400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанның рәміздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда 1- сыныптың жаратылыстану пәні бойынша "Қазақстанның рәміздері" тақырыбында сбақ жоспары берілген. жас мамандар үшін өте қажетті көмек деп санаймын. Сабақтың негізіг мақсаты: 1. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен жан-жақты таныстыру, құрметтеу сезіміне баулу.2. Оқушылардың ой өрісін кеңейту,ойлау, танымдық қабілеттерін дамыту.3. Оқушыларды өз Отанды сүюге,Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кошабаева Умит Сембаевна,

Маңғыстау облысы,

Жаңаөзен қаласы

«Каспий зияткерлік мектеп-бақша» жекеменшік мекемесі


Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанның рәміздері» Мақсаты:
1. Оқушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен жан-жақты таныстыру, құрметтеу сезіміне баулу.
2. Оқушылардың ой өрісін кеңейту,ойлау, танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды өз Отанды сүюге,Отанымыздың патриоты болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсінік беру,сұрақ-жауап,топтау
Көрнекілігі: слайд, суреттер. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру . Амандасу. Жағымды ахуал орнату. Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық.

Топқа бөлу: I топ: «Күз» II топ: «Қыс» III-топ: «Көктем» «Ой қозғау» кезеңі. Үй тапсырмасы еске а түсіру. Суретті тапсырмалар.

«Бұл ненің бейнесі?» кезеңі.

1.Оқулықтағы суреттердің бәрі қайда бейнеленген? 2.Мемлекеттік ту қандай жағдайда көтеріледі?
Мұғалімнің кіріспе сөзі (слайд)
-1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. 
Сұрақ: -Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?
Жауап: - Мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік ту,мемлекеттік әнұран.

Бейнеролик. «Менің елім - Қазақстан»

Қазақстан дейтін менің бар елім Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған, Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далаға жылап келіп,қуанғам. Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

«Викторниналық сұрақтар» кезеңі.

А) 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан елбасшысы Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Ә) Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы – Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.

Б) 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысы бойынша Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

Топтық тапсырма.

І. «Күз» тобы. Елтаңба дегеніміз не? (суреті бойынша қорғау)
ІІ. «Қыс» тобы.  Мемлекеттік елтаңбаның авторлары  кімдер? ІІІ. «Көктем» тобы. Ту және әнұран туралы не білесіңдер?

Сергіту сәті.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» Ережесі: Берілген сөздерден басқа сөздер құрастыру. I топ: : «Байрақ» сөзі II топ: «Елтаңба»сөзі

IIIтоп: «Әнұран» сөзі

Постер қорғау жұмысы: «Өз тобыңның туын жаса» Әр топ өздеріне ту жасайды

«Ой аяқтау» кезеңі. Бекіту. Мадақтау.
- Сендер бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер ?
- Қазақстан Республикасының рәміздері қашан бекітілді ?
- Ту неліктен көк түсті ?
- Туда нелер бейнеленген ?
- Елтаңбада нелер бейнеленген?
- Әнұранның әнін жазған кім?
- «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» қашан тойланады?
Жаттығу: «Жүректен-жүрекке». Барлық топтағы оқушылар әр түсті мата қиындыларын алып, тілек білдіре отырып талға байлайды.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
595
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі