400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанның пайдалы қазбалары

Материал туралы қысқаша түсінік
білімділік: Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы ой қалыптастыра отырып, жанатын пайдалы қазбалар туралы түсіндіру. дамытушылық: Оқушыларға география ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру. тәрбиелік:география материалдары арқылы оқушылардың бойына түсінік, сауаттылық, жүйелі мағлұматтарды меңгерте отырып, география сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: География

Сыныбы: 8а,ә Күні:26.10.2017ж


Сағат саны: №16

Сабақтың

тақырыбы

Қазақстанның пайдалы қазбалары.

Мақсаты


Мақсаты:

білімділік: Қазақстанның пайдалы қазбалары туралы ой қалыптастыра отырып, жанатын пайдалы қазбалар туралы түсіндіру.

дамытушылық: Оқушыларға география ғылымына деген көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, география пәніне деген білімділігін дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға және бағалауға машықтандыру.

тәрбиелік:география материалдары арқылы оқушылардың бойына түсінік, сауаттылық, жүйелі мағлұматтарды меңгерте отырып, география сырын тануға, оны өз көзімен көре білуге тәрбиелеу.

Күтілетін

нәтижелер


Пайдалы қазбалардың түзілуі,еліміздегі пайдалы қазбалардың түрлері, дүниежүзіндегі орны және жанатын пайдалы қазбалардың түрлері олардың таралған аймақтары,қоры,,өндірілуі туралы оқып біледі.Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс

Биология, химия, география т.б пәндер.

Қолданылатын әдістер

Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Ой талқы» ұсыну, «Ойтолғаныс» кезеңі, «Ыстық орындық» стратегиясы, Кесте құру, «Бағдаршам», ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшыны анықтау.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар


Оқулық, Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстанның пайдалы қазбалары картасы, интербелсенді тақта, үлестірме қағаздар, стикер, маркер т.б.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Кіріспе




2 мин













3 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау.Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу

Топқа бөлу.

Сыныптың оқушыларын қорапшадан түрлі түсті дөңгелекшелерді алу арқылы үш топқа бөлу.





Психологиялық ахуал туғызу. Қазақстанда таралған таулардың түрлері қандай?


Кіріспе сұрақ: Аласа таулы және биік таулы өлкелердің таралған аудандары?

Анықтаушы сұрақ: ҚР картадан тауып алып көрсет

Нақтылаушы сұрақ: Аласа таулардың биік таулардан айырмашылығы?

Тікелей сұрақ: Биік таулы өлкелер таралған Қазаұстанның аумағы?

Түсінік беруші сұрақ: Аласа таулардың үстірттерден айырмашылығы?

Ассоциацияларың: Сарыарқа тауларының географиялық орнының ерекшелігі? Осы ауданда қандай өндіріс дамыған қалалар орналасқан? Осы қалалардың экологиялық ахуалы қандай?

Жабық сұрақ: Биік таулы өлкелердің, соның ішінде Алтай өңірінің эколгиясы?

Ашық сұрақ: Тянь-Шань тауының бөліктері?



Оқушылар қорапшадан түрлі түсті дөңгелекшелерді қарамай таңдап алып, қиындының пішініне байланысты бір-бірін сынып ішінде тауып, топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.



Әр топтан жауап сұрау, оны картадан көрсету

Тұсаукесер.

(POWER POINT)





2 мин

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. Қазақстанның пайдалы қазбалары картасы көрсетіледі

-Балалар, біз өткен сабақта нені қарастырдық?

-Дұрыс айттыңдар, Қазақстанның биік таулы өлкелерін.

- Бүгін біз жаңа сабаққа көшеміз. Қазақстанның пайдалы қазбалары, оның ішінде жанатын пайдалы қазбаларымен тереңірек танысамыз.



Негізгі бөлім:

Білу





5 мин

Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.

Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.


-Оқулықпен жұмыс, 75-78 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша пайдалы қазбалар туралы конспект жазып алады.


Түсіну





5 мин







Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.

Оқулықпен жұмыс.

1 топ. Пайдалы қазбаларға сипаттама

2 топ. Мұнайға жалпы сипаттама Газға жалпы сипаттама

3 топ.Көмірге жалпы сипаттама.Уранға жалпы сипаттама


Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді.



Қолдану


5 мин









Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Әр топқа тапсырмалар беріледі. Постер қорғау.

1 тапсырма.

1-топ. Пайдалы қазбалардың түзілуі.Еліміздегі жер қойнауынан табылған пайдалы қазбалар саны

2 топ. Мұнай мен газды аймақтар

3 топ. Қазақстандағы көмір кен орындары.Еліміздегі барланған уран кен орындар саны








Оқушылар постер жасайды.


Кескін картадағы жұмысты тақтаға шығып қорғайды, мұғалім бағалайды.



Талдау





5 мин

Мақсаты:

Оқушылардың ой- қиялдау дағдыларын жетілдіру.

1.Адамның өмір сүруіне қажетті қорлар?

2.Пайдалы қазбалардың адам үшін маңыздылығы?

3.Пайдалы қазбалар сарқылған жағдайда не болады?


«Ойтолғаныс» кезеңі.


Бұл жаттығу арқылы оқушылар қатысты жауаптарды тауып, талдайды.


Жинақтау




12 мин

Мақсаты: Оқушылардың білімін тексеру.

1 тоқсан бойынша тест.




Қорытынды

Рефлексия

3 мин

1.Осы тақырыптағы өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.

Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.

2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім





1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтып, тақтаға жазады)

2.Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.




Үйге тапсырма

1 мин

Тоқсан бойынша өткен материалдарды қайталау.


Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.


Бағалау

1 мин

Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

Оқушылар бағалау критерийлері арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.


































Жанатын пайдалы қазбалар қоры


Мұнай мен газ


Көмір

Уран




























Пайдалы қазбаларға сипаттама




Мұнайға жалпы сипаттама




Газға жалпы сипаттама




Көмірге жалпы сипаттама




Уранға жалпы сипаттама







1-топ.

1.Пайдалы қазбалардың түзілуі

2.Пайдалы қазбалар деп қандай шикізат көздерін айтамыз?

3.Пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінеді?

4.Еліміздегі жер қойнауынан табылған пайдалы қазбалар саны

5.Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі 2010ж




2 топ

1.Мұнай мен газды аймақтар

2.Мұнайдың алғашқы өндіру аймақтары

3.Қазіргі мұнай мен газ алаптары мен кен орындары

4.2000ж Қашаған мұнай кен орны

5.Дүниежүзіндегі орны








3 топ

1.Қазақстандағы көмір кен орындары

2.Көмір қоры

3.Қарағанды

4.Екібастұз

5.Соңғы кездегі көмір алаптарын игеру аймақтары



4 топ

1.Еліміздегі барланған уран кен орындар саны

2.Уранды аймақтар

3.Барланған қоры

4.ТМД елдер арасындағы көрініс

5.Дүниежүзіндегіорн,өндірілуі



5 топ

1.Мұнайлы-газды аймақ

2.Қоңыр көмір бассейні

3.Темір рудалы бассейні

4.Тас көмір бассейндерін анықтап аймақтарын жазыңыздар


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
693
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі