2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Қазақстанның қазба байлықтары

Қазақстанның қазба байлықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның қазба байлықтары, ҚМЖ 8 СЫНЫП
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Қазақстанның қазба байлықтары. Бірыңғай бастауыштар мен баяндауыштар __

(сабақтың тақырыбы)



Бөлім:

5-бөлім

Синтаксис. Қоршаған орта және энергия ресурстары

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда):

Мұғалім


Күні:


Сынып: 8Б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның қазба байлықтары. Бірыңғай бастауыштар мен баяндауыштар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

8.1.6.1Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу;

Сабақтың мақсаты:

- коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданады;

- диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы.

Қызығушылықты ояту

7 мин

Қызығушылықты ояту. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу (күлімсіреп қарау)

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын қою.Ұжымдық талқылау. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.


1. Бірыңғай мүше дегеніміз не?

2.Бірыңғай мүшенің жасалу жолы?

3. Бірыңғай мүшеге мысал келтір?

Сұрақтарға жауап береді

Мысал келтіреді

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Оқулық, сұрақтар









Жаңа сабаққа кіріспе

7 мин




































Сабақтың ортасы

Теория сандықшасындағы сөйлемнің біріңғай бастауыш пен баяндауышқа түсінік беру.(119б)

Сұрақтары болса қояды, мысалдар келтіреді



Қазақ тілі

оқулығы


Бірыңғай бастауыш дегеніміз не?

Бірыңғай бастауыш біркелкі синтаксистік қызмет атқарады, белгілі бір баяндауышқа біркелкі қатынаста тұрады. Бірыңғай бастауыштар жасалған сөзінің құрамына қарай дара, күрделі не үйірлі бола алады. Бірыңғай бастауыштардың соңғысының сөйлем құраудағы синтаксистік қызметі басым, салмақты болады.

Бірыңғай баяндауыш дегеніміз не?

Бірыңғай баяндауыштың бәрі бірдей бастауышқа бағынады. Бірыңғай баяндауыштардың барлығының мағыналық салмағы бірдей болғанмен, негізінен, ең соңғы баяндауыштың сөйлем құрауда синтаксистік қызметі ерекше болады














1-тапсырма.(а)

119-беттегі мәтінді оқыңыздар.

Мәтіннің баяндау желісін сақтап әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазыңыздар.



Мәтінді оқиды.

Тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

-мәтіннің баяндау желісін сақтайды; 5

жинақы мәтін жазады;5


Қазақ тілі

оқулығы

1-тапсырма.(ә)

«Сандар сөйлейді»

ойыны.

Мәтінде сандардың не айтып тұрғанын табыңыздар


Мәтінде сандардың не айтып тұрғанын табады




Қазақ тілі

оқулығы, хрестоматия, жұмыс дәптері









2- тапсырма (120- бет)


Өлеңді оқып бірыңғай мүшелерді табыңыздар.

Қай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыздар


Өлеңді оқиды, бірыңғай мүшелерді табады.

Қай сөйлем мүшесі екенін анықтайды.




Жұмыс дәптері

2-тапсырма (ә)

«Аяқталмаған сөйлем» ойыны

Төменде берілген сөйлемдерді бірыңғай мүшелерді қатыстыра отырып аяқтаңыздар.

Менің ойымша, мен ... .

Өзгелер мені ... .

Мен келешекте ... .


Төменде берілген сөйлемдерді бірыңғай мүшелерді жұптыстыра отырып аяқтайды





Жұмыс дәптері

3-тапсырма(а)

«Жылдам жауап» әдісі

Кім тапқыр? Қазақстанның қазба байлықтарын зерттеген ғалымдардың есімдерін айтыңыздар.



Сұрақтарға диалог арқылы жауап береді

Белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



Сабақтың соңы/ 5 мин





«БББ» әдісі.

Білемін

Білдім

Білгім келеді



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы «БББ» әдісі бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Мұғалім оқушыларды «БББ» әдісі «Білемін», «Білдім», «Білгім келеді». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша бағалау




Үйге тапсырма


«Қазақстанның қазба байлықтары» тақырыбына бірыңғай бастауыштар мен баяндауыштарды қатыстыра отырып эссе жазу.(100-150 сөз)

Үй жұмысын келесі сабақ күніне дайындап әкеледі





20 Қаңтар 2025
233
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі