Қазақстанның теңіздері, өзен көлдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстанның теңіздері, өзен көлдері

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Оқушыларға Қазақстандағы көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу. 2.Өзендер мен көлдерге тән ерекшеліктер, олардың маңызы жайында пікір қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жас табиғаттанушы Мектеп : А.Қарсақбаев атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты – жөні : Сейделбекова М.К

Қатысқандар саны :

Күні :04.10.2018 Қатыспағандар саны :

Сынып : 4 «Г»

Сабақ тақырыбы

Қазақстанның теңіздері, өзен – көлдері.

Сабақ мақсаттары

1.Оқушыларға Қазақстандағы көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу.

2.Өзендер мен көлдерге тән ерекшеліктер, олардың маңызы жайында пікір қалыптастыру.

Жетістік критерийлері

1.Оқушыларға Қазақстандағы көлдер мен өзендер туралы әңгімелейді.

2.Өзендер мен көлдерге тән ерекшеліктер, олардың маңызы жайында пікір қалыптастырады.

Құндылықтарды дарыту

Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану сабағымен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Ай мектеп

Алдыңғы білім

Қазақстанның теңіздері, өзен – көлдері туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

5 мин









1.Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Оқушыларды сабақтың мақсаттарымен таныстыру.








Сабақтың ортасы

5 мин









10 мин













5 мин


  1. мин

Интерактивті тақтадан жеке - жеке өзен – көлдердің суреттері көрсетіліп тұрады. Мұғалім жеке –жеке мағлұмат беріп, түсіндіріп отырады.

Каспий теңізі – Каспий дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны. Үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ең терең жері – 1025м. Орташа тереңдігі – 180 м. Қыста солтүстігінің таяз бөлігі қатады. Каспийге 130-дай өзен құяды.

Арал теңізі – Қазақстанның Қызылорда және Ақтөбе облыстары мен Өзбекстан жерінде орналасқан. Теңіз суы жылдан жылға тартылып келеді. Теңіз деңгейі 18 м төмен түсіп кетті.Қазір теңіз екі бөлікке бөлініп қалған.

Балқаш – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Көл Сарыарқа мен Сарыесік құмдарының аралығында орналасқан. Соңғы кезде Балқаш көлінің деңгейі 2м төмендеп кетті. Қазіргі Балқаштың ұзындығы -614км. Ең терең жері-27м.

Алакөл – Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының аралығында орналасқан үлкен көлдердің бірі. Ұзындығы -104км. Ең терең жері 54м. Алакөлдің суы минералды. Тері ауруларына, кейбір аллергиялық ауруларға шипа.










Сабақтың соңы

3 мин

Өзен – көлдер туралы мақал – мәтелдер айтқызу.

1.Бұлаққа бұлақ қосылса – егіз.

Көлге көл қосылса теңіз,

2.Көлдің құты кетсе,

Көкқұтан бір жыл бұрын кетеді.

3.Тау бұлағымен көрікті,

Көл құрағымен көрікті.

4.Өзен жағалаған – өлмес.

5.Өзен – көлге, көл – елге құяды.



Үйге тапсырма : Кітапханадан, ғаламтордан өзендер мен көлдер туралы қосымша мағлұматтар жинастыру.


Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетеді жоспарлайсыз ? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз ?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз ?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сыныпта қабілеті жоғары оқушыларға берілген тапсырмаларды уақытында және дұрыс орындап отыру қажет.

Оқушыларды әр тапсырма сайын "От шашу", "Бас бармақ", "Бағдаршам" тәсілдері арқылы бағалап отырдым.Әр тапсырманы орындаған сайын қандай мақсатқа жеткенімізді сұрап отырдым. Сабақ соңында

« Білім ағашы » кері байланыс жасадым.


Сабақ ортасында оқушылардың денсаулық сақтауына байланысты сергіту сәті орындалды.











Сабақ бойынша рефлексия



04.10.2018ж





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2018
2073
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі