400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстанның топырақ түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінен өтілген ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Страница | 4


Қазақстандағы топырақ түрлері.

Қазақстан аумағының топырақ жамылғысы алуан турлі, құрамы жағынан күрделі болып келеді. Топырақ түрлерінің таралуында жер бедеріне сәйкес зоналық заңдылық айқын байқалады. Жазықтарда топырақтар ендік зоналар түрінде, ал тауларда биіктік белдеулер бойынша таралған. Топырақ жамылғысының қалыптасуъіна жергілікті табиғат жағдайлары күшті ықпал етеді. Сондықтан Қазақстан жеріндегі топырақ түрлері көршілес а умақтардағы топырақтардан едәуір айырмашылық жасайды.

Қазақстан аумағында топырақтың үш типі: қара топырақ (52°с.е. солтүстікке қарай), күрең (каштан) топырақтар (52-48°с.е. аралығында) және қоңыр, сұр қоңыр топырақтар (52-48° с.е.-тен оңтүстікке қарай) таралған.

Қара топырақ республиканың ең солтүстік бөлігінде таралған. Бұл белдем Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көпшілік бөлігін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қ азақстан облыстарының солтүстігін қамтиды. Қара топырақты алаптың жалпы ауданы 25,5 млн. гектар, бұл республика аумағының 9,5%-ын құрайды. Қара топырақ үш түрге бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала зонасының оңтүстігін алып жатыр; кәдімгі қара топырак, пен оңтүстік қара топырағы дала зонасына тән болады. Құнарлылығына қарай топырақтың алғашқы екі түрі гумусты (құрамындағы гумус мөлшері 6-9%), қара түсті болады, ал соңғысында қарашірік мөлшері аз (4-6%). Қара топырақтар республиканың басты астықты өңірі болып табылатын жақсы ылғалданған далалы жазықтарда таралған. Жер бедерінің ойпаңдау жерлерінде сор мен сортандар кездеседі.

Күрең (каштан) топырақтар оңтүстік қара топырақтың оңтүстігіне қарай таралған. Бұл алап Орталық Қ азақстанның басым бөлігін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстанның жазықтарын қамтиды. Топырақтың бұл типі республиканың қуаң далалары мен шөлейттеріне тән. Күрең топырақты алқаптар ауданы 90,6 млн. гектар, бұл республика аумағының 34%-ын құрайды. Күрең топырақтар қуаң даланың куңгірт күрең және күрең топырағына, шөлейттердің ашық күрең топырағына жіктеледі. Күрең топырақтардың құнарлылығы оңтүстікке қарай азаяды. Күңгірт күрең және күрең топырақтардың құрамында гумус мөлшері 4,5-3% болады, ал ашық күрең топырақта гумус өте аз (3-2%). Қуаң даланың күңгірт күрең және күрең топырақтары астық пенімал шаруашылығына жарамды. Ашық күрең т опырақ таралған аумақтарды жайылымдар алып жатыр.

Күрең топырақтардан оңтүстікке қарай шөл зонасының қоңыр және сұр-қоңыр топырақтары таралған. Олар 120 млн. гектар алқапты алып жатыр, бұл республика аумағының 44%-ын құрайды. Олардың құрамында гумус мөлшері 2,0-1,0%, негізінен мал шаруашылығы үшін жарамды. Суарған жағдайда егіншілікті дамытуға болады. Бұл топырақтар шөлдің құмды және тақырлы алаңқайларымен алмасып отырады.

Тақырлар, құмдар

Ш өлдің сұр-қоңыр топырағы тау алды жазықтарында сұр топыраққа ауысады. Таулы топырақтар Қазақстан аумағының 12,5%-ын алып жатыр. Олар таудың географиялық орнына, биіктігі мен жоталарының орналасу бағытына қарай әркелкі тараған.

 

Топырақты қорғау

Топырақ құнарлылығы — оның басты қасиетінің бірі. Қоршаған ортада барлық қолайлы жағдай болғанның өзінде қалыңдығы 18 см ғана болатын құнарлы қабаттың түзілуі үшін 1500 жылдан артық мерзім қажет болады екен. Ал бұл қабат тозып, жойылуы үшін кей жағдайда бірнеше ондаған жылдар жеткілікті болады. Оған ең алдымен топырақ эрозиясы (жел және су эрозиясы) ықпал етеді.

Қазақстанда 70 млн. гектардан астам алқап, ягни ел аумағының 26%-ы эрозияға ұшыраған. Оның 3/4-і жел эрозиясына бейім келеді. Мұны біріншіден, Қазақстанның жазық жөне ашық болып келуімен, екіншіден, күшті желдердің ұдайы соғуымен, үшіншіден, борпылдақ құрылымсыз немесе құмды, құмшауыт жеңіл топырақтардың таралуымен түсіндіріледі. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру барысында эрозияға бейім аудандар да жыртылып тасталды, соның нәтижесінде олар жел эрозиясына ұшырады. Қазақстандағы эрозияға бейім аудандардың 1/4-і су эрозиясынан зардап шеккен. Бұған шамадан тыс суару және нөсер жаңбырлар себепші болады. Бастапқыда ұсақ жыралар пайда болып, суарған сайын олар тереғдеп сайға айналады, топырақтың құнарлы қабаты сумен шайылып кетеді.

Біздің елімізде топырақты зерттеу мен оны қорғау мәселелерімен айналысатын арнайы ғылыми мекеме - Топырақтану институты жұмыс істейді. Институт ғалымдары солтүстік аудандардағы жел эрозиясы мен оңтүстіктегі су эрозиясымен күресу жөнінде нақты ұсыныстар жасайды:

1) агротехникалық шаралар: тік беткейлерде су ағысы бағытына көлденең жырту; қар тоқтату шараларын жүргізу;

2) мелиорациялық шаралар: жыра мен сай, өзен жағаларына ағаштар мен бұталар отырғызу;

3) гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік құрылыстар салу; каналдар түбін су өткізбейтін бетондалған тақталармен қаптау т.б.

Бұл шаралар жүйесі топырақ эрозиясын кемітетіні сөзсіз.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
3622
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі