400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанның физикалық-географиялық сипаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстаннның физикалық географиясы бойынша 8-сынып бөліміннен алынған мәліметтер, яғни әр оқушының осы пәннің бөлімі бойынша ОЖСБ сұрақтарына және тапсырмаларына дайындауға бірден бір көмек құралы болып табылады деген сенімдемін. Себебі әрбір оқушы кітап парақтарын ақтармай-ақ дайын сұрақтарға жауап іздей алады. Ал, ұстаздарға дайын материал, нақты мәліметтер бере отырып, өзіне де көмек құралы бола алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы алғаш рет 1920 жылы 26 тамызда Қазақ АССР-і болып құрылды. КСРО құрамына Одақтас Республикалардың бірі болып 1936 жылы 5 желтоқсанда кірді. 1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болды. Қазақстан Еуразия орталығында орналасқан мемлекет. Қазақстан екі дүние бөлігін қамтиды. Қазақстанның 15%-ы шартты түрде Еуропа шегінде. Қазақстанның екі облысының (Атырау, Батыс Қазақстан) тұрғындарының күнделікті Еуропа мен Азияға саяхат жасау мүмкіндіктері бар.

Республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Сол себепті Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен үлкен айырмашылығы бар. Оңтүстікте алма ағаштары гүлдеп жатқанда, солтүстік аймақтарда әлі суық, қарлы боран соғып жатады.

Қазақстан ауданы жөнінен дүниежүзінде Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентинадан кейінгі тоғызыншы орынды алады. Жер көлемі 2 млн 724 мың км2.

Ал Еуразия материгінде жер көлемі жөнінен Ресей, Қытай, Үндістаннан кейінгі төртінші орынды алады. Қазақстан 5 мемлекетпен шекараласады. Батыста, солтүстік батыста және солтүстікте Ресеймен, шығыста Қытаймен, оңтүстікте Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанмен шектеседі.

Қазақстанның Ресеймен шекарасының ұзындығы 7591 шақырымды құрайды. Қазақстанмен ең қысқа шекарасы өтетін мемлекет Түрікменстан. Түрікменстанмен шекарасының ұзындығы 380 (426) шақырымды құрайды. Қазақстан Франциядан 5 есе, Италиядан 9 есе, Ұлыбританиядан 11 есе үлкен. Қазақстан жері төртінші, бесінші сағаттық белдеулерде орналасқан. Батыс Қазақстан облыстары төртінші сағаттық белдеуде, ал басқа облыстар бесінші сағаттық белдеуде орналасқан.

Қазақстан 1991 жылғы 21 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына, 1992 жылдың 2 наурызында Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына кірді. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Әкімшілік аумақтық жағынан Қазақстан 14 облысқа, 160 ауданға бөлінеді. Қазақстанда 85 қала, 200 қала типті кент бар. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1995 жылғы 15 қыркүйектегі жарлығына дейін Қазақстанның астанасы Алматы болды. 1997 жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылы 6 мамырда Ақмола атауы Астана өзгертілді.


СҰРАҚТАР

  1. Қазақстан орналасқан материкті табыңыз.

  2. Қазақстанның екі дүние бөліктерінде орналасқан облыстарын көрсетіңіз.

  3. Қазақстан БҰҰ-на қабылданған жылды белгілеңіз.

  4. Қазақстанның жер көлемі жөнінен Еуразияда нешінші орынға ие екендігін көрсетіңіз.

  5. Қазақстанның жер көлемі:

  6. Қазақстанның жер көлемі жөнінен ТМД-да нешінші орын алатынын табыңыз.

  7. Қазақстанмен шекараласатын мемлекеттерді анықтаңыз.

  8. Қазақстанмен ең ұзын шекарасы өтетін мемлекет.

  9. Қазақстанмен ең қысқа шекарасы өтетін мемлекет.

  10. Қазақстанмен шығыста шекараласатын мемлекет.

  11. Қазақстанмен оңтүстікте шекараласатын мемлекет.

  12. Қазақстанмен өтетін Өзбекстан шекарасының ұзындығы.

  13. Қазақстан Республикасының физикалық географиялық орны анықтайды.

  14. Теңізге шыға алатын жолы бар, Қазақстанмен шектесетін мемлекеттерді табыңыз.

  15. Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараның ұзындығын табыңыз.

  16. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекараның ұзындығы.

  17. Республикамыздың солтүстік және оңтүстік шеткі нүктелерінің координатасын табыңыз.

  18. Еуропа мен Азияға күнде саяхат жасауға болатын Қазақстан қалалары.

  19. Қазақстанның солтүстік шекарасы ... арқылы өтеді.

  20. Республикамыздың батыс және шығыс шеткі нүктелерінің координатасын табыңыз.

  21. Еліміздің солтүстіктен оңтүстікке қанша шақырымға созылып жатқанын белгілеңіз.

  22. Қазақстанның батыстан шығысқа дейінгі ұзындығын анықтаңыз.

  23. Қазақстанның жері арқылы өтетін сағаттық белдеулер:

  24. Бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақыт.

  25. Әрбір белдеудегі уақыт көршілес белдеуден ... айырмашылық жасайды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.05.2019
929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі