400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанның климаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның климаты қоңыржай .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстанның климаты

Қазақстан аумағы солтүстік жарты шардың қоңыржай климаттық белдеуінде орналасқан. Қоңыржай климаттық белдеудің басқа климаттық белдеулерден айырмашылығы – жылдың төрт мезгілі (жаз, көктем, күз, қыс) айқын байқалады. Қазақстанның климаты қоңыржай – шұғыл континентті, яғни жазы өте ыстық, қысы өте суық. Қазақстанның климатының континенттілігі жаз пен қыс айларының температураларының күрт ауытқуынан, ауаның құрғақтығынан, жауын-шашынның әркелкі түсуінен көрінеді.

Қазақстанның климаты қоңыржай шұғыл континентті. Қазақстанның климатын қалыптастырушы негізгі үш фактор бар, оларға жердің төсеніш беті, күн радиациясы, атмосфераның алмасуы жатады.

Республика аумағына ауа массаларының үш түрі әсерін тигізеді, олар арктикалық, қоңыржай, тропиктік. Арктикалық ауа массалары –​​​​​​​ Солтүстік Мұзды мұхиттан, қоңыржай ауа массасы – Атлант мұхитынан, тропиктік ауа массалары – Орта Азиядан келеді.

Қазақстан климатына тек қана екі мұхиттың, Солтүстік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитының әсері бар. Бұл мұхиттан келетін ауа массалары жолдарында тау болмағандықтан, солтүстік оңтүстікке, батыстан шығысқа қарай емін-еркін өте алады. Қазақстанға Атлант мұхитынан келетін ауа массасы қоңыржай теңіздік деп аталады. Бұл ауа массасы еліміздің батыс бөлігіне біршама жауын-шашын алып келеді. Бірақ жауын-шашын мөлшері еліміздің ішкі аудандарына жетпей қалады, себебі бұл ауа Қазақстанға жеткенше ылғалынан айырылып, құрғап кетеді.

Қазақстанға Орта Азия мен Ираннан келетін ауа массасы тропиктік деп аталады. Қазақстан аумағы жаз бойы тропиктік ауа массасының ықпалында болады.

Арктикалық ауа массасы Қазақстанға Солтүстік Мұзды мұхиттан келеді. Ауа өте мөлдір құрғақ болады. Қазақстан қыс айларында арктикалық ауа массаларының ықпалында болады. Бұл ауа қыста солтүстіктен енген кезде Қазақстанда антициклондық күн райы орнайды. Антициклондық күн райы орнаған кезде күн ашық, құрғақ, қыста қатты аяз болады.

Қазақстан жерінде соғатын желдерге Жоңғар қақпасы арқылы соғатын Ебі мен Сайқан желін, Жамбыл облысындағы Арыстанды қарабас желін т.б. жатқызуға болады.

Ебі желі – Жоңғар Алатауының оңтүстік шығысында, Қытай жеріндегі Ебінұр көлінде жоғары қысым орнағанда пайда болатын жел. Ебі желі оңтүстік шығыстан, яғни Ебінұр көлінен солтүстік батысқа қарай, яғни Алакөлге қарай соғады. Желдің жылдамдығы 60-80 м/с жетеді.

Сайқан желі солтүстік батыстан оңтүстік шығысқа, Орта Азияға қарай соғатын жел. Сайқан желі сәуір мен қырқүйек айларының аралығында қатты соғып, қалған айларда бәсеңдейді. Сайқан желі соққанда, Алакөлдің деңгейі бір метрге көтеріледі. Балық аулауды қиындатып, мал шаруашылығын шығынға ұшыратады.

Қазақстанның жерінде жауын-шашын әркелкі түседі. Жауын-шашын Батыс Алтайдағы Кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысына көп түседі, ондағы жылдық жауын-шашын мөлшері 1600 мм.

Қазақстандағы ең суық ай –​​​​​​​ қаңтар. Қазақстанның ең суық жері Атбасар өңірі, ол жерде бір жылдары -57°C-ға дейін төмендеген. Қазақстандағы ең жылы ай –​​​​​​​ шілде. Ең жоғарғы температура солтүстікте 41°C, оңтүстікте 47° C-тан аспайды.

Өсіп-өну кезеңі дегеніміз өсімдіктің көктеп, гүлдеп, жеміс беруіне кететін уақыт. Қазақстанның оңтүстігінде өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 180 күн. Оңтүстіктегі өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы мақта, темекі, күріш, жүзім, қант қызылшасын өсіруге мүмкіндік береді. Республикамыздың солтүстігінде өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 130-135 күнге созылады. Мұнда агроклиматтық қорлар жаздық бидай, зығыр, көкөніс, бау-бақша өсіруге мүмкіндік береді. Ауа райын зерттеу адамның күнделікті тұрмысы мен шаруашылық әрекеті үшін қажет. Ауа райы болжамынсыз ұшақтар аспанға көтерілмейді. Ауа райын болжау бүкіл жер бетіндегі метеорологиялық стансаларда және атмосфераның біршама биік қабаттарында жүргізілетін бақылауға негізделеді. Қазіргі кезде Жер шарында 10 мыңнан астам метеоррлогиялық станса бар. Бүкіл дүние жүзінің метеоролог мамандары бірыңғай Гринвич уақытымен бақылау жүргізеді. Қазақстан жерінде күннің кенет суыту мәнісі көбінесе арктикалық суық ауа массасының баса көктей кіруінен. Бүгінгіи күні ауа райын ғарыштан бақылауға болады, бірақ жалғыз адамның қолынан келмейді. Ауа райы - жеріміздің алып күшінің бірі.

Ауа райы бұзылар алдындағы белгілер:

  • Будақ бұлттар кешке қарай тарап кетпей, қайта көбейіп, қалыңдай түседі.

  • Ертеңгі және кешкі күн шапағы қызғылт түсті болады.

  • Түнгі және күндізгі температураның айырмасы азаяды.

  • Кешке қарай жел тынбайды, қайта күшейеді.

  • Шық және қырау түспейді.

  • Күн немесе Ай қораланады.

  • Ауа қысымы төмендейді.

  • Ауа райының түрлері

  • Дауыл - циклон және тайфун ретінде белгілі осы үлкен құйындататын борандар ғимараттарды қиратып,жоларды бұзады.

  • Күннің күркіреуі - жылы ауа жоғарыға қарай көтеріліп салқындаса,үлкен бұлттар жоғарыға қарай өсе бастайды.Осындайда боран болуы мүмкін және қатты жаңбыр жауады.

  • Су тасқыны - төтенше ауа райынан туындайтын кез келген басқа сұрапыл апатты құбылыстармен салыстырғанда , су тасқыны көптеген зардаптарға әкеледі.

  • Бұршақ - жаңбырлы бұлттарың арасында пайда болып, боран кезінде жауауды.Әдетте олардың өлшемі жасыл бұршақтың көлеміндей болады.

  • Торнадо - жер бетімен қозғалатын және жолында барлығын қирататын әуе құйыны.





















































Гранитный негізгі мектебі















Реферат

Тақырыбы: Қазақстанның климаты













Дайындаған : Танманова Ж.У.



















2018-2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 қазан
1757
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі