Материалдар / Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар Қазақстанның индустриялды – иновациялық даму бағыттарын біледі Көпшілік оқушылар үшін: Білім алушылар Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарын анықтап, болжам жасайды Кейбір оқушылар үшін Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарын анықтап, болжам жасайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2024
236
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар


Бөлім:

Экономикалық география

Әлеуметтік-экономикалық ресурстар

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның индустриялы-инновациялық даму бағыттары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.5.2.4 Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарын анықтап, болжам жасайды

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Білім алушылар Қазақстанның индустриялды – иновациялық даму бағыттарын біледі

Көпшілік оқушылар үшін:

Білім алушылар Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарын анықтап, болжам жасайды

Кейбір оқушылар үшін

Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағыттарын анықтап, болжам жасайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

8 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру




Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.


Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.



Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Өндіріс салаларының топтарын ата?

2. Елдің даму деңгейін қандай салалар анықтайды?

3. Не себепті мәшине жасау ең маңызды болып саналады?

4. Өнеркәсіптің қай саласы еліміз үшін пайдалы: өндіруші салалар ма, әлде өңдеуші салалар ма?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.


Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма

1. Өнеркәсіп тау-кен өнеркәсібіне, өңдеу өнеркәсібіне, электрэнергетикасы мен сумен жабдықтауға бөлінеді.(220-сурет)

Сурет бойынша (220-сурет) берілген өңдеуші өнеркәсіптің қайсысы сендер тұратын жерде орналасқанын анықта? Ол туралы өз ойыңды айт?





221-суретті пайдаланып, маңыздылығына қарай бірінші және екінші салааралық кешендер қатынасын салыстыр ?



Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Сурет бойынша (220-сурет) берілген өңдеуші өнеркәсіптің қайсысы сендер тұратын жерде орналасқанын анықтайды.

2. 221-суретті пайдаланып, маңыздылығына қарай бірінші және екінші салааралық кешендер қатынасын салыстырады.


ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.


Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма

1. Бұл қандай кластер екенін естеріңе түсіріңдер. Ол қай жерде дамиды?

Батыстың өнеркәсіптік дамуының шұғыл көтерілуі неге байланысты екендігін анықтаңдар?

Дескриптор: Жалпы - 4 балл

1.Берілген тапсырмаларды орындайды.



3-тапсырма:

1 Төменде берілген тақырыптар бойынша баяндамалар мен жобалық жұмыстар дайындаңдар.

*Менің облысымдағы өнеркәсіптің Қазақстан экономикасындағы рөлі

*Менің облысымдағы ірі кәсіпорындар.

*Облыстағы индустриялдық, иновациялық бағдарлама.



Дескриптор: Жалпы - 4 балл

1.Тапсырмада берілген тақырыптар бойынша баяндамалар мен жобалық жұмыстар дайындайды.

ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Рисунок 23











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!