Материалдар / Қазақстанның рәміздері

Қазақстанның рәміздері

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2018
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспарыДүниетану
Тақырып: Қазақстанның рәміздері Мектеп «Ұрбұлақ» жалпы орта мектебі
Күні: 23.02.17жМұғалімнің аты-жөні: Б. Асилова
Сынып 1 «Ә»Қатысқандар саны:Қатыспағандар:
Осы сабақты меңгеруге көмектесетін оқу мақсаттары:1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың барлығы орындай алады:


Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысады


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:тудағы бейнелердің мағынасын біледі.


Кейбір оқушылар орындай алады: Рәміздер туралы тақпақтар айта алады.
Ойлау дағдыларының деңгейлеріБілу, түсіну, қолдану


Бағалау критерийлеріДескриптор
Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажыратады.- Суреттер арқылы рәміздердің ерекшелігін әңгімелейді.
Тілдік мақсат Оқушылар:Қазақстан Республикасының рәміздері туралы біледі. Тудың маңызын анықтауды үйренеді.


Негізгі сөздер мен тіркестер:Ту, гимн, елтаңба, мемлекеттік рәмізту – флаг – flag;елтаңба – герб – coat of arms; әнұран – гимн – anthem;мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol.


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін Суреттердің қайсысы еліміздің туында бейнеленген? Белгілеу . Сөздерді көшіріп жазу.


Талқылауға арналған сұрақтар:Тәуелсіз мемлекеттің қандай белгілерін білесің?Қазақстан астанасы туралы не айта аласың?


Жазылым бойынша ұсыныстар :Дәптермен жұмыс


Неге екенін айта аласыңдар ма?Өз сыныбыңның туын ойлап таба аласың ба?Тусыз бірлік болмайды, елсіз ерлік болмайды деген мақалды қалай түсінесің?
Алдыңғы тақырып Мен қазақпын.
Жоспар

Уақыт аясы Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы0-3 минут

4-6
  • Ұйымдастыру кезеңі.
  • (Ұ) Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
  • Жер бетінде адам өмір өткізер,Бар нәрсеге білім қолды жеткізер. (қалыптастырушы бағалау)

    3.(Т) Суреттер арқылы топқа біріктіру. (қалыптастырушы бағалау)
    Суреттер ( рәміздері)
    Сабақтың ортасы7-30 мин
  • Жаңа сабақ
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгілдір түсті матадан жасалған. Оның ортасында 32 сәулесі бар күн орналасқан. Күннің астында көкте шарықтаған қыран құс бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Автордың түсіндіруі бойынша ту жобасымен жұмыс істеген алты ай уақыт ішінде қазақ халқының тарихын, әдебиетін оқып, көп ізденген. Ту идеясы тарихтан, ұлттық мәдениеттен алынған. Бiрыңғай көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде – көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Сақтар, ғұндар, қыпшақтар туды жауынгерлік рухтың белгісі деп ерекше қастерлеген. Олар туда әскердің күші, киесі болады деп сенді. Сол себепті тудың құлауын әскердің жеңілуі деп түсінді, бүкіл әскер болып шайқастарда әскер туын қорғады. Ту алыстан айқын көрінуі үшін ашық, көк, қызыл, сары, жасыл, ақ түсті маталардан жасалынып, кейде бір туда екі-үш түс қатар қолданылды. Тудың әр түсі көшпелілердің төл мәдениеті ретінде белгілі бір ұғымды білдірді. Абылай ханның туы ақ түсті болған. Ақ түс тазалықтың, әділдіктің белгісі саналады. Абылай хан көрнекті мемлекет қайраткері, үш жүздің басын біріктірген атақты хан, қолбасшы және елші ретінде танылды.Т.1-топ Тудың суретін2-топ Елтаңбаның суретін3-топ Әнұранды орындайды.
  • Дәптермен жұмыс
  • Қажетті сөздерді қойып шық. Сөздерді көшіріп жазу. Ерте кезде ту ................. айбындылық символы болған. Қазіргі уақытта ол елдің ................. білдіреді. Көгілдір түс еліміздегі .................. пен ......................... белгісі. Әр елдің өз ................ рәміздері бар. Оларға ............., ............... және................жатады.Қажетті сөздер: әскери, тәуелсіздігі, тыныштық, бейбітшіліктің, мемлекеттік, елтаңба, ту, гимн.Өз сыныбыңның туын ойлап тап және суретін сал.
  • Сергіту сәтін жүргізу.
  • Көбелек тұрып ертемен,Күлімсіреп керілді.Бір – шықпен бетін жуынды,Екі – шыр айналып бұрылды.Үш – еңкейіп жерге жетті,Төрт дегенде ұшып кетті.
    ОқулықЖұмыс дәптері

    Сабақтың соңы31-35 мин «Қарлы кесек» сұрақ жауап

    Қосымша ақпарат Абылай ханның туы ақ түсті болған. Ұлы ханның әскерлері осы тудың астында жоңғарларды жеңіп, жерімізді сақтап қалды.
    Саралау – сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары балалардың алдына қандай міндет қоюды көздейсізБағалау – балалардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?Пәнаралық байланысДенсаулық пен қауіпсіздікті тексеруАТК -мен байланыс Құндылықтармен байланыс
    Бүктеме Бағалау үшін жауаптардың дұрыстығын анықтауды ұсыну.–– Ту мемлекеттің тәуелсіздігін білдіреді.–– Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қызыл түсті.

    –– Қазақстанның туында көгершін бейнеленген.

    –– Мемлекеттік рәміздер елдің тарихы туралы сыр шертеді.

    Сауат ашуҚазақ елінің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу
    Рефлексия Сабақ мақсаты/ оқыту мақсаты шынайы болды ма?Бүгін оқушылар не үйренді?Сабақтағы ахуал қалай болды?Менің жұмысқа деген саралау тәсілім тиімді болды ма?Кесте бойынша жұмыс жүргізе алдым ба?

    Мен жоспарыма қандай өзгеріс енгізгім келеді? неге?


    Жалпы баға
  • Қандай екі нәрсе табысты болды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)
  • 1.2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз) 1.2.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?







    Текcерілді: Б. Момышев



    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
    Осы аптаның ең үздік материалдары
    Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
    Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
    тақырыптармен дайындаймыз
    Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
    Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
    Толығырақ