«Тәуелсіздік –қасиет
тұнған ұлы ұғым» атты әдеби кеш
Мақсаты: Бастауыш сынып
оқушылырын оқуға ынталандыру, баланың өлең оқуға қызығушылығын
арттыру, тәуелсіздік туралы білімін кеңейту, отансүйгіштіккке
тәрбиелеу.
Кіріспе
сөз:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік
–қасиет тұнған ұлы ұғым» атты әдеби кешімізге хош
келдіңіздер!
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге
асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар
тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе
берсін.
1.Қуан
халқым! Қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста
мұңды жүрек түндігін
Шарықтайық,
шаттанайық, тынбайық
Тәуелсіздік
күнін бүгін тойлайық!
2.Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін
Отанның сан ұланы.
Енді ағайын,
көгінде қалықтасын,
Қазағымның
қастерлі - Әнұраны!
ӘНҰРАН
орындалады.
Көрініс: «Егемендік деген
не?» (Атасы мен немересі Ақырын басып қарт шығады.Осы кезде
жүгіріп немересі келеді.)
Немересі:
- Ата, не ойлап
тұрсыз?
Атасы:
- Ә, балам, атаң не ойлайды
дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен
өмір жайлы ойлаймын.
Немересі:
- Ата, өткен өмір деген
не?
Атасы: - Ә, балам, «Өткен
өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен
өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі:
- Ал, ол қандай
болған?
Атасы: - Иә, балам... Қазақ
халқы басынан не өткермеді дейсің.Сен де өз тарихыңды білуге
тиістісің,.........кетіп қалады МУЗЫКА
І
КІРІСПЕ.желтоқсанға (әуен ) Қасқалдақ 4 сынып
1.Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның
тым әріден басталған.
Бодандықтан
құтқарам деп елімді,
Талай боздақ
қара жерді жастанған.
Жазалаушы
қара құрттай қаптады,
Қазағымды
қырып – жойып таптады.
Сонда
елімнің ұл – қыздары ардақты,
Қарсы шығып
ел сенімін ақтады.
2.Желтоқсан
туып,
Шашырап
жатыр ақ мамық,
Желтоқсан
түні тұрғандай мұңын ақтарып.
Шыңғырған
дауыс естіліп қалып құлаққа,
Теңселіп
кеттім,
Үзіліп
кетуге шақ қалып...
Желтоқсан –
майдан, жанжалы деме көшенің,
Желтоқсан –
зары боздаған көмген шешенің.
Сызылған
қанмен желтоқсан ұлы шекара.
Бүгінгі мен
кешегің.
3.
Дүр
сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,
Өйтпесе тілім қайтып, қанат
жаймақ?
Ұран жазып, қып-қызыл ту
көтеріп,
Жастар шықты алаңға
«Елім-айлап»
4.Алаңға шығып, ойын айтты
жастарым
Қиындықпен қатерге тігіп
бастарын
Мұз жастанып
азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік
туы тұрды қолында.
5.Көтерілді
жастарымыз алаңға,
Көтерілді
студент қыз, балаң да.
Қан төгілді
намысы үшін қазақтың,
Ерліктері
жайылды кең ғаламға.
Қазақ қызын
сүйреткен бұрымынан,
Тепкілеген
белінен, жұлынынан.
Тұяқ серпкен
түрі еді бодандықтың,
Құлап бара
жатқанда тұғырынан.
6.Шаршатып
қамыт киген жылдарымыз,
Намысқа
басқан нағыз ұлдарымыз.
Бәйгеге
басын тігіп ұлты үшін,
Деді олар:
«Тәуелсіздік құрбанымыз!».
ӘН: Жігер
Желтоқсан желі
7.Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер
айналатын тірекке,
Егемендік
тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
Азаматтық
айбарымен еркіңнің,
Желтоқсанда
намыс үшін желпіндің.
Алаңдағы
әділетсіз дауылға
Қайсарлықпен
қарсы келіп сен тұрдың.
8.Желтоқсан
– оқиға емес бола салған,
Жастар ер тағдырымен таласа
алған.
Желтоқсан – рухымыздың
биіктігі,
Қазаққа жараспайды
аласарған.
Желтоқсан – ұлт мерейін
тасытқан күн,
Желтоқсан – жат пиғылын
жасытқан күн.
Желтоқсан – жас жүрекке қайрат
беріп,
Желтоқсан – ел болуға асыққан
күн.
9.Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін,
аманатын ақтаймыз.
Отан үшін
отқа түссең күймейсің,
Ізбасары
болмай елге жақпаймыз.
Бақтыӊ құсы
әр адамга қонып бір,
О, тәӊірім
бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне
тәуелсіздік агайын
Әр қазақтыӊ
жүрегі боп согып тұр
ІІІ.Тәуелсіздік (көңілді музыка) Елім менің Шаңырақ алып
шығу. Алтыжасар.
Композиция:
Шаңырақ «Тәуелсіздік»
Т-әуелсіз
Қазақстан
Ә-н жырым
У-ығы берік
Е-лдігім
Л-аула, лаула Желтоқсанның
алауы!
С-арқылмасын
байлығың
І-ргесі кең
З-айырлы мемлекетім
Д-аласы дархан
І-зетті халқым
К-үншуағым.
ІІ. 3А
сынып
1.Тәуелсіздік - рухы күшті ғажап күн,
Артта қалды
бодан болған азап күн.
Елім, жерім,
қазағым деп тебіренем,
Өйткені мен
- тәуелсізбін азатпын!
2.Енді міне
қазағымның таңы атты,
Нұрға бөлеп,
жырға бөлеп алапты.
Әр отбасы,
әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздік
сақтау үшін жауапты.
3.Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін,
Келді, міне
азаттығым, теңдіғім,
Бостандықта
байлығым мен ендігім
Шешіл енді,
шемен болған шерлі үнім.
4.Тәуелсіздік! Менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің
Мұхтар, Абай, Шоқаным,
Тәуелсіздік,
сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік,
ақ батасы атаның.
5.Тәуелсіздік, тәуелсіздік, жыр-әнім,
Көк
байрағым, Елтаңба, Әнұраным,
Атыңнан
айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді
қасиетті Құраным!
6.Мәңгілік болсын
тәуелсіздіктің тұғыры,
Күлкімен өтсін, бейбіт
күнімнің ғұмыры.
Татулық пенен бірліктің туын
көтеріп,
Арманшыл елдің лайланбасын
тұнығы.
7.Жиырма жеті жыл міне,,
жұлдызды күндер өтіпті.
Тарихта өшпес іздерін тастап
кетіпті.
Шыдамды қазақ, өз бейнетінің
арқасы,
Аңсаған талай
бақытты күнге жетіпті.
8.Тәуелсіздігім – шын бақытым,
тамсанар.
Тәуелсіздік – көгімде самғар
қыраным,
Желбіреп
мәңгі тұра берсін байрағым.
Құтты
болсын тәуелсіздік байлығың,
Шашуын
шашып, шаттығын тойла,қазағым!
ӘН:
Әділқайыр
ІV Қазақстан 2
сынып
1.Мен – қазақпын, мың өліп, мың
тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң
тіліммен
Жылағанда жүрегім күн
тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн
түрілген.
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға
асықпын,
Жүрегі бар кеудемде шын
ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын
жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп қырға
шықтым.
2.Мен – қазақпын, биікпін, байтақ
елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта
келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі
өлмеске
Айта бергім келеді, айта
бергім.
Ұлы аманат етейін
еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін жер
кіндікте
Аңсаймын мен сенемін туады
ертең,
«Қазақ болу» зор бақыт күндер
тіпті.
3.Қазақпын, еңселі елмін
егеменді,
Кеңейттім кең әлемге
керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан
жұрттар
Таныды тепе - тең деп
тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері
- дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде
айтам.
4.Халқымның мақтанышы -
алып тұлға.
Әлемнің
назары ауды Ақ ордаға
Бәйтерек –
көкке қолын созып тұрған,
Ұқсайды
менің асқақ арманыма.
5.Ел болдық
егеменді, теңдік алып,
Бар әлем
қазақ елін болды танып
Қайнауы
кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын
келеді өсіп қанат жайып.
6. Ел
болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен
қазағым жасқанады?
Тәуелсіз
мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның
атымен басталады.
7.Қасиетті Қазақстан
мекенім,
Ақиқаттың
алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім,
Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым,
өнер - білім, өркенім.
ӘН :
2 сынып
V Рухани жаңғыру 3 ә
сынып
1.Тəуелсіздік таңы атқалы 27 жыл
толыпты,
Өсіп-өніп
Қазақстан 50 елдей болыпты.
Қазағымның
басына,
Құдайберген
бақ құсы кеп қоныпты.
2.Елбасымыз
Əбішұлы Нұрсұлтан,
Арқау болып
жеріне,
Жолдау
жолдап,
Тұрады əркез
еліне.
3.Қазағым,
барым деп шіркін,
Қазақстан
қане дүр сілкін.
Биылғы жылғы
бағытың,
Болашақ
бағдар: рухани жаңғыруың.
4.Бүгінде
айналаның нұрлы бәрі,
Тұр естіліп
көңілді Сырдың әні.
Кешегі
бабалардың өсиеті,
Рухани
жаңғырудың бір құрамы.
5.Қазақ елі
құрметке мәңгі лайық,
Тез өркендеп
әлемді таң қылайық.
Рухани
жаңғыруды шын түсініп,
Бәрімізде
дәл бүгін жаңғырайық.
Ән
3сынып БИ: «Жаса Қазақстан!»
Атасы: -
Тәубә. Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой
елімізді.
Немересі: -
Ата. «Егемендік» деген не?
Атасы: -
Егемендік – деген....
Егемендік ел
болудың белгісі.
Басқа
жұртпен тең жұлдызы,тең күні,
Егеменді
деген сөзден естілер,
Ата жұрттың
арғысы мен бергісі –
Міне
«Егемендік» деген осы.
Енді міне,
желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған
елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің
сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар
айналайын ұрпақтарым!
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен
тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор
бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда
қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы
болғай!
ХОР:
Менің Қазақстаным. Қорытындылау