Материалдар / Қазақстанның флорасы мен фаунасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қазақстанның флорасы мен фаунасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Айналамызды қоршап тұрған табиғаттың бір бөлігі-фауна мен флора. Қазақстан флора мен фаунаға өте бай.Жаратылыстану бағытындағы пәндерді жүйелі меңгерту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Макет-карта арқылы Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы мәлімет алуға болады. Туған өлкені таныстыратын ерекше, қызықты, пайдалы макет-карта. Жаратылыстану бағытындағы пәндердің мазмұнымен сәйкестендіріліп, жаратылыстану ғылыми бағыттағы әдіс-тәсілдерді қолданудағы табиғатты зерттеу, адамзаттың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2020
7403
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

« Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ

«Теміртау қ. №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ







Бағыты: ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
Секциясы: БИОЛОГИЯ







ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФЛОРАСЫ МЕН ФАУНАСЫ







Орындағандар: Искаков Ерасыл, Курышбекова Лена

9 сынып оқушылары


Жетекшісі Рахимова А.С.

биология пәнінің мұғалімі













Теміртау, 2020 жыл


9 сынып оқушылары

Искаков Ерасыл және Курышбекова Ленаның

қолданбалы жобасына

ЖЕТЕКШІНІҢ ПІКІРІ


9 сынып оқушылары Искаков Ерасыл және Курышбекова Ленаның «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» атты қолданбалы жобасының жұмысына пікір білдіре отырып, жұмыс үлкен ізденіс үстінде, жүйелі жасалған деп толық айтуға болады. Зерттеу жұмысы барысында зерттеушілер үлкен ізденіс кезінде туған өлкемізде кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлері туралы мәліметтер жинақтаған. Әр аймақта кездесетін өсімдіктерді кеппешөп түрінде, жануарларды ермексаздан, 3D қаламнан және 3D принтерден жасап, қолдан Қазақстан жеріндегі жануарлар мен өсімдіктердің мекендеу орнының макеті жасалынған. Оқушылар өз қызығушылығы мен шығармашылығын ұштастырып, қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана білген. Бұл жұмыстың берері көп екеніне де көзім жетті. Жаратылыстану бағытындағы пәндердің мазмұнымен сәйкестендіріліп, жаратылыстану ғылыми бағыттағы әдіс-тәсілдерді қолданудағы табиғатты зерттеу, адамзаттың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған көрнекілік.




Жетекші Рахимова Анар Сайлауовна

биология пән мұғалімі













МАЗМҰНЫ

Кіріспе .............................................................................................................. 1

І тарау. Теориялық бөлім

    1. Флора және фауна ...................................................................................... 2

    2. Қазақстанда кездесетін өсімдіктер ............................................................ 3-7

    3. Қазақстанда кездесетін жануарлар ........................................................ 7-13

    4. Қазақстан облысы ..................................................................................... 14

    5. Сарыарқа. Қарағанды облысы ........................................................... 15-16

ІІ тарау. Практикалық бөлім

2.1. Қазақстан картасы

      1. Қазақстан картасының үлгісі .................................................................. 17

    1. Жобаның нәтижесі (жұмыс барысы)

      1. Макетпен жұмыс жасау ....................................................................... 18-21 ІІІ. Қорытынды .................................................................................................... 22 ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................... 23



























Кіріспе

Қазіргі қоғамда өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудің негізгі мақсаты- олардың бойында Отанына, туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін оятып, қоршаған ортаға деген адами ізгілікті қалыптастыру. Өлкетану– географияның, тарихтың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Оқушылардың туған жер туралы білімін байытып, оған деген сүйіспеншілігін арттыру, туған елін шын сүйетін тұлға тәрбиелеуде маңызға ие болып табылады. Сондықтан оқушыларды өз елін, өз жерін сүйетін тұлға қалыптастыруда «Туған жерім - тұғырым» курсы бағдарламасының маңызы ерекше. «Туған жерім- тұғырым» бағдарламасының мазмұны жаратылыстану бағытындағы пәндердің мазмұнымен сәйкестендіріліп, жаратылыстану ғылыми бағыттағы әдіс-тәсілдерді қолданудағы табиғатты зерттеу, адамзаттың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

7«Ә» сыныбында «Сарыарқаның флора мен фаунасы» бұл курста оқушылар Сарыарқаның өсімдіктер мен жануарлар әлемін тани отырып, өсімдіктердің дәрілік мақсатта, тағам ретінде, дәрумендерге бай өсімдіктерді саралап, жан-жануарлардың түрлерін анықтап, өмірдегі мәнін ұғынуға және табиғаттан өзіне керегін алуға, табиғатты қорғауға баулиды.

«Туған жерім - тұғырым» курсы бағдарламасының мақсаты: туған жердің табиғаты, оның қойнауында кездесетін түрлі байлықтары мен табиғат құндылықтарын қастерлеу, құрметтеу қабілеттерін қалыптастыру және туған өлке табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелей отырып туған жер табиғаты макетін жасау.

Міндеттер:

  • табиғат туралы мәліметтер жинақтау, танысу, оларды тиімді пайдаланып жұмыстар жүргізу;

  • туған жердің табиғатын өз бетімен оқуға қызығушылығын дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көтеру;

  • туған жер табиғатының макетін жасау.

Өзектілігі:

Жаратылыстану бағытындағы пәндерді жүйелі меңгерту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Курсты оқып үйрену барысыныда меңгерген білімін күнделікті өмір жағдайында қолдана алуын қамтамасыз ететін қабілеттердің болуы, түрлі құзыреттіліктер қалыптастыру көзделген.

Күтілетін нәтиже:

- туған жердің табиғатын зерттеудің қажеттілігін біледі, табиғат көріністері макетін жасай отырып, танымдық және жобалаушылық қабілеттері артады.







    1. Флора және фауна

Адам өміріндегі ең керекті қазына көзі – табиғат. Өсімдік пен жануар – табиғат қазынасы, халық байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршілік жоқ. Өсімдік - өмір өзегі деп бекер айтылмаған. Жануар –

Флора - өсімдіктер әлемі, яғни ағаштар, гүлдер, шөптер, бұталар, жалпы алғанда жер бетінде өсетін барлық нәрсе.

Флора — нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы. Флораны өсімдіктер бірлестігінен (әр түрлі өсімдік қауымдастығының жиынтығынан)... Облыстың дала белдемінде, негізінен, бөрте жусан, бетеге, селеу және жіңішке қоңырбас, қозықұлақ, сарыбас беде, бұйырғын, жебіршөп, борпылдақ шөп, т.б. жазық жерінде қараған, тобылғы, итмұрын, қыраттарында жатаған арша, ырғай, тасжарған, т.б. бұталар өседі. Грунт суы таяу тауаралық өлкелер мен өзен аңғарларының жайылмаларын бидайық, шалғындық көде мен түлкі құйрық сияқты өсімдіктер жапқан. Қарқаралы, Кент, Қу, Бақты, Қызыларай, т.б. гранитті тауларда қарағай, ал олардың сайларында қайың, көк терек, өзен бойында түрлі тал, шілік өседі. Облыстың шөлейт белдемінде бетеге, селеу, т.б. түрлі шөп пен эфемерлер өседі. Шоқылардың тастақты беткейлерінде жусан басым. Шоқыаралық ойыстарда түрлі бұта кездеседі. Ұлытау, Қараағаш, Бектауата тауларында қайың, көк терек, қандыағаш, оңтүстігіндегі шөл далада жусан мен әр түрлі сораң шөп тараған.

Фауна - барлық жануарларды, құстарды қамтитын жануарлар әлемі, біз сондай-ақ фаунаның өкілдері деп санаймыз. Облыс өңірін арқар, елік, бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, аққұлақ, ақкіс, сасық күзен, ақ тиін, қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, көл қамыстарында жабайы шошқа, ондатр; құстардан дуадақ, тырна, құр, шіл, бүркіт, кезқұйрық, қарақұс, күйкентай, безгелдек, үкі, жапалақ, қасқалдақ, қаз, үйрек, шағала, т.б. су құстары мекендейді. Көлдері мен өзендерінде мөңке, оңғақ, лақа, алабұға, торта, шортан, аққайран, көкбас балықтары бар. Балқаш көлінде ақ амур, ақмарқа, табан, тұқы, жайын, көксерке, қаяз, пілмай жерсіндірілген.











    1. Қазақстанда кездесетін өсімдіктер

Терек (лат. Populus) – талдар тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаштардың тегі. Қазақстанның барлық аймағында кездеседі. Өзен жайылмасында, далалық жерлерде, тау етегінде, бұта арасында өсетін 15 түрі (ақ терек, көктерек, қара терек, бәйтерек, тораңғы, т.б.) бар.

Бұтақ шоғыры пирамида пішіндес. Жапырағы жалпақ, сағақты келген, ромбыға не қандауырға ұқсайды Гүлі қос үйлі, гүл сырғасы (ұзындығы 3 – 15 см), салбырап ілініп тұрады, онда аталығы не аналығы ғана болады, жел арқылы тозаңданады. Негізінен, жапырағы шыққанша гүлдейді. Тұқымынан және атпа тамырынан, шыбығынан көбейтіледі. Гүлінде шырынды дискісі (тор) болады. 150 жылдай тіршілік етеді. Жемісі – қорапша, тұқымы ұсақ. Терек әсемдік өсімдік ретінде өсіріледі. Қазақстанда берікқара терегі мен тораңғы – өте сирек кездесетін өсімдіктер қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Селеу (лат. Aristida) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір жылдық өсімдіктер. Маңғыстаудың шағылды-төбелі құмдарында өседі. биіктігі 30 – 40 см. Гүлшоғыры бытыраңқы жапырақ қынабымен қабысқан. Бұтағы қабыршақты, қауырсын тәрізді

Масақтанғанша – мал азығы. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Масағының ұзындығы 2 см-дей. Селеудің құм тоқтатудағы маңызы. Тамыры сапалы щетка жасауға пайдаланылады.

Қараған (Caragana) – бұршақтар тұқымдасына жататын бұта (ағаш). Қазақстанда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының өзен алқаптарында, орман шетінде, шөлде, орманды далада, тоғайда, таудың тастақты беткейлерінде өсетін 18 түрі бар. Қараған – топырақ талғамайды, құрғақшылыққа, суыққа төзімді өсімдік.

Жапырағы қос қауырсын тәрізді, оның сағағы тікенекті болып біткен. Гүлі бір-бірден не шоқтанып гүл сағағында, жапырақ қолтығында орналасқан. Гүл тостағаншасы түтік пішіндес, қапшыққа ұқсайды. Гүлшоғыры сары, кейін қоңыр түсті болады. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Жапырағы мен тұқымында 20,8 – 35,3% протеин, 4,3 – 8,2% май, 12,5 – 16,3% клетчатка бар. Топырақты құнарландырады. Қарағанның сүрегінен құрсау жасайды, жіңішке жас бұтақтарынан себет тоқылады. Мал азықтық, шірнелі, әсемдік өсімдіктер. Сары Қ. – дәрілік өсімдік, оның қайнатылған тұнбасын бас, бауыр ауырғанда, атеросклерозда, гиповитаминоз кезінде ішеді. Ал жапырағынан қайнатылған тұнбасының бактерияны жоятын қасиеті бар.[1]

Қарағай (лат. Pínus)– қарағай тұқымдасына жататын, мәңгі жасыл, қылқан жапырақты ағаш кейде бұта. Еліміздің таулы аймақтарында бірнеше түрі кездесетін қылқанжапырақтыты мәңгіжасыл өсімдік. 500-600 жылға дейін өмір сүреді. Ең биік түрлері 50-60 метрге жетеді.

Шыршаныкіндей емес қарағайдың қылқаны ұзын, жуандау. Қылқанының түсі түріне қарай сары, көкшілдеу, жасыл және қою жасыл болады. Қарағай сондай-ақ тез өсетін қылқанжапырақтылардың бірі. Жер шарында жүзден аса түрі болса, оның жиырма шақты түрі көгалдандыруда қолданылады. Қарағайдың қылқанымен қоса, өте жиі орналасатын бүршіктері де өте әдемі. Осы бүршіктерін сәндік үшін теріп алып, қолөнер бұйымдарына қолданып жатады. Қарағайдың ағашы мықтылығымен және қаттылығымен ерекшеленеді. Оны кеме құрылысында, авиацияда, теміржолда және құрылыста кеңінен қолданады. Қарағайдың діңінде шайыр көп мөлшерде болады.Одан скипидар мен канифоль алынады. Канифольді сүргіт және лак дайындауда қолданады. Қарағайдың бүршіктері, эфир майы және шайыры бронхит, өкпе ауруларына қарсы пайдаланылады. Қылқанын С дәрумені жетіспегенде және алдын-алу үшін қолданады. Қарағайдың қара майын тері ауруларына жақпа май ретінде пайдаланады. Арша (лат. Juníperus) - кипарис тұқымдасына жататын мәңгі жасыл қылқан жапырақты бұталардың немесе ағаштардың тұқымдас тармағы

Күріш (лат. Oryza) – астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Оңтүстік Қазақстан облысында аса маңызды азық-түліктік дақыл – екпе күріш (лат. Oryza satіva) егіледі. Оның биіктігі 60 – 150 см, бір жылдық өсімдік. Шашақты тамыры болады (70 – 80 см тереңд. дейін кетеді).Осы тамырларында ауа жинап өткізуші ұлпалар – аэренхима дамиды



Мақта (лат. Gossypium) – құлқайырлар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б.з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика,Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды.

Мақтаның биіктігі 1–1,5 м. 1–2 негізгі бұтақтан 10–15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі сары не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90–130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3–5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта – жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді.

Сексеуiл —( лат. Haloxylon) діңі мен бұтақтары бұраң-бұраң боп келетін, құмды, жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын жапырақсыз қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк. Оның Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi бар. Соның үшеуi Қазақстанда өседi: ақ сексеуiл, қара сексеуiл және Зайсан сексеуiлi.

Жалпы бұлар Қазақстандағы орман қорының 48 пайызын алып жатыр.

Жүзім (лат. Vitis) – жүзім тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемісі. Жүзімнің 70-ке жуық түрі бар. Қазақстанда дақылдық Жүзім (V. vіnіfera) өсіріледі Діңі – шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық жүзім сабақтары жуан, ал бір жылдықтары ұзын (3 – 5 м), жіңішке болып келеді.

Жапырағы кезектесіп орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен тозаңданады. Жемісі – жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 – 80%), фруктоза, глюкоза

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!