400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанның рәміздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның рәміздері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы:

Қазақстанның рәміздері


Пәні : Дүниетану

Сынып: 3 «Қ»


Оқу мақсаты:

  • Барлық оқушылар: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысy;


  • Оқушылардың басым бөлігі: тудағы бейнелердің мағынасын білy;

  • Кейбір оқушылар: мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді үйренy.

Тірек сөздер:

ту – флаг – flag;

елтаңба – герб – coat of arms; әнұран – гимн – anthem;

мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol.

Ресурстар:

Мультимедиапроектор, Мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат, ҚР Мемлекеттік Әнұранның дыбыстық жазбасы, И.Ескендір «Көк Тудың желбірегені» әні, «Ту», «Әнұран», «Елтаңба», «Бәйтерек», «Алтын адам» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, флип-шарт, түрлі-түсті маркерлер, «Мемлекеттік ту» тақырыбына таныстырылым, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, мемлекеттік рәміздегі бейнелердің элементтері бар суреттер (қыран, жұлдыз, күн, шаңырақ, қанатты тұлпар), жапсырмалар, өрнек жапсырмалар, «Орындап көр» айдары тапсырмасына арналған ту үлгілері.

Сабақтың мақсаты:

1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу

1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақтың басы

































Сабақтың ортасы

І Психологиялық дайындық

ІІ Өткен сабақты қайталау. «Жеті жебе» әдісі арқылы батырларға сипаттама беру.









ІІІ Жаңа сабақ

Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк Тудың желбірегені» әнін тыңдату. Жетелеуші сұрақтар алу.

-Ән тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?

-Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар?

Суретпен жұмыс. Еліміздің рәміздері ту, елтанба, гимнге түсінік бері. Авторларымен таныстыру. Слайдпен жұмыс

Үштілділік оқыту.

ту – флаг – flag;

елтаңба – герб – coat of arms; әнұран – гимн – anthem;

мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol.

ІҮ Оқулықпен жұмыс.

1-мәтінді өз бетінше оқыту.

Оқулықтағы суреттерге назар аударып, берілген сұраққа жауап алу. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қазақстандық спортшыларды марапаттау сәті бейнеленген қысқаша бейнебаянды көрсету. «Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса аласыңдар? Сен өзің не істер едің?»

Ү. Кел, ойланайық! Бұл айдарды «Жаужүрек мың бала» фильмінен үзінді көрсету. Оқушыларды үш топқа бөлу.

Бірінші топ фильмде қолданылған музыканы зерттейді,

екінші топ қолданылған декорацияны,

үшінші топ кейіпкерлер іс-әрекетін бақылайды.

Ү. Сергіту сәті «Қара жорға» биі

Оқулықтағы 2-мәтінді оқыту..

«Сен білесің бе?» айдары. Оқушыларға Абылай ханның портретін көрсетіп. Абылай қазақ халқының басынан кешкен қиын-қыстау заманда өмір сүргені, он бес жасынан бастап жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқаны туралы әңгімелеу. Абылай ханның тарихтағы ең басты еңбегі үш жүздің басын қосып, бір ту астына жұмылдыру туралы айтып өту.

ҮІ. Дәптермен жұмыс. Сөйлемді толықтыр.

ҮІІ. Мақалды талдау.Оқушыларға мақалдың мағынасын қалай түсінетіндерін сұрау.

ҮІІІ. Топтық жұмыс.

Әр топ өз туы қандай болатынын ойластырып, алдын ала дайындалған түрлі-түсті қағаз, жапсырма, маркер, өрнек жапсырмалар қолданып жасайды.

Ойлан


«Тусыз бірлік болмайды, қарусыз жігіт болмайды» деген мақалды қалай түсінесің?

Әр елдің мемлекеттік рәміздері болады. Олар – елтаңба, ту жәнеәнұран. Қазақстанның рәміздері мемлекетіміздің тарихы туралы әңгімелейді. Олар еліміздегі барлық адамдарды біріктіреді.


Сабақтың қорытындысы


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру



«Бағдаршам» ойынын ұйымдастыру. Қазақ тіліндегі сөзді жасыл түспен, орыс тіліндегі сөзді сары түспен, ағылшын тіліндегі сөзді қызыл түспен белгілету. Әр топқа тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалар таратып,оқушыларға түсті дөңгелекті көрсетіп, бір немесе белгілі бір түс (қызыл, жасыл, сары) атауын айтқызу

 Пәнаралық байланыс


Қосымша тапсырмалар


Өнер. «Орындап көр» айдарында берілген тапсырманы орындайды.


АКТ. Интернеттен әлемдегі түрлі мемлекеттердің туының үлгілерін жинақтайды.


Жұмыс дәптеріндегі «Менің елімнің рәміздері» тапсырмасын орындау ұсынылады.







Бағалау


Оқушылар:

–– ҚР мемлекеттік туымен танысты; –– тудағы бейнелердің мағынасын;

–– тудың мемлекеттік маңыздылығын білді.


Оқушылар:

–– бақылау жүргізуді; –– ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруді;


–– сұраққа жауап беруде тиісті лексиканы қолдануды;


–– халқымыздың өткені мен бүгінгісін салыстыруды; –– туды құрметтеуді үйренді.


Бағалау үшін жауаптардың дұрыстығын анықтауды ұсыныңыз.

–– Ту мемлекеттің тәуелсіздігін білдіреді.

–– Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қызыл түсті.


–– Қазақстанның туында көгершін бейнеленген.


–– Мемлекеттік рәміздер елдің тарихы туралы сыр шертеді.



 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
629
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі