400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қазақстанның Қызыл кітабы" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Қазақстанның «Қызыл кітабы».

Мақсаты:

а) Қазақстанда жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар, өсімдіктер, құстарға тоқталып, «Қызыл кітап» туралы түсінік беру;

ә) Табиғатты қорғау мақсатында құрылған қорықтар, «Қызыл кітап» туралы түсініктерін дамыту;

б) Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, оны аялауға тәрбиелеу; экологиялық тәрбие беру.

Түрі: дәстүрлі

Типі: аралас

Көрнекілігі: «Сен білесің бе?» атты кітапшалар.

Әдіс–тәсілдері: сұрақ – жауап, көрнекілік, баяндау, әңгімелеу.

Барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Өсімдіктерді қалай қорғаймыз?» тақырыбы бойынша мазмұнын сұрау.

Өсімдіктердің пайдасы және оларды қорғау жөніндегі білімдерін тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Ендеше, өткен сабағымызда өсімдіктерді қорғау жөнінде білген болсақ, бүгінгі сабағымызда саны азайған немесе жойылу қаупі төніп тұрған өсімдіктер мен жануарлардың Қызыл Кітабы туралы болмақ. Тақтадағы көрсетіліп тұрған суреттер қай топқа жатады?

1) құстар

2) балықтар

3) қосмекенділер

4) жорғалаушылар

5) сүтқоректілер

6) жәндіктер

IV. Жаңа сабақ

- Қызыл түс нені білдіреді?

- Қызыл түс қауіп сақтанудың белгісі.

- Қызыл кітап не үшін керек деп ойлайсың? (Оқушылардың жауабы тыңдалады).

- Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.

1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.

- «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің кейбіріне тоқталып өту.

Құлан - сырт пішіні жылқы мен есекке ұқсайды. Бұрын далада еркін жүрген, қазір бұлардың саны азайған, қорғауға алынды.

Арқар – тау ешкісі, түсі қоңыр сұр, мүйізі үлкен иілген. Еті дәмді болған соң көп ауланған, қазір саны өте аз, қорғауға алынған.

Дуадақ - қазақ даласының көркі. Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Тез жүгіреді. Адамдар көп аулап азайған, қазір қорғауға алынған.

Жабайы қызғалдақ – Қазақстанның қалалары мен шөлдеріне сән береді. Көше қызғалдағының арғы тегі. Сонымен бірге, Қызыл кітапқа барыс, аққу, бүркіт, бірқазан, тырна, қызыл қасқыр, т.б. аңдар мен құстар кіреді.

Бүгінгі күні Қазақстанның Қызыл кітабына балықтардың – 16 түрі, қосмекенділердің – 3 түрі, жорғалаушылардың – 10 түрі, құстардың – 56 түрі, сүтқоректілердің - 40 түрі енгізілді.

Қара кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт, жойылып кетті.

Осы жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалып, сақталады. (Тақтадан Қазақстанның қорықтарын көрсету.)

Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық бар.

Ақсу – Жабағалы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым, Қорғалжын, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл, Алакөл, Қаратау.

Сергіту сәті. Үй жануарларын айтқанда қол шапалақтаймыз.

Қоян, күшік, түйе, арыстан, сиыр, аю, қой.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерге Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді теріп жазамыз.

Жануарлар: аққу, дуадақ, құлан.

Өсімдіктер: шырша, таусағыз, қызғалдақ

V. Сабақты бекіту. Шығармашылық жұмыс

Табиғатты сақтаңдар,

Құстарды атпаңдар.

Гүл жайнаған жерімді

Аялаңдар, сақтаңдар.

VI. Сабақты қорытындылау.

Табиғатты қорғау, оны сақтау туралы мақалдар, нақыл сөздер айту.

Мақалдар

«Бір тал кессен, он тал ек»

«Дәрі шөптен шығады, дана — көптен шығады»,

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын»

«Сұлу жер құрақсыз болмас, таулы жер бұлақсыз болмас»

«Бұлақ көрсең, көзін аш»

«Жылап жүріп арық қазсаң,

Күліп жүріп су ішерсің»

Нақыл сөздер

«Туған жерге туыңды тік»

«Мың шыбық шаншып өсірсең –

Халқыңа орман салғаның.

Халқыңа орман салғаның –

Өзіңе қорған салғаның»

«Табиғат — тал бесігің, аяла, қорғай біл, тазалығын сақта!

Келешек сендердің қолдарыңда!»

VII. Үйге тапсырма:

Өсімдіктер мен жануарлардың “Қызыл кітабы” тақырыбын оқу

“Мен табиғат жанашырымын” тақырыбында сурет салу

VIII. Бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
2016
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі