400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанның ішкі сулары. Өзендер. Жалпылау есімдігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспарымның тақырыбы Қазақстанның ішкі сулары. Өзендер. Жалпылау есімдігі. 6 сынып қазақ тілінен. Бұл сабақ жоспарымда БМЖ курсынан оқығаным бойынша құрған болатынмын. Сіздерге ұнайды деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы

7. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.

Мектеп: №13 мектеп-гимназия

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Орынғалиева Г.Б

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Тезірек, биігірек, күштірек. Өздік етіс

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.1.3.1 – тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, детальді ақпаратт анықтау

Сабақтың мақсаты

Құрылымын сақтай отырып мінездеме жаза алуға үйрету

Бағалау критерийлері

  • Мінездеме құрастырып жазады;

  • Стильдік ерекшелігіне сай құрылымды сақтайды;


Тілдік дағдылар

«Құрмет», «Барыс», «Отан» ордендері

Құндылықтарды дарыту

Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған.

Пәнаралық байланыс

Спорт, тарих, география

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда дене шынықтыру пәнінен алған білімдеріне сүйенеді, спорт туралы білімдерін толықтырады.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер

Дереккөздері

Сабақтың басы

5 минут







1-тапсырма

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында оқушылар «Ашық микрафон» әдісі арқылы тақтадағы спортшылар туралы білетін мәліметтерімен бөліседі.
Серік Сапиев

Илья Ильин

Данияр Елеусінов

Геннадий Головкин

Самат Смаков

Александр Винокуров

Қанат Ислам

Ольга Рыпакова

Сабина Алтынбекова

- Өздік етісті түсіндіру.
Өздік етіс - қимыл, іс-әрекеттің орындаушыға, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп, сабақты етістікке –ын, -ін, -н қосымшасы қосылып жасалады: ки – ки-ін-дір-ді, көр-ін-ді, тара-н-ды, сұра-н-ды.


Слайд




Сабақтың ортасы




10 минут















































10 минут







5 минут





5 минут


2-тапсырма

-”Өзгеше спорт түрлері” мәтінімен танысып, бүгінгі тақырыптың неге бұлай аталғанын дәлелдейді.
- Мұғалім оқушылардан мінездеме жазу туралы ақпаратпен танысады.

Мінездеме – белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адами қасиеттері тұрғысында жазбаша сипаттау. Мінездеменің бірнеше түрлері бар:

Қызметтік мінездеме белгілі бір жұмыс орнына немесе оқу орнына ұсыну мақсатында жазылады. Мұнда адамның мінез-қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.

Аттестациялық мінездемеде істеп отырған жұмысына лайық/лайық емес екенін, жұмыс орнында жоғары қызметке ұсынуға лайық/лайық емес екені жазылады.

Жеке мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін және т.б. сипаттай отырып жазылады. Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).

Біздің тоқталатынымыз соңғы түрі – жеке мінездемелер .

Мінездемеде төмендегі мәліметтерді ескеру керек:

  • жетістіктері;

  • интеллектуалды даму деңгейі;

  • жеке қасиеттері;

  • психикалық ерекшеліктері;

  • қоғамдық қызметі;

  • ортамен қарым-қатынасы.


Үлгі:  

Мінездеме

   Қалқабай Жанболат 2001 жылдың 14 сәуірінде дүниеге келген. Дене дамуы қалыпты өзінің жасына сай, денсаулығы жақсы, созылмалы аурулармен ауырмайды.

Отбасында тұрақты карым қатынас сақталған. Ата-анасы баланың дамуына, оның денсаулығына және оқуына көңіл бөлір отырады. Баланың бойына жақсы әдеттерді, дүниетанымы мен өмірлік бағдары, көзқарасын дұрыс қалыптастырған.

Оқу үлгірімі жақсы, қосымша білім көздерін пайдалана алады, сөйлеу мәдениеті жоғары деңгейде. Өз ойын дәл және еркін жеткізе біледі. Өте зерек, тапқыр. Өз жұмыстарын ұйымдастыра біледі.

Сыныптастарымен және мұғалімдерімен қарым-қатынасы жақсы. Жанболат – iскер, қабiлеттi, қайырымды оқушы. Оқуға деген ынта-ықыласы өте жоғары. Жанболат мектептiң қоғамдық жұмыстарына белсене қатынасады. Ол тапсырылған жұмыстарға аса жауапкершілікпен қарайды. Ұстаздары оның таңдаған кәсiбiнiң бiлiктi маманы болатындығына сенедi. 

Мектеп директоры: … 

Сынып жетекшiсi: … 

1- тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды

1-деңгей. Оқылым мәтінінен салт етістік пен сабақты етістіктерді тіркескен сөзімен қосып жазыңдар.
2-деңгей. Доппен ойналатын ойындар тізімін жасаңдар. Солардың біріне сипаттама беріңдер.
3-деңгей. Спорттық ойындардың бірінің өту барысы туралы репортаж немесе спортшымен сұхбат жүргізіңіздер.Сұхбатта сол саладағы термин сөздерді қолданыңдар.


2-тапсырма.
Өздерің білетін бір спортышға мінездеме жазыңдар.
Дескриптор:
- мінездеме құрылымын сақтайды;
- Қазақстанның белгілі спорт шеберін алу;
- өздік етістерді пайдалану.

3-тапсырма.
Мақал-мәтелдердегі өздік етіс жұрнақтарын көрсетіп, іс-әрекетті кім орындайтынын анықтаңдар. Өздік етіс жұрнақтары кездесетін мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерден бірнеше мысал келтіріңіз.
Дескриптор:
- мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазу;
- өздік етіс жұрнақтарын шатастырмау,
- іс-әрекетті кім орындайтынын анықтау.





Сабақтың соңы

5 минут






Рефлексия

Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылап, мынадай үлгіде оқушылардың ойын тыңдайды.


  1. Бүгін не білдіңіз?

  2. Қандай дағдыларды қолдануға мүмкіндік берілді?

  3. Не туралы көбірек білгіңіз келеді?

Мұғалім рефлексияны ауызша немесе жазбаша алуына болады.




































Серік Сапиев
Илья Ильин

Данияр Елеусінов

Геннадий Головкин

Самат Смаков

Александр Винокуров

Қанат Ислам

Ольга Рыпакова

Сабина Алтынбекова









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1203
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі