400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанның рәміздері

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні:

Пәні: Дүниетану Мектеп №130

Күні:Мұғалімнің аты-жөні: Жайлауова Гулсім

Сыныбы: 1 Б сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстанның рәміздері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1. 3. 5. 1. Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату.

1. 3. 5. 2. Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: ҚР мемлекеттік рәміздерін ажыратады.

Көптеген оқушылар: рәміздердің маңыздылығын анықтайды.

Кейбір оқушылар: рәміздердегі бейнелердің мағынасын

түсінеді.

Бағалау критерийлері

  • ҚР рәміздерін таниды.

  • Басқа рәміздерден ажыратады және көрсетеді.

Тілдік мақсаттар


ҚР символдарын, туын біледі.

Пәнге қатысты лексика және терминология

Ту, Елтаңба, Гимн, мемлекеттік рәміздер

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Еліміздің рәміздері жайлы не білесің? Мемлекеттік ту қандай жағдайда биікке көтеріледі?

Құндылықтарды дарыту

Еліміздің рәміздеріне құрмет көрсету;

Ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істеуге ынталандыру.

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу: түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану

Көркем еңбек

Бастапқы білім

  • Қазақстан мемлекетінде тұратындары жайлы біледі.

  • Өзінің ұлтын біледі.

  • Еліміздің рәміздерінің атауларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут
























ёё


















Сабақтың ортасы

28 минут

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Міне, қоңырау соғылды,

Сабақты енді бастайық.

Бір-бірімізге күлімдеп,

Алақанды алақанға басайық.

  • Балалар, бір-бірімізге алақанымызды басып, алақан арқылы жүрегіміздің жылуын сезінген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Ой қозғау

Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» әнін тыңдату және бейнеролик көрсету.


Кері байланыс«Сұраққа жауап» әдісі

  • Бейнероликте не көрдіңіздер?

  • Бүгінгі сабағымыз не жайлы болады деп ойлайсыңдар?

Геометриялық фигуралар арқылы топқа біріктіру.

Тік төртбұрышты алған оқушылар 1-топқа, дөңгелекті алған оқушылар 2-топқа, қалғандары 3-топқа бірігеді.

1-топ. Ту

2-топ. Елтаңба

3-топ. Гимн

  • Еліміздің рәміздері жайлы не білесің?

  • Мемлекеттік ту қандай жағдайда биікке көтеріледі?


Мұғалімнің түсіндірмесі

- Тудағы көгілдір түс бейбітшілікті және

халықтың бірлігін, тазалықты білдіреді.

- Күн тіршілікті, күш-қайратты, алға

ұмтылушылықты білдіреді.

- Ою-өрнек салт-сананы білдіреді.

- Елтаңбадағы бидай береке мен байлықты

білдіреді.

- Қыран құс қырағылық пен сақтықты, тәуелсіздік

пен еркіндікті білдіреді.

Әр елдің мемлекеттік рәміздері болады. Олар – Ту, Елтаңба, Гимн. Біздің еліміздің де өз Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Осы рәміздер еліміздің тарихы жайлы сыр шертеді. Олар еліміздегі өмір сүріп жатқан адамдарды бірлікке шақырады.


Ұжымдық жұмыс.

Оқулықта берілген мәтінді өз бетінше оқу.

Ерте кезде Ту әскердің айбындылық символы болған. Туға ерекше құрмет көрсетілген. Ал қазіргі уақытта ол еліміздің тәуелсіздігін білдіреді. Қазақстанның Туы көгілдір түсті. Көгілдір түс – аліміздегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі.


Кері байланыс «Ақиқат-жалған» әдісі

  • Ерте кезде Ту еліміздің айбындылық белгісі болған. (ақиқат)

  • Туға ерекше құрмет көрсетілген. (ақиқат)

  • Ол қазіргі уақытта ол еліміздің атауын білдіреді. (жалған)

  • Қазақстанның Туы қызыл түсті. (жалған)

  • Көгілдір түс-еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықтың белгісі. (ақиқат)


Ауызша мадақтау «Жарайсың! Керемет! Тамаша!

Топтық жұмыс1-топ.Суретте бейнеленген рәміздің аPicture 4 тауын айтыңыз. Қазақстан Республикасын таныстыратын рәмізді белгілеңіз.

Ту сөзін қатыстырып сөйлем құраңыз.




2Picture 4 -топ.Басқа елдердің Елтаңбаларының ішінен өз

еліміздің Елтаңбасын құс қанаты белгісімен белгілейді және Елтаңба сөзін буынға бөледі.



3-топ. ҚР Гимнін орындайды.

Топтар жұмыстарын қорғайды.


Кері байланыс

  • Топта жұмыс жасаған ұнады ма?

  • Рәміздер туралы қандай ақпарат алдыңыз?

Бағалау«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі


Сергіту сәті (әуен ырғағымен көңілді қимылдар жасайды)


Жұптық жұмыс «Ойлан. Жұптас. Бөліс»

Қажетті сөздерді тиісті орнына қою арқылы сөйлемдерді толықтыру.

Ерте кезде ту ..................... айбындылық символы болған. Қазіргі уақытта ол елдің .....................білдіреді. Көгілдір түс еліміздегі .................... пен ........................ белгісі. Әр елдің өз ................... рәміздері бар. Оларға .................., .................... және .............................. жатады.

Қажетті сөздер: әскери, тәуелсіздігін, тыныштық, бейбітшіліктің, мемлекеттік, елтаңба, ту, гимн.


Кері байланыс - Тапсырма орындау барысында

қиындық туды ма?

- Қиындықты жеңе алдыңыздар

ма?

Бағалау«Шапалақ» әдісі


Жеке жұмыс Қалыптастырушы бағалау

1Picture 1 -тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Тәуелсіз мемлекеттің белгілерін атаңыз. Бұл белгілер нені білдіреді? Тәуелсіз еліміздің тағы қандай белгілерін білесіз?

Бос орынға еліміздің тәуелсіздігін білдіретін

белгінің суретін салыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- Сұрақтарға жауап береді.

- Еліміздің тәуелсіздігін білдіретін

белгіні салады.

2-тапсырма

Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Бұл бейнелер еліміздің қай рәмізінде кездеседі?

  2. Ою-өрнек ненібілдіреді?

  3. Күн нені білдіреді?

  4. Қыран бүркіт нені білдіреді?

  • Берілген бейнелерді қиып алып, Қазақстанның мемлекеттік Туын құрастырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- Сұрақтарға жауап береді.

- Жеке бейнелерден Қазақстанның туын құрастырады.


Сараланған тапсырма

  • Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қосар едіңіз? ..........................................

..........................................................................

..........................................................................











Бейнеролик







Геометриялық фигуралар, рәміздердің макеттері
























Оқулық
























































Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«Плюс. Минус. Қызықты.» әдісі

Не түсінікті?

Не түсініксіз?

Тағы не білгім келеді?







Мұғалімнің қорытындысы



















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қаңтар
385
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі