Материалдар / қазақстанның көрікті жерлері сынып сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қазақстанның көрікті жерлері сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
материал оқушыларға өз еліне деген сүйішпеншілігін, патриоттық сезімін, мақтанышын оятады. материалда қазақстандағы көрікті жерлер туралы мәлімет алуға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
4737
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрікті жерлері
Мақсаты: Оқушылардың «Отан», «туған жер» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
- Туған жерге қамқорлық жасай білу іскерліктерін дамыту.
- Туған жерін сүюге, қадірлеуге, әдемілікке тәрбиелеу.
Сабақтың жүру барысы
1. Шаттық шеңбері:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді шаттық шеңберінде көргеніме қуаныштымын.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «қазақстанның көрікті жерлері» деп аталады. Бүгін сабақта біз Отынымыз, туған жеріміз жайлы әңгімелесеміз. Туған жеріне әр адам қалай қамқорлық жасауы керек екені жайлы ой қозғаймыз. Табиғаттың әдемілігіне тағы да бір назар аударамыз.
Жалпы, туған жерін сүймейтін адам кем - де кем. Ендеше, қазір бәріміз бір - біріміздің қолымызды ұстасып, үндеместен жанымыздағы достарымыздың туған жерге деген ықыласын, алақандарымыз арқылы сезініп көрейік. (Сезіндік пе?)
Қазақстан - туған өлкем. 
Жер көппе сендей көркем. 
Көрсін деп күллі әлемге 
Жалауыңды желге желпем. 
Көз алдыңда көгілдір тау мұнартып, 
Аспанымда аққудың әні қалғып. 
Құшақтап бір өзіңді туған далам. 
Жатамын көк шалғында жаным балқып. 
Тасып жатқан өзендер жағасынан. 
Сары белде сағымдар арасынан. 
Тарайды дән жұпары бар әлемге. 
Қазақтың қасиетті даласынан. 

Батыстан толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь – Шань тауларына дейін Ұланғайыр жерді алып жатқан тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.
2. Әңгімелесу.
а) ә) Сұрақтар қою:
- Сендердің туған жерлерің несімен көрікті деп ойлайсыңдар?
- Сендер Отанымыз Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер?
- Неліктен осы аталған жерлеріңді көрікті жерлер, ғажап жерлер деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауаптарын түйіндеу
лімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Атап өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға келгендер. Бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Тек жаратушы сыйлаған бұл ғажаптарды бағалай білген жөн. Сонымен, назарларыңызға белгілі суретші Илья Афанасьевтің түсірген таңғажайып туындыларын ұсынамыз.

1. "Алтын Емел" ұлттық паркі. Алматы облысы 

"Алтын Емел" атауы моңғол тілінен шығады және "Алтын ер" дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды. Алтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс.  

2. Ақтолағай. Үстірттің солтүстік шеті. Ақтөбе облысы

Шатқал үлкен аумақты алып жатыр. Бұл мекен әлі көпшілікке танымал емес, әрі туристердің келуі де қиын. Мұнда табиғат ақ бор түсті керемет ландшафт жасап шығарыпты.  Бағзы замандарда, көп ғасыр бұрын, бұл үстірттің орнында теңіз болған. Топырақты қазып жіберсеңіз, теңіз жәндіктерінің тас болып қатқан қалдықтарын, акулалар мен теңіз түбін мекендеген өзге де мақұлықтардың сүйегі мен тісін тауып аласыз.  

3. Батыс Алтай қорығы. Шығыс Қазақстан облысы

Қорық Батыс Сібір даласы, Оңтүстік Сібір және Орталық Азия таулары мен Қазақстаншөл далаларының тоғысында орналасқан. Жақын маңда мұхит пен теңіз жоқ болғандықтан, бұл жердің климаты континентальдық, ол температураның шұғыл өзгеруінен көрінеді. Мұндағы жылдық орташа температура - +1,5°С. Осы аймақ пен табиғи қорықтағы ең танымал жер - "Қара торап" деп аталатын үш шоқының (Көксу, Иванов және Холзун) түйіскен тұсы. Туристер арасында ерекше танымал "Тас ертегі" де осында орналасқан. 

4. Қарқаралы таулары. Қарағанды облысы

Қарқаралы таулары — қазақ майда шоқыларының шығыс бөлігіндегі тау массиві. Олардың биіктігі 1403 метрге дейін жетеді. Тау беткейлерінде қарағайлы ормандар кездеседі. Алайда, бұл орынның басты ерекшелігі - мұнда мұз дәуірінен қалған өсімдіктердің жұрнағын, сирек кездесетін және жоғалып бітіп бара жатқан өсімдіктерді кездестіруге болады. 

5. Табан-Қарағай. Алматы облысы

Табан-Қарағай үстіртін аспан астындағы пейіш деп жиі атайды. Алматы облысының тура орталығында орналасқанымен, ол туристер үшін толық зерттелмеген, әрі жету де оңай емес жер болып келеді. Алайда, осында жете алған табанды фотосуретшілерге берер бұл мекеннің сыйы бар. Мұндағы пейзаждарда бүкіл Қазақстанның бар пейзажы тоғысқан! Қызық пішінді жартастар да, асқақ таулар да, алуан түрлі гүл-өсімдіктермен көмкерілген алқаптар да бар. Бұлт торлаған аспан астында үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, отар-отар қой жайылып жүреді. 

«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан. Саябақ аумағына Үлкен және Кішкентай Шабақты, Бурабай, Шортан, Қатаркөл, Майбалық т.с.с. он төрт үлкен-кішілі көлдер кіреді. Көлге құятын Қолшақты, Қылшақты, Сарыбұлақ, Громовая, Иманай сияқты басқа да өзендер бар. Бурабай көлі теңіз деңгейінен 319 метр биіктікте орналасқан. Көл шығанағындағы Жұмбақтас тауы Бурабай нышанына айналған. Бұл таудың келбеті бір жағынан бойжеткенді, екінші жағынан кейуананы бейнелейді. Бурабай  өлкесінің ең биік тауы Көкше теңіз деңгейінен 997 метр биіктікте орналасқан. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Саябақта жануарлар әлемінің 305 түрі бар. Оның 87 түрі сирек кездесетін я жойылуға жақын.

Чистопол орта мектебі

















Сынып сағаты

Тақырыбы: «Қазақстанның көрікті жерлері»











2017-2018 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!