400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанның тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған салтанатты кештің сценариі: МӘҢГІЛІК ЕЛ - МӘҢГІЛІК ТІЛ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«МӘҢГІЛІК ЕЛ-МӘҢГІЛІК ТІЛ»

(Қазақстан тәуелсіздік мерекесіне орай және Қазақ хандығының 550 жылдығы,Ассамблеяның 20 жылдығына арналған салтанатты кештің сценариі)

Тақырыбы: «МӘҢГІЛІК ЕЛ – МӘҢГІЛІК ТІЛ».

Мақсаты:әр адам баласының туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін ояту және ел арасындағы татулық пен бірлікті нығайту.
Түрі: салтанаттыән кеші.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты презентациялар.

Кештің барысы: Сахнаға жарық, света музыка беріледі.

1-ведущий:Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай және «Қазақ хандығының 550 жылдығына», Ассамблеяның 20 жылдығына байланысты «Мәңгілік ел» атты салтанатты кешін ашық деп жариялаймыз.


Видео қойылады «Қазақстан тәуелсіздігі»


1.За кулисой читает Манатова Руфина

«Қазақстан 1991жылы 16 желтоқсандаТәуелсізРеспубликасыдепжарияланды. Бұлкүн – Қазақстантарихында « ТәуелсізҚазақстанРеспубликасыныңтуғанкүні» деп алтын әріппенжазылған.
16 желтоқсан - букілхалықтықмереке. Бұлбіздің ел үшін аса маңыздытарихиоқиға.
ТәуелсіздікРеспубликаныңхалқынаеркіндік, бостандықәкелді. Тәуелсіздік - еңбастықұндылығымыз. Қазақстандыдүниедидарындағыеңмықтымемлекеттертанитындай, сыйлайтындайдеңгейгежеткізгентұңғыш президентіміз НұрсұлтанНазарбаевтайкөрегенсаясаткердіңеренеңбегіндәлбүгінжәнеәрқашандаайтыпөтеміз. 
Тәуелсіздіккүніеліміздіңбарлықазаматтарыүшінорныерекшемерекедепбілеміз, себебі, осынаужүрекжардықуанышқа толы күндіата - бабаларымызғасырларбойыармандап, күтуменөтті.


Турубаева Динара «Земля казахов»


Сахнаға екі жүргізуші шығады

1-жүргізуші: «Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен де жақсы» демекші, «Ел» деген ұғымның мәні тереңде. Осы елдікке, аңсаған еркіндікке жету жолында ата-бабамыз қаншама қиын қыстау жолды еңсерді. Үлкен ерлікпен, тыңбай еткен еңбекпен Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Қазіргі таңда Қазақ елі тәуелсіз ел! Осы «тәуелсіз елдің» тағдыры «Мәңгілік ел» идеясымен жалғасын тауып отыр деп айтсақ болады.

2- жүргізуші: «Мәңгілік ел» идеясы тарихымыздан белгілі сонау түрік заманынан, яғни Тоныкөктен бастау алады. Содан бері ұлт-тайпалар, берісі қазақ хандары осы «еркіндік алу жолында, мәңгілік ел атану жолында» тағдыры мен арманын құрбан етті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.

Қобыз-сазы

1-бөлім. Кештің ашылуы.

2.Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Көшпенділер» трилогиясы бойынша сахналық қойылым


2-бөлім. Негізгі бөлім.

1-жүргізуші. Армысыздар, кұрметті кешке жиылған халайық. Бүгінгі мерекеге қош келдіңіздер!

Биылғы жыл халқымыз үшін ерекше жыл, өйткені 2015 жыл айтулы оқиғаға толы жыл. Атап айтсақ , биыл халқымыз қазақ хандығының 550 жылдығын, Ата Заңымыздың 20 жылдығын, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық тойын, Абай Құнанбаевтың 170 жылдығын, Шоқан Уалихановтың 180 жылдығын, Ш. Қалдаяқовтың 85 жылдық мерей-тойын тағыда басқа айтулы оқиғаларды Республикалық деңгейде атап өтуде.

2-жүргізуші. Биылғы жылдың айтулы оқиғаларымен баршаларыңызды құттықтап, «Мәңгілік ел» атты шараны Халықаралық қазақ тілі қоғамының вице-президенті Шәріпбаев Орал Тоқтарұлы ның қолдауымен, нұсқауымен өткізіп отырмыз.

Құрметті қауым, өнерді қадір тұтатын халайық! Бүгін №6 гимназияның оқушылары сіздердің алдарыңызда өз өнерлерін көрсетеді. Ендеше, әр ұлт өкілдерінің сіздерге арнап дайындаған «Мәңгілік ел»атты шығармашылық ән кешін тамашалаңыздар.


3. «Ризамын»Турарова Шырын 11 «а»


1-жүргізуші: Қазақстанның осы уақытқа дейін жеткен жетістігі осы мемлекетте тұратын этникааралық келісім мен бейбітшіліктің арқасы. Қазақ даласында осы бейбітшілік пен татулықтың сақталуына Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесі зор. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Төрағалық ететін Ассамблея бүгінде 20 жылдығын атап отыр.


2-жүргізуші: Келесі сөзімізді ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың сөзіменжалғастырсақ. «Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді.Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды». Расында, Елбасымыз айтқандай қазір әр-түрлі ұлт өкілдері «Қазақстан» атты туған елдің туының астында бірігіп өмір сүріп жатыр.


4. «Қазақстан-ортақ үйіміз»әр ұлт өкілдерінен мәнерлеп оқу.Баймагамбетова Адина, Муслимова Аделина 6 «В»,Сарсенбаева Анель5 «А»,Актай Зере 5 «А»,Нигматуллина Алина 5 «Г»

5. «Сәлем саған» «Калакольчик»вокалдық топ

1-жүргізуші: Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІІ сессиясында Елбасы, Қазақстан хал­қы Ассам­блеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев : «Тату елге тыныштық ор­най­ды, бейбіт елде ғана береке бо­ла­ды деген.Біз жүз жылға татитын жиыр­ма жылда ортақ жауапкершілік жолын жүріп өттік, биік белестерді бірге бағындыра білдік.


2-жүргізуші:Бауыры бүтін бірлігімізбен елдікті еселеп, мызғымас мемлекетімізді бекемдей түстік.Мұның бәрі бізге өздігінен оңай келген жоқ. Осы жылдары тату­лықтың тұтқасы, бірліктің бе­сігі болған Ассамблея еліміздің дамуына зор үлесін қосты, қосып та келеді» деген еді.


6. Колотовкина Света 7 «б» «Кең дала»Жүнісова С.Ө


1-жүргізуші:Бүгінгі таңда көп тілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын,әлемдік құпияларына үңіліп,өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.Бұлар:қазақ тілі-мемлекеттік тіл,орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.

2-жүргізуші:.Көптілділік мәселесі-Қазақстан үшін ғана емес,бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі,себебі,жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді қажет етеді.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы»мәдени жобасын кезеңмен іске асыруды қолға алуды ұсынды.Көпұлтты Қазақстан жағдайында «Тілдердің үштұғырлығы»мәдени жобасы қоғамдық өзара келісімді нығайтатын,Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін құруға және дамытуға бағытталғанмаңызды фактор болып табылады.


7 а«Мен қазақтың қызымын» Ихсанова Азиза

7.б «Қазақстан»-(үштілділік)Маратқызы Дана,Кравченко Александра 6 «Г», Керебаева Аружан 6 «А»

Амеренова Алсу, Ғазизова Дильназ - 6 «Б» оқушылары – Ән: «Ізін көрем» .


1- жүрг: Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.

2- жүрг:Құрметті кешке жиылған қауым! Бүгінгі күні қозғалып жатқан тіл мәселеміз, елдігіміз, тәуелсіздігіміз, бірлігіміздің тоқ етер жері «Мәңгілік ел» идеясы болмақ. Осы «Мәңгілік ел» ұғымын салып кеткен бабалар мұрасын биздерге беріп кеткен аманат деп түсінейік. Ал аманатқа қиянат жасауға жол жоқ.


8. «Астана-елімнің жүрегі» .Мирбулатова Аяна


3-бөлім. Қорытынды бөлім.

1-жүргізуші: «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.

2-жүргізуші: Олай болса елдігіміз, тәуелсіздігіміз, қазақ тіліміз мәңгі болсын!


9. №1 (Когуденко Галина Александровна-вокальная группа «Я казах»-13 учащиеся,5 «А»)


1-жүргізуші: «Мәңгілік ел» идеясы мәңгі жасасын деп біз кешімізді аяқтаймыз.

2-жүргізуші: Қатысқандарыңызға көп-көп рахметімізді айта отырып, сөз кезегін Халықаралық қазақ тілі қоғамының вице-президенті Шәріпбаев Орал Тоқтарұлы және №6 гимназияный директоры Ахметова Майра Ғабасқызына береміз.


2 –жүргізуші: Сөз бермес бұрын туған жерге деген сүйіспеншілігімізді білдіре отырып, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ұстаздарымен бірігіп, «Көк тудың желбірегені» әнін барлығымыз тұрып орындайық.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
705
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі