жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақстанның тамақ өнеркәсібі.
|
36 сабақ: |
9«А» сынып |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қазақстанның тамақ өнеркәсібі. |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың жалпы мақсаты |
Оқушыларға тамақ өнеркәсібінің құрылымы, сапасы, таралу аймақтары жөнінде білім беру. |
|||||||||||||||||
|
Әдіс-тәсілдер |
Блум таксономиясы, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, шығармашылық жұмыс, «Ұшқыш ұшақ» әдісі, «Қалталы пошта» әдісі, «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі, «ТВ шоу» әдісі. |
|||||||||||||||||
|
Күтілетін нәтиже |
Қазақстанның тамақ өнеркәсібі жөнінде біледі. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады, шығармашылықпен жұмыс істек қабілеті артады. Өзіндік ой қорыту тұжырым жасауға дағдыланады. |
|||||||||||||||||
|
Түйінді идея |
Нақты ойлау арқылы ой қорыту. |
|||||||||||||||||
|
№ |
Уақыты |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Дерек көздер, көрнекіліктер |
||||||||||||||
|
1 |
5 мин |
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Оқушыларды «Кіру билеті» арқылы топқа бөлу. Зейіндерін сабаққа аудару. Сабақтың бағалау критерилерімен таныстыру.
|
Оқушылар «Кіру билетін» алып сол арқылы топқа бөлінеді. Әр топтың топ басшылары сайланады. Бағалау парағы топ басшысына беріледі. |
Түрлі-түсті билеттер, суреттер. Бағалау парағы |
||||||||||||||
|
2 |
5 мин |
Үй тапсырмасын сұрау Әр оқушыға мал шаруашылығына байланысты кесте беріледі.
«Кім жылдам?» (сұрақ-жауап)
|
Оқушылар берілген кестені толтырады.
Берілген сұрақтарға ауызша жауап береді.
|
Үлестірмелі қағаз
Интербелсенді тақта |
||||||||||||||
|
3 |
5 мин |
Жаңа сабақтың ашылуы I. Білу. «Миға шабуыл» әдісі «Қалталы пошта»
Бұл өнеркәсіптегі «ең жалпы халықтық» және «тек қалада» ғана орналаспайтын сала. Наубайханалар, сүт, ет, көкөніс зауыттары ауылдық жерлерде де жұмыс істейді. Тамақ өнеркәсібі машина жасаумен, саудамен, көлікпен тығыз байланысты. Бірақ ол, ең алдымен, ауыл шаруашылығымен байланыс жасайды: оның шикізаттарын өңдеп, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз етеді (арнайы дайындалған немесе өндіріс қалдықтары) және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына оң ықпал жасайды. Көптеген «тамак өнеркәсіптері» көлемі үлкен, қымбат құралжабдықтар пайдаланады. Сонымен қатар кішігірім зауыттар (май шайқайтын, шұжық шығаратын цехтар) кәдімгі 2 - 3 бөлмеге сыйып кетеді. Ондай зауыттар қымбат болмағандықтан, оларды шағын кәсіпорындар да сатып ала алады. Тамақ өнеркәсібі - тұтас салалар кешені. Оның орналасуына шешуші әсер ететін негізгі 2 фактор- шикізат және тұтыну. Материалды көп қажет ететін салаларында дайын өнім бірлігін шығаруға кететін шикізат шығыны үлкен.
|
Әр топтың топ басшылары шығып тақтада ілінген хаттардан сұрақтар алады. Оқушылар берілген сұрақтарды талдап, жауап береді. |
Интербелсенді тақта |
||||||||||||||
|
4 |
8 мин |
II.Түсіну. Электронды оқулықтан «Тамақ өнеркәсібі» жөнінде қысқаша мәлімет беру. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы түсінеді, талдайды. |
Берілген мәліметтер бойынша жеке оқиды, ойланады, талқылайды, сыныпта бөліседі |
Электронды оқулық 9 сынып география оқулығы. |
||||||||||||||
|
5 |
7 мин |
III.Қолдану. Әр топқа тапсырмалар беріледі: 1-топ: Тақырып бойынша кесте құрастыру
2-топ: Тақырып бойынша мақал-мәтелдер айту. 3-топ: Тақырып бойынша өлең шығару. «Сен білесің бе?» Оқушыларға тағам туралы қосымша мәлімет беру. Американың танымал диетологы, невропатолог Джонни Боуден денсаулыққа ең пайдалы 12 тағам түрін анықтады. Олардың қатарына құрамында нәрлі заттары, фитохимиялық қосындылары, дәрумендері, минералдары, антиоксиданттары мен пайдалы майлары бар өнімдер еніп отыр. Боуденнің айтуынша, ол адамды жүз жасқа жеткізетін тағамдардың тізімін жасаған. Сонымен, денсаулықты кеселден қорғайтын өнімдер – мыналар: жидектер, атбұршақ, жаңғақ, қаймағы айырылмаған сиыр сүті, майлы балық, мал еті, жұмыртқа, орамжапырақ, алма, сарымсақ пен пияз, анар және көк шай. Ғалымның айтуынша, жеміс-жидек құрамында қант аз, бірақ жасуша көп болады, сол себепті жидектер ең пайдалы өнім саналады. Ал атбұршақ тоқішек қатерлі ісігі мен сусамырдан қорғап, дене салмағын реттей алады. Линолен қышқылына бай сиыр сүті, сондай-ақ орамжапырақ, сарымсақ пен пияз да, анар мен көк шай да обыр ауруынан сақтайды. Майлы балық қан айналымы мен ми жұмысын реттейді. Мал еті болса B12 дәрумені мен ақуызға толы. Алма – тіс, өкпе, қан қысымы ауруларына ем.
|
Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды қорғайды.
Оқушылар қосымша өз ойларын айтады |
Қазақстанның экономикалық картасы, үлестірмелі қағаздар.
Жемістердің суреті.
|
||||||||||||||
|
6 |
2 мин |
Сергіту сәті «Шаттық шеңбер» |
Оқушылар шеңбер болып тұрып өздеріне ұнаған затты алып жұптарына тілек айту арқылы бір-біріне береді. |
Әр – түрлі тәттілер. |
||||||||||||||
|
7 |
3 мин |
IV.Талдау. «ТВ шоу» әдісі. Интерактивті тақтадан «Қазақстан тамақ өнеркәсібінің қарқынды дамуы» жөнінде бейне жазба көрсетіледі. |
Оқушылар көрсетілген бейне жазба бойынша өз ойларын айтады. |
Интербелсенді тақта |
||||||||||||||
|
8 |
5 мин |
V.Жинақтау. Эссе: «Егерде мен кәсіпкер болсам ...»
«Ұшқыш ұшақ» әдісі. Оқушылар ұшақ жасап қанатына сұрақ жазып, топтағы оқушыларға ұшырады. Ұшақ алдына қонған оқушылар сұраққа жауап береді. |
Әр оқушы берілген тақырып бойынша эссе жазады. Топтар бір-бірімен сұрақ арқылы алмасады. |
|
||||||||||||||
|
9 |
3 мин |
VI.Бағалау. Оқушыларды бағалау. |
Әр топтың топ басшылары оқушылардың қорытынды балдарын айтады. |
|
||||||||||||||
|
10 |
2 мин |
Кері байланыс.
Үйге тапсырма: Қазақстанның тамақ өнеркәсібіне топ бойынша газет шығару, 249 бет жазбаша сұрақтарға жауап беру. |
Оқушылар түрлі-түсті қағазға жазып қорапқа салады. Күнделікке үй жұмыстарын жазады. |
Түрлі-түсті қағаздар. |
||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген