15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстанның жаңа жеті кереметі.
|
Бөлім: |
3-бөлім: Әлемнің жеті кереметі. Лексикография |
|||||||||||||||||||||||||
|
Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты: |
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақстанның жаңа жеті кереметі. |
|||||||||||||||||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
6 .2.1.1 - мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру; 6.4.1.1 -тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтап, түсіндіре алады; Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза алады. |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басталуы 4 минут 5 минут Сабақтың ортасы 6 минут 20 минут 5 минут Сабақтың аяқталуы 5 минут |
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру 2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру; Ой шақыру Қазақстанның қандай жеті кереметін атай аласың? 1.Таңбалы тас суреттері
2.Алтын Адам 3. Қазақтың киіз үйі
4. Домбыра 5. Ясауи кесенесі 6.Маңғыстау жерасты мешіті 7.Астана – Бәйтерек
1-тапсырма Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.Детальді ақпарттарды кестеге түсіріңіз. Түркістан - Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмірінде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бірі. 1500 жылдығын тойлап өткен Түркістан - руханият ордасы, оған ерекше мәртебе беру қажет. Бірақ бүгінгі сөзіміз Қ. А. Иассауи ғимараты туралы. Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрынғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата» атап кеткен. Қожа Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәуілім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады. Қожа Ахмет Иассауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы.Бұл күнде Қожа Ахмет Иассауи ғимараты-шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау-2 1-тапсырма Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, мәтін құра. Детальді ақпараттарды ажыратып көрсет. Алматы қаласынан 70 шақырым, «Таңбалы тас» Таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері 22 салт атты сарбаз, VI-VII ғасыр, түрік жауынгерлері, бес мыңдай сурет, төрт мың жылдай, ЮНЕСКО, туристер. 2-тапсырма Мәтіннен бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын күрделі сөздерді теріп жаз. Үлгі: «Таңбалы тас» Қорытындылау 8-тапсырма. (Оқулықтан) Сөзжұмбақты шеш 1. Үндістанның Агра қаласында орналасқан кесене. 2. Ежелгі Грекиядағы піл сүйегі мен алтыннан жасалған мүсін. 3. Еліміздегі тасқа жазып түсірілген суреттер. 4. Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы. 5. Теңізшілерге жол көрсеткен мәрмәр тастан қашалған жеті кереметтің бірі. 6. Қазақ халқының өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттіліктің, кеңдік пен дарқандықтың символына айналған Астана қаласындағы монумент. 7. Биіктігі 40–45 метрлік ежелгі кесене. 8. Биік жартасқа орналасқан Иордания қаласы. 9. Ұлттық музыкалық аспап. 10. Әлемдегі ең үлкен амфитеатр. 11. Еліміздің бас қаласы.
Кері байланыс «Сөйлемді аяқта»
|
Психологиялық ахуал -Салем достым! (амандасады) -Сен қалайсың? (иықтарынан қағады) -Қайда болдың? (құлақтарынан тартады) -Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды) -Сен келдің! (қолдарын жаяды) -Жақсы болды!(құшақтайды)
Ойтүрткіде сұрақтарға жауап беріп, Қазақстанның жеті кереметін атайды.
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған 15.11.2023 524
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі | ||||||||||||||||||||||||






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген