жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудағы қаржының рөлі
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министірлігі
«Тұран» университеті
СОӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудағы қаржының рөлі
Тексерген: Ақпанов А.
Орындаған: Тәуекелова Ақниет
Экономика факультеті
«Экономика» мамандығы
181(4) тобының
2 курс студенті
Алматы 2020 жыл
Жоспары:
Индустриалды-инновациялық даму
Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиттер
Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси міндеттерді табысты шешуде басқа елдерге үлгі болатын деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік беріп отыр. ХХІ ғасыр білімнің, ақпараттың жаңа технологияның дамыған ғасыры. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз және кәсіби шеберлігі жоғары білімді кадрларсыз, жаһандану талаптарына сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім мен ғылымды халықаралық деңгейге көтеру.
Экономикамыздың жаңа даму кезеңіне өту процесі халық шаруашылығының нақты секторын, әсіресе, ең басты саласы болып табылатын индустрияны қайта құру мен дамытуда маңызды да сапалы өзгерістер енгізумен басталды. Дәлірек айтсақ, мұнай, газ, қара және түсті металлургия мен азық-түлік және текстиль индустриясы өнімдерін өндіру және өңдеуге қатысты салалардың салмақ үлесі айтарлықтай мөлшерде артты. Жалпы алғанда, қазіргі таңда ЖІӨ көлемінің 25,6% мен халықтың 22,2%-ын жұмыспен қамтып отырған индустрия өндірісінде елдің шаруашылық белсенділігі арта отырып, өндірістік-техникалық потенциалын күшейтерліктей деңгейде жұмыс жүргізіле бастады.
Индустриалды-инновациялық даму Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтыламыз.
Стратегияның негізгі мақсаты – ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Қазақстанның индустриялануын тездетуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қоюға тиіспіз. Яғни инновация – негізгі қозғаушы күш болмақ.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы 12 негізгі индикатордың 10-ында жоспарлы өсім көрсеткіші тіркеліпті. Мәселен, 2008 жылмен салыстырғанда өңдеуші өнеркәсіп саласындағы қосылған құн салығының нақты өсімі 2013 жылы 24,5 пайызға артқан. Ел кәсіпорындарының инновациялық белсенділік көрсеткіші де екі есеге өсіпті. Жалпы ішкі өнімдегі энергияның қамтымдылық деңгейі 2008-2012 жылдар аралығында 13,6 пайызға төмендеген. Бұл бәсекелестікке қарай бетбұрысты білдірсе керек. Тоқтала кететін жайт, машина жасау, құрылыс индустриясы мен химиялық өнеркәсіп салалары өңдеуші өнеркәсіптегі өсімнің негізгі драйверлері саналады. Бұл ретте машина жасау 75 % ға, металл емес өндіріс пен минералды өнімдер 47 %, химиялық өнеркәсіп 28 пайызға өскен. Бұдан бөлек, Үкімет индустрияландыру картасындағы жобалардың жүзеге асуын жүйелі қадағалап келеді. Жұмыс тобының мәліметтеріне қарағанда, картадағы жобалардың 80 пайызында жұмыс жоспарға сай жүріп жатса, шамамен 300 жоба өздерінің толық өндірістік қуатына мінген. Тұтастай алғанда, Индустрияландыру картасына ілінген жобалар арқасында 3,2 триллион соманың өнімдері шығарылған. Ал Карта аясындағы жобалардың шет мемлекеттерге экспортқа шығарған өнімдер құны 133 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, Үкімет қазір 48 республикалық жобаны жіті бақылауға алған. Ал сол 48-дің 15-і бірінші бесжылдық аясында іске қосылады деп жоспарланса, республикалық жобалардың басым бөлігі, атап айтқанда 8 трлн. теңгені құрайтын 33 жоба келесі бесжылдықта іске қосылмақ. Сөйтіп, индустрияландыру бағдарламасының нақты нәтижелері екінші бесжылдықта сезіле бастайтынға ұқсайды. Бейнелі түрде алсақ, бірінші бесжылдық индустрияландырудың іргетасын қалады, енді негізгі жұмыс жанданбақ. Ендеше, бұл кезең Үкіметтен бұрынғыдан да сауаттылықты талап етеді.
2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңінде Үкімет нақты басым салаларды айқындау, экспорт бағдарын арттыру, бизнестің қатысуын арттыру, кластерлерді дамыту мен өңірлердің мамандануын тереңдету секілді мәселелерге барынша мән берген.
Елбасының сөзіне қарағанда, 2017 жылға дейінгі қабылданған Мұнай және газ секторын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, елімізде мұнай өңдеу 17,5 млн тоннаға, мұнай тасымалы 98 млн тоннаға жетуі тиіс. Газ өндіруді жылына 35 млрд текше метрге жеткізу міндеті де бар. Мұның барлығы экономика үшін аса маңызды салалар екеніне тоқталған Елбасы осы бағытта білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-ды құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.
Индустриалды-инновациялық саясат – бұл мемлекет арқылы бәсекеге қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау мен оларға қолдау көрсететін шаралар кешені. Өнімнің, тауардың бәсекеге қабілеттілігі ең алдыңғы орынға шығып отырған бүгінгі жаһандану заманында инновациялық қызмет шешуші мәнге ие. Дамыған елдердің экономикасының үздіксіз алға басуы инновациялық қызметті үнемі қолдап, қуаттайтын және ынталандыратын саясаттың арқасында мүмкін болып отыр. Бұл саясат ел экономикасының бұзып-жарып алға шығуын қамтамасыз ететін озық технологияны, басқарудың жаңа түрлерін, ғалымдар мен өнертапқыштардың ойлап шығарған жаңа дүниелерін тез өндіріске енгізіп отыруға бағытталған.
Индустриалды-инновациялық
саясат индустриядан кейiнгi дамудың
перспективалы бағыттарында
ғылыми-техникалық, инновациялық және
өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған,
ол болашақта қағидатты бәсекелестiк
артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге
тиiс.
Негiзгi бағыттар мыналар
болуы тиiс:
1. Жоғары технологиялы
өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде
шетелдiк те, салааралық та технологиялар
трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға
жәрдемдесу.
2. Жоғары
ғылыми-технологиялық әлеуетi бар
ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк
ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар
қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және
инновациялық инфрақұрылымды жасап,
оның қазiргi заманғы элементтерiнiң
қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми
орталықтар, ғылыми-технологиялық
аймақтар және c.c.) қолдау.
3.
Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан
алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi
ғылыми-техникалық әлеует салаларын
пайдалану.
Қазақстан қазiрдiң
өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер
негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн
өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми
базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар
(ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа
сорттары мен жануарлардың генотиптерi,
бактериялар штамдары және басқалары);
ядролық технологиялар; ғарыштық
технологиялар; жаңа материалдар, химиялық
өнiмдер және басқаларды жасау.
4.
Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық
бағыттардың жаңа материалдар мен
химиялық технологиялар және ақпараттық
технологиялар салаларында зерттеулер
жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.
5.
Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар
мен кәсiпорындардың инновациялық
қызметiн ынталандыруға, ғылым мен
инновациялар салаларына инвестициялар
тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету
саласына
инновациялардың
жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару
базасын жетiлдiру.
Жалпы, президентіміздің өзі тікелей ендіріп отырған индустриалды-инновациялық саясаттың басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын инновациялық технологияларды ендіру жолымен мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізу екені мәлім. Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында еліміз мүмкіндігінше тез осы жүйеге көшу керектігін атап өтеді. Сонымен қатар, «Қазақстан – 2050: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты стратегиясында сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау керектігін де айтқан болатын. Жалпы, индустриалды-инновациялық саясат бойынша өңдеуші өнеркәсіптер және қызмет көрсету салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа негізделген тауарларды, жұмыстар және қызмет көрсетулер өндірісін дамыту мәселесі ең бірінші орынға қойылады.
Еуропалық
Қайта құру және даму банкінің
президенті Жан Лемьердің пікірінше,
Қазақстанның индустралды-инновациялық
бағдарламасында республиканың
өз алдына қойып отырған міндеттері
мен оған жетудің нақты саяси
түсінігі көрсетілген.
Ол бұл
құжатта экономикалық стратегияны жүзеге
асыру идеясына деген беріктік анық
байқалатындығын айтты. Онда сонымен
бірге, қаржылық міндеттемелер мен
бағдарламаны жүзеге асырудың тетіктері
айтылған. Ал жеке бизнестің дамуына
Үкімет себепкер болу керектігіне
тоқталған Жан Лемьердің айтуынша, орта
және шағын бизнесті қолдау үшін тек
бюджеттік әсер етумен қатар, тиісті
нормативтік базаны жасау арқылы мемлекет
тарапынан да көмек қажет.
Индустриалды-инновациялық дамудың 2015
жылға дейінгі бағдарламасында осы
тетіктердің бәрі көрініс тапқан.
Бұл
ретте , индустриалдық саясатты дамытудағы
мемлекеттің маңызын жоғары бағалаған
Жан Лемьер түпкі нәтижеге қолдау
көрсетілуі тиіс жеке сектордың күшімен
ғана жетуге болады, деп атап көрсетті.
Жалпы алғанда, Еуропалық Қайта құру
және банк президенті аталмыш бағдарламаны
аса тиімді деп бағалап, бұл стратегияны
қолдайтынын мәлімдеді.
Жалпы қаржының Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асырудағы рөлі аса зор, өйткені кез-келген индустриалды-инновациялық даму стратегияларын жузеге асыру үшін қаржы керек.
1.http://el.kz/news/archive/aza-stanny-_industrialdy-innovatsiyaly-_damu_ba-yty_-ata-_-ada-alauda/
3.http://startinfo.kz/buisness/qazaqst-indyst-innofas-damyu/
4.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000990
5.https://articlekz.com/kk/article/17486

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген