Еңбекшіқазақ
ауданы Есік қаласы
Абылай хан
атындағы №4 орта мектеп
Тақырыбы
Пән
мұғалімі Ерболат Шолпан Ерболатовна
Есік
қаласы 2020 жыл
7-сынып.
Геологиялық химия
Сабақтың тақырыбы:
Қазақстанның кен өнеркәсібі
Сабақтың
мақсаты:
Қазақстандағы металлургияның
даму тарихы, металдардың қоры, қара және
түсті металлургия, шойын мен болатты
өндіру технологиясы, металлургия
өнеркәсібіндегі экологиялық мәселелер
туралы білімдерін тереңдету;
Ғылыми-технологиялық принциптер,
металдар қасиеттері және оларды алудың
әдістері туралы білімдерін, өз беттерінше
жұмыс істеу қабілеттерін, шығармашылық
деңгейлерін және пәнаралық байланысты
дамыту;
Экономикалық, экологиялық және
елжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі, әдіс-тәсілі:
Білімдерін жүйелеу,
қорытындылау; сөз-көрнекілік- әңгімелесу,
ізденісті, шиеленісті шешу, репродуктивті
Жұмыс түрлері: жеке, ұжымдық
Педтехнологиялар: интерактивті, АКТ
Көрнекіліктер: интерактивті
тақта, ҚР энциклопедиясы, Қазақстанның
физикалық және өнеркәсіптік және пайдалы
қазбалар картасы,»Металдар мен олардың
құймалары» жинақтамасы
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Мақсат қою.
Сабақтың эпиграфы ретінде төмендегі
мағлұматтармен байланыстыру.
Адамзат тарихының уақыты:
Тас ғасыры
Мыс ғасыры(б.з.д.IV-III
мыңжылдық)
Қола ғасыры
(б.з.д.IVмыңжылдықтың соңы - I мыңжылдықтың
басы)
Темір ғасыры
(б.з.д. I мыңжылдық)
Металдар қазақ халқының ауыз
әдебиетінде:
“Құрыштай мінез”“Темірдей жүйке”“Алтын
жүрек”“Қорғасындай жұдырық”
“Металдық дауыс”“Күмістей
ақ”“Болаттай берік”
3.Өткен материалдар
бойынша білімдерін тексеру.
Қорғасынды PbS галени минералынан
өндірудің технологиялық тізбегін
ұсыныңыз?
Пириттен FeS темір мен күкірт қышқылын
қалай алуға болады?
Немістің металлургия саласындағы ғалым
және дәрігері Г.Агрикола “Металдар
туралы12 кітап” деген еңбегінде былай
деген: “Кенді қыздырып, өртеп және
қатты күйдіріп металға қосылған
заттардың бір бөлігін бөледі.... және
ары қарай балқыту керек, өйткені тек
осының арқасында тау жыныстары мен
қатып қалған сөлдер металдар айырылады,
олар өздеріне тән түске ие болады,
тазаланады және көп жағдайда адамға
пайдалы болады”
Агрикома металлургияның қандай сатылары
туралы айтқан?
Жаңа материалдар бойынша
түсінгендерін тексеру.
Оқушылардың
өзіндік жұмыстары:
1. Металлургия саласына
еңбегі сіңген ғалымдар туралы қысқаша
мәлімет
Интерактивті тақтадан ғалымдар
Д.И.Чернов пен П.П.Аносовтың еңбектері
туралы слайд көрсету. Алдын ала берілген
тапсырмалар бойынша оқушылардың өзіндік
жұмысы – презентация «Қ.Сәтпаевтың
металлургия саласындағы еңбегі»
2.
«Қазақстанның
металдар қоры»
тапсырмасы бойынша картамен жұмыс,
хабарландыру немесе презентация.
3. «Қазақстанның
қара және түсті металлургиясы» тапсырмасы
бойынша оқушылардың презентациясы.
Жинақтамадан металдар(темір, алюминий)
мен олардың құймаларының жинақтамасын
көрсету, халық шаруашылығындығы маңызына
тоқталу.
Білімдерін бекіту және
қорытындылау үшін шойын
мен болаттың қасиеттері, домна пешіндегі
химиялық реакциялар туралы білімдерін
еске түсіру.
Шойын мен болаттың қасиеттеріндегі
айырмашылықтар
Домна пешінің құрылысы, ондағы
ғылыми-технологиялық принциптер
Домна пешіндегі химиялық реакциялар:
C, Fe2O3
, Ca
CO3 - шихта
C + O2 =
CO2
6Fe2O3
+ 2CO = 4Fe3O4
+ 2CO2
CO2 +
C= CO Fe3O4
+ CO = 3FeO + CO2
FeO + CO = Fe + CO2
Ca CO3
= CaO + CO2
CaO + SiO2 =
CaSiO3
Оқушылардың өзіндік
жұмыстары: «Металлургия
өнеркәсібіндегі экологиялық мәселелер»
«Қазақстанда металлургия өнеркәсібінің
дамуы» презентация
Қорытындылау. «Қазақстанда
металлургия өнеркәсібінің дамуы»
тақырыбында мағлұмат беру.
Қазақстанның химия
өнеркәсібі Ұлы Отан соғысынан кейін
ғана қарқынды дами бастады. Алғашқы
хмия өнеркәсібі әйгілі КОКП Орталық
комитетінің 1958ж. Мамыр, 1963ж. Желтоқсан
пленумдарынан кейін дами бастады. Кеңес
Одағының қорғаныс және қарулы күштерін
нығайту мақсатында Қазақстанда
металлургия өндірістері қолға алына
бастады. Сол кезде Жезқазған, Балқаш
мыс қорыту зауттары,Риддер полиметалл
зауыты, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты
мен титан-магниий зауыттары, ақтөбе
хром және хром қосылыстары зауыттары,
Шымкент қорғасын зауыты салынып, өз
өнімдерін бере бастады.Қазақстанның
металлургия өндіріс ошақтары атырау,
ақтөбе, Қарағанды, Теміртау, Өскемен,
Жезқазған, Балқаш, Павлодар, Ақтау,
Қызылорда, Шымкент, Тараз қалаларында
шоғырланған.
Еліміздегі «Қазақстан-2030»
бағдарламасы бойынша Қазақстан тек
шикізаттың отаны ғана емес, сол шикізатты
пайдаланып, халық тұтынатын тауарлар
жасау, дүниежүзілік рынокта алдыңғы
орындарда көрінуді мақсат тұтып отыр.
Ел президентінің бастамасымен Қазақстан
әлемдегі алдыңғы қатардағы бәсекелес
елу елдің қатарына кіру үшін жан-жақты
дамуды қолға алып, барлық салаларда
реформалар іске асуда. Соның бір айғағы
Павлодар алюминий зауыты іске қосылды.
Көмірсутектердің Шығыс аймағы игеріле
басталды. Кезінде Шығыс халықтарының
арасынан шыққан тұңғыш академик Қ.Сатпаев
Қазақстанды «інжу-маржан» деп тегін
айтпағаны осы күні дәлелденіп отыр.
4. Үйге
тапсырма және оқушыларды бағалау.
Есеп.1.
Құрамында 20% мыс жылтыры Сu2S
бар 120т байытылған кеннен, егер шығымдылығы
90% болса, қанша мыс алуға болады.
2. Массасы 78 г жез құймасы (мыс пен
мырыш) тұз қышқылынан 13,44 л (қ.ж.) газды
ығыстырады. Құймадағы мыстың массалық
үлесін анықтаңдар.