15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстанның ішкі суларының түрлері
Күні: 20.12
Сыныбы: 8ә
Тақырыбы: Қазақстанның ішкі суларының түрлері
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Қазақстанның ішкі суларының түрлері және өзендері туралы толық мәлімет беру.
Тәрбиелік: ынтымақтыққа тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу, өзендерді қорғауға, оның қажеттілігін түсіне білуге үйрету.
Дамытушылық: Қазақстанның физикалық картасы бойынша Қазақстанның өзен-көлдерін, гидрографиялық торабын сипаттау арқылы картамен жұмыс істеу икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, видео, кескін картамен жұмыс.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар, атлас, слайд, кескін карта,т.б.
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын қорытындылау
3. Тақырыпты меңгеру
4. Тақырыпты бекіту
5. Сергіту сәті:
6. Бағалау кезеңі
7. Үй тапсырмасын беру
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасып, сабаққа қатыстарын тексеріп, зейіндерін жаңа сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын қорытындылау:
Ой қозғау:
Сұрақ-жауап.
1.Қазақстанның ең суық айы? Қаңтар
2. Ең суық жері? Атбасар өңірі
3.Төменгі ауаның әсері тимеген тау беткейлерінде биіктеген сайын қыста температура жоғарлайды оны қалай атайды? Температура инверсиясы
4.Ең жылы ай? Шілде
5.Жылы айдың ең жоғарғы температура. +470С
6.Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері қандай? 130-1600мм
7. Жауын-шашын көп түсетін жері. Батыс Алтай
8.Оңтүстік аудандарда кей жылдары жазда 2-3 ай жауын-шашын мүлдем жаумайтын кездері не байқалады? Құрғақ жанбыр
9.Жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын қалай атайды?
Ылғалдану коэффиценті
10. Түркістан қаласында буланушылық қанша мм? 1250 мм
11. Жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың бірі. Шаңды дауыл.
12.Қауырт атмосфералық құбылысқа жатады. Үсік
13. Халық шаруашылығына қолайсыз атмосфералық құбылыстардың бірі. Көктайғақ
-
Жаңа тақырып меңгеру:
Қазақстанның ішкі сулары
Су – құрлықтағы сұйық, қатты және газ күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден-бір минерал. Қазақстанның жер бедерінің әртүрлігіне байланысты ішкі суда әртүрлі келеді. Шөл мен шөлейт зоналарында өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едәуір көп, жер бетіндегі өзен торларынынң орналасуы сол аймақтың ылғалдану коэффициентіне байланысты екенін айтады.
Республика аумағында іщкі суларды бірнеше түрге бөлеміз. Олар өзендер, көлдер, жер асты сулары, мұздықтар, және бөгендер мен каналдар.
Өзендері. Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады. Қазақстан өзендері
Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан қасиетті өлке – Қазақстанымыздың тұла бойы тұнып тұрған сұлулық. Шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала, шыңдары аспанмен таласқан асқар таулар, сығырлай аққан бұлақтар мен ұзынды-қысқалы өзендер, көлдер, бақтардағы бұлбұл құстардың әсем үні мен айдың көлдегі аққу құстың қиқулаған ғажап дауысы...Бәрі-бәрі Табиғат-ананың сізбен бізге берген тамаша тартуы. Сондай қайталанбас әрі баға жетпес Табиғат тартуының бірі саналатын Қазақстан өзендері Әлемтану айдарының бүгінгі тақырыбы болмақ
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі.
Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің су ағыны тұрақты келеді. Бұл алқапқа жататын өзен Ертіс (Есіл және Тобыл салаларымен).
Республика өзендерінің едәуір бөлігі ішкі тұйық алапқа жатады. Ішкі тұйық алап ірі көлдерге құятын өзендер жүйесімен келесі сатыдағы кіші алапқа бөлінеді. Бұл көлдердің ірілері — Каспий, Арал теңіздері және Балқаш көлі. Ішкі тұйық алапқа ұсақ көлдерге құятын, құмға барып сіңіп кететін, сондай-ақ уақытша ағатын өзендер де жатады.
Каспий теңізі алабы Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзен және т.б. жатады.
Арал теңізі алабына Оңтүстік және Орталық Қазақстанның оңтүстік бөлігінің өзендері жатады. Өзендер шөл зонасында орналасқан және өзен желісі сирек. Басты өзендері Сырдария, Арыс саласы мен Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас өзендері. Бұлардың ішінде Сырдариядан басқасы Арал теңізіне жетпей құмға сіңіп кетеді.
Балқаш-Алакөл көлдер жүйесіне Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендер кіреді. Олар: Қаратал, Лeпci, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан және т.б.
Көлдері.
Қазақстанның кең-байтақ аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Жайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр
Тектоникалық көлдер
Төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл қазаншұңқырлары суға толып, көлдер пайда болады. Мұндай көлдер Қазақстанның оңтүстік-шығыс таулары мен Сарыарқадакөбірек таралған. Жайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз-Қорғалжын тобы, Көкшетау тобы (Бурабай, Зеренді, т. б.), бұрынғы тектоникалық бөген Есік көлі, т.б. су айдындары осы топқа жатады.
Реликті (қалдық) көлдер
Ертеде пайда болған жазықтарға, оның ішінде Каспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындағы, Балқаш-Алакөл ойысындағы кейбір көлдер калдық көлдерге жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері. Бұлар жер қыртысының майысқан бөлігінде тектоникалық көлдер болып қалыптасты.
Мұздың көлдер типі
Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т.б. мұздық көлдері жатады.
Қар көлдері
Биік тауларда қар сызығы маңында аяздық үгілу нәтижесінде пайда болған шұңғымаларда таралған. Қар ойыстарының пішіні көбінесе дөңгелек болып келеді, олар суға толғанда қар көлдері құралады. Мұндай көлдер өте көп, бірақ олардың көлемі шағын болады.
4. Тақырыпты
бекіту:
Географиялық диктант
............. - арна деп аталатын табиғи ойпаң арқылы ағып өтетін су. (Өзен)
Республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері ................. жатады. (ішкі суларға)
Қазақстан аумағында ....... өзен бар.( 85 мың )
Қазақстан өзендері негізгі ........ алапқа жатады. (2)
.......... - Қазақстанның ең ірі өзені. ( Ертіс)
Каспий теңізі алабына ........ өзендері кіреді. ( Жайық , Жем , Ор , Сағыз)
........... Арал теңізі алабы өзендері(Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз)
Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер саны .......(7)
........өзенінде ең бағалы бекіре балығы уылдырық шашады. (Жайық)
Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласы ........ өзенінің бойында орналасқан. (Есіл)
2 тапсырма. Семантикалық карта
|
№ |
Атаулар |
Өзен |
Көл |
Теңіз |
|
1 |
Іле |
+ |
|
|
|
2 |
Балқаш |
|
+ |
|
|
3 |
Жерорта |
|
|
+ |
|
4 |
Шу |
+ |
|
|
|
5 |
Қызыл теңіз |
|
|
+ |
|
6 |
Алакөл |
|
+ |
|
|
7 |
Қара теңіз |
|
|
+ |
|
8 |
Арал |
|
+ |
|
|
9 |
Ертіс |
+ |
|
|
|
10 |
Сырдария |
+ |
|
|
|
11 |
Каспий теңізі |
|
+ |
|
|
12 |
Балтық теңізі |
|
|
+ |
|
13 |
Есіл |
+ |
|
|
|
14 |
Марқакөл |
|
+ |
|
3.Сандар сөйлейді:
7 - (Қазақстандағы ең ұзын өзендер)
85 мың- (өзен бар)
1000км- (ең ірі 7 өзеннің ұзындығы)
703 м3/сек – Сырдарияның жылдық су шығыны)
28 млрд м3 – (Ертістің жылдық ағыны )
168 – (су бөген бар)
190- (Аязды қыста республиканың солтүстігіндегі мұздың
қалыңдығы)
650 г/м3 – (Іле өзеннің суының лайлығы.)
4. Кескін картамен жұмыс: Картадан сандар бойынша өзендерді тауып белгілеу.

Жауаптары: Өзендер
-
Есіл
-
Жайық
-
Іле
-
Ертіс
-
Тобыл
-
Сырдария
-
Шу
5. Венн диаграммасы:
Өзен Көл


Айырмашылығы
Айырмашылығы
Ұқсастығы
6. Тест жұмысы:
1.ҚР қанша өзен бар?
А)85000 б)80000 в)50000 г)40000
2. 1000км-ден асатын өзен саны
А)5 б)7 в)9 г)10
3.ҚР өзендері неше алапқа жатады?
А)5 б)4 в)3 г)2
4.Каспий теңізі алабына жататын өзендер:
А)Жайық,Жем,Сағыз ә)Қаратал,Лепсі,Ақсу б)Шу,Сарысу,Торғай г)Жайық,Шу ,Лепсі
5.Жазықтардағы өзендер солтүстіктен оңтүстікке қарай....
А)артады ә)кемиді б)өзгермейді г)өзгереді
6.Өзеннің су қимасы арқылы 1 сек ішінде ағып өтетін су мөлшері:
А)жылдық ағын ә)көп жылдық ағын б)су шығыны г)көп жылдық шығын
7.Қар және мұздақтармен қоректенетін өзендер:
А)Іле,Қаратал,Ертіс Ә)Жем,Торғай,Сарысу б)Ертіс,Торғай,Сарысу в)Жайық ,Сағыз,Қаратал
8.ҚР ішкі суларына жатады:
А)өзен,көл,жер асты суы,бөген,канал,мұздық б)теңіз,өзен,көл,мұхит
в)теңіз,өзен,көл,жер асты суы. Г)мұхит,көл,өзен
9.ҚР ең ұзын өзен:
А)Есіл Б)Жайық в)Жем г)Сырдария
10.Еліміздің астанасымен шектесетін өзен:
А)Есіл Б)Жайық в)Жем г)Сырдария
Тест жауаптары:
1. А
2. Б
3. Г
4. А
5. Ә
6. Б
7. А
8. А
9. В
10.А
7. Сергіту сәті:
І қатарға су туралы мақал-мәтел, 2 қатарға су туралы тыйым сөздер, 3 қатарға су туралы өлеңдер айту.
8. Бағалау кезеңі:
9. Үй тапсырмасын беру: Қазақстанның ішкі суларының түрлері

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген