлексия. «Қажетті сөздің астын сызыңыз» әдісі

арқылы оқушылардан бүгінгі сабақ бойынша рефлексия

жасауды ұсынамын:


1. Сабақ үстінде мен жұмыс жасадым

белсенді/ енжар

2. Сыныптағы өз жұмысыма

ризамын / риза емеспін

3. Маған сабақтың уақыты … көрінді

қысқа / ұзақ

4. Мен сабақта

шаршадым / шаршамадым

5. Менің көңіл күйім … болды

жақсы / нашар

6. Сабақта қолданылған тапсырмалар … болды

түсінікті / түсініксіз

маңызды / маңызды емес

қызықты / қызықсыз

7. Менің ойымша, үй тапсырмасы

оңай / қиын

қызықты / қызықсыз




Кері байланыс: «Әлеуметтік желі Тик -Ток » әдісі арқылы кері байланыс жасау.

Сабақ жайлы өз ойым«Like» , «Save», «Share», «Comments».




 

























2-тапсырма. Кім алғыр?




Қоршаған ортаны қорғау туралы» заң

қай жылы қабылданды?




Қоршаған ортаның жағдайын бақылау,

байқау, бағалау мен болжаудың кешенді

жүйесі қалай аталады?




Әлеуметтік экология қандай жүйені зерттейді?




Қорықтар дегеніміз не?




Қазақстанда неше қорық бар?




Экологиялық апат аймақтарын ата?




Қазақстандағы табиғаты тамаша аймақтар.





Қызыл кітап ең алғаш рет қай жылы шықты?




Экология сөзі қандай мағынаны білдіреді?




1. Сабақ үстінде мен жұмыс жасадым

белсенді/ енжар

2. Сыныптағы өз жұмысыма

ризамын / риза емеспін

3. Маған сабақтың уақыты … көрінді

қысқа / ұзақ

4. Мен сабақта

шаршадым / шаршамадым

5. Менің көңіл күйім … болды

жақсы / нашар

6. Сабақта қолданылған тапсырмалар … болды

түсінікті / түсініксіз

маңызды / маңызды емес

қызықты / қызықсыз

7. Менің ойымша, үй тапсырмасы

оңай / қиын

қызықты / қызықсыз
















Геосфера дегеніміз не?



Геосфера қандай қабаттардан тұрады?



Өзің тұратын аймақтың экологиялық жағдайы қандай?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2024
176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі