400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанның рәміздері

Материал туралы қысқаша түсінік
1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу 1.3.5.1 ҚР – ның рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Дүниетану

Мұғалімнің аты-жөні:Апитова Үмітжан Қуатбекқызы

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның рәміздері

Сынып: 1 «Е»

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны:2

Сабақта қарастырылатын оқыту мақсаты

1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу

1.3.5.1 ҚР – ның рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату

Бағалау критерий


Тілдік мақсат

Қазақстан Республикасының рәміздері туралы біледі

Рәміздердің маңызын сипаттап айта алады

Рәміздер ,Елтаңба, Әнұран, Ту









Тірексөздер:

ту – флаг – flag;

елтаңба – герб – coat of arms; әнұран – гимн – anthem;

мемлекеттікрәміз – государственный символ – statesymbol.



Жоспар


Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-шара (төменде көрсетілгендердің орнына тапсырмаларыңызды жазыңыздар)

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту.


Психологиялық ахуал.

5 минут

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.


  • Сендерді өмірде не таңғалдырады? «Оқушылардың ойларын тыңдау)



  • Олай болса, Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады.


(Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды)

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан – жағым.

  • Күннің сәулелері несімен таңқалдырады?


  • Міне , жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз..

І – топ: «Қыран»

ІІ – топ: Алтын күн

ІІІ – топ: Көк аспан


Мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат,

И.Ескендір «Көк Тудың желбірегені» әні, «Мемлекеттік ту» тақырыбына таныстырылым, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, мемлекеттік рәміздегі бейнелердің элементтері бар суреттер

Сабақтың ортасы

3 минут

Ж ж .Балалар енді, біз мына тапсырмаларды орындап көрейік.

Өз елдерінің рәміздерін белгіле.

1.Үш елдің туы

2.Үш елдің елтаңбасы

3.Үш елдің Әнұрнының шумағы

Әр оқушыға өзге елдердің туы, елтаңбасы, әнұраны ұсынылады.

Тапсырмаларын жұбымен алмастырады.


Оқу мақсатын оқушылар өздері айту керек.

  • Балалар бүгінгі сабақтың оқу мақсаты не деп ойлайсыңдар?

  • Рәміздер туралы білеміз.

  • -Тудың, Әнұранның маңызы туралы білеміз


















ІҮ. Жаңа тақырыпты ашу.



15минут


Тж.

1 топ: Елтаңба туралы сипаттайтын бірнеше сөз жазады. Отан туралы мақал айту.

2 топ: Ту туралы өлең құрастырады. Жер туралы мақал айту

3 топ: Әнұранның мәтініне сүйене отырып, сурет салу.

Кері байланыс.Бағалау.

Дескриптор

  1. Елтаңбаны сипаттайтын бірнеше сөздер жазады.

  2. Отан туралы мақал айта алады

  3. Тапсырманы ұқыпты орындады.

Дескриптор

  1. Туды сипаттай алады.

  2. Жер, ел туралы мақал айта алады.

  3. Тапсырманы ұқыпты орындады.

Дескриптор

  1. Әнұранның мәтінің суретпен мазмұндай алады.

  2. Әнұранның рәміз екенің анықтайды.

  3. Суретті ұқыпты, көркем салу.



Сергіту сәті


1 минут

Дөңгеленіп тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Шаңырақты құрамыз


Оқулықпен жұмыс


5 минут

1топ.Суретке қара-мәтінін оқу

2топ.Мемлекттік ту қандай жағдайда көтеріледі?

3топ.Ойлан тапсырмасын оқу

Оқушылар берілген тапсырмаларды топпен оқып,негізгі бөлігін мазмұндап айтады

Мұғалім смаиликтер арқылы бағалайды.


Жеке жұмыс





5 минут

Тапсырма. Қажетті сөздерді қой.

Әр елдің өз _________________________ рәміздері бар. Оларға , ______,

________________ және _________________жатады.

Көгілдір түс еліміздегі ____________________ пен ______________________________белгісі.

Ерте кезде ту ____________________ айбындылық символы болған.



Қажетті сөздер: бейбітшіліктің, ту, елтаңба, әнұран, тыныштық, мемлекеттік, әскери,




Сабақтың соңы



3 минут

Рефлексия

Бүгін мен __________________ білдім.

Мыналар __________________ қызықты болды.

Маған ___________________ қиын болды.


Бағалау

1 мин

Оқушылар «Тау шыңы арқылы»бағалайды.


Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

  1. « Егер сен президент болсаң, еліңнің дамуына қандай үлес қосар едің?»


2 мин

И.Ескендір «Көк Тудың желбірегені» әні














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
486
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі